Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан оралды

Бүгін сағат 12.00-де Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қонды. Әуежайда құтқарушыларды Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффетс,"Қазавиақұтқару" АҚ қызметкерлері және құтқарущылардың туғандары қарсы алды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

ТЖМ жеке құрамы өз алдына қойылған міндеттерді толық орындай алды. Орман алқабында тараған өртпен күресу үшін құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс жүргізді. Жұмыс басталғаннан бері орман өрттерінің ошақтарына барлығы 300 тоннадан астам су 80 рет жіберілді. Тікұшақтар Даламан қаласының маңында жұмыс істеді.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркияға орман өрттерімен күресу үшін Қазақстан ТЖМ күштері үш мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп, Каспий және Қара теңізі, Кавказ таулары арқылы 4500 шақырымды еңсерген.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте