Қазақстан жаңалықтар
27 августа 2021, 11:17
Елімізден коронавируспен ауырған 27 мыңнан астам науқас стационарда жатыр
Қазақстанда 117 566 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жүр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«26 тамыздағы мәлімет бойынша, 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (–111 242 + және 6 324 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 857 адамның жағдайы ауыр, 516 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter