Елордада жыл басынан бері нөсер кәрізі желісіне рұқсатсыз қосылудың 137 жағдайы анықталды

Қазақстанның әскери дәрігерлері америкалық әріптестерімен медициналық логистика аясында тәжірибе алмасты
2021 жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Elorda Eco System" МКК қызметкерлері нөсер кәрізі желісіне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың рұқсатсыз қосылуын және төгілуін анықтау үшін 5 мыңнан астам құдықты тексерді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінгі күні аталған бұзушылықтар бойынша 137 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 22 адамға жалпы сомасы 1 793 955 теңгеге айыппұл және 115 адамға ескерту түрінде әкімшілік жазалар салынды.
Анықталған заңсыз қосылулар жойылды және жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін табиғат қорғау полициясына берілді.
Нөсер кәріздері желісіндегі рұқсат етілмеген қосулар тұрмыстақ қалдықтар кәрізі желісі салынбаған жеке секторлардың көбінде анықталды. Олар экологияға үлкен зиян келтіреді. Себебі нөсерлі кәріз желілеріне «қалдық сулардың» төгілуі желіге қосымша жүктеме түсіреді, бұл кейіннен нөсерлі ауа-райы жағдайында мегаполистің су басуына әкеледі.
Естеріңізге сала кетейік, нөсер кәрізі желісіне рұқсатсыз қосылу мен төгінділерді анықтау бойынша іс-шаралар жалғасатын болады. Осылайша экологияға зиян келтірудің соңы қала тұрғындарының денсаулығына әсер ететінін ұмытпауы керек.
Айта кету керек биыл 1-24 қыркүйек аралығында "Elorda Eco System" қызметкерлері қаланың барлық ауданында 66 764 текше метр су тартып шығарды, 11 628 тонна тұнып қалған лай шығарылды, 35 798 метр құбыр мен 45 196 метр арық тазартылды, 2 741 жаңбыр қабылдайтын тор тазартылды, 335 люк пен жаңбыр қабылдағыш орнатылды.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»