«Богатырь» көмір разрезі өндіріс қуатын ұлғайтпақ

2022 жылдың үшінші тоқсанында Екібастұз қаласындағы «Богатырь» ірі кен орнында көмір өндіру мен тасымалдаудың жаңа технологиясын іске қосу жоспарлануда. Осыдан кейін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның өндірістік қуаты жылына қазіргі 42 млн.тоннадағы көрсеткіштен 50 млн. тоннаға дейін өспек. Бұл туралы бүгін Екібастұз энергия кешені кәсіпорындарына жасаған жұмыс сапары барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Тютебаев Серік айтып берді. Оның айтуынша, «Богатырь» разрезінде жүзеге асырылатын «Көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясы» жобасы өнімнің сапалық сипаттамаларын да жақсартады, әрі еңбек өнімділігін арттырады, сондай-ақ көмір өндірісінің өзіндік құнын төмендетеді.

Естеріңізге сала кетсек, «Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз көмір бассейнінің екі разрезінде, «Богатырь» және «Северный» нысандарында, көмір ашық тәсілмен өндіріледі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына 42 млн.тонна көмір, оның ішінде «Богатырь» разрезі бойынша - 32 миллион тонна (ЦАТ іске қосылғаннан кейін – 40 млн. тонна), «Северный» разрезі бойынша - 10 миллион тонна.
«Богатырь» разрезінде өндіру технологиясын өзгерту қажеттілігі тау-кен жұмыстарының тереңдігіне жету тәсілдерімен байланысты, яғни көмір тасымалдаудың қазіргі қолданыстағы теміржол схемасы тиімсіз, және де негізгі тау-кен көлігі жабдықтары тозып, жаңартуды талап етіп отыр. Жоба бойынша 2019-2022 жылдар аралығында бірінші және екінші кезектегі екі конвейер желісін салу көзделген.

2019 жылғы тамыздан бастап жобаны іске асыру шеңберінде жерүсті кешені (т/ж ілмектері, кірме автожолдар, көмір тиеу пункттері және т.б.) бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап толассыз ағындық кешен бойынша (разрез ішінде уату-тиеу пункттерін, конвейерлерді, орташаландыру қоймаларын және т.б. салу) жұмыстар жалғасуда.

«Бүгінгі таңда «Богатырь Көмірге» 104 млн. еуроның жабдығы толығымен келді, бұл жалпы жоспарланған көлемнің 98,8% құрайды. Жеткізу кесте бойынша жүргізілуде және 2021 жылы аяқталмақ», - дейді «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары - Қаржы директоры Асылхан Қадырбаев. Көмір өндіруші компания өкілінің айтуынша, теміржол көлігін және тиісті инфрақұрылымды пайдалана отырып, 250 м-ден астам тереңдікте өндіру өндірістік шығындардың көптігін, тиімділіктің төмендігін және қызмет көрсетудің қымбат екендігін айқындап отыр. Көмір өндірудің, ұсақтаудың, орташаландырудың және тасымалдаудың циклдық - ағындық технологиясына көшу арқылы біз осы мәселелердің барлығынан құтылатын боламыз.

Сондай-ақ, компанияда атап өткендей, жоба аясындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде 170 жұмыс орны ашылды, нысан пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпорынның қазіргі қызметкерлерін қайта оқыту жоспарлануда. Жоба бойынша жұмысқа тартылған қызметкерлер саны - 496 адам; оның ішінде I іске қосу кешені бойынша – 288 адам; II іске қосу кешенінде - 208 адам.

«Богатырь Көмір» ЖШС үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 60 пайызы және Қазақстан Республикасында өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 40 пайызы тиесілі. Компания «Самұрық-Энерго» АҚ және ресейлік «РусАл» БК тарапынан тепе-тең негізде басқарылады. Негізгі тұтынушылары - қазақстандық «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, Алматы және Степногорск ЖЭО-лары, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), «СевКазЭнерго» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), «Көкшетаужылу» МКК, «Павлодарэнерго» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС (қ. Теміртау), сондай-ақ ресейлік Рефтинск МАЭС. Кәсіпорында 6,5 мыңға жуық адам еңбек етеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
701 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
17 сентября родились
Серик Тульбасов
владелец компании TS Development
Тимур Жаксылыков
первый вице-министр национальной экономики РК
Яхия Чудров
председатель совета директоров АО «Жайыктеплоэнерго»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить