Мектепте ақша жинау фактісі бойынша қайда хабарласуға болады - Қостанай

Қостанай облыстық білім басқармасы білім беру мекемелерінде ақша жинау фактісі болса, сенім телефонына хабарласуды сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомство басшысы Зәуре Байменованың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Жаңа оқу жылы жақындап қалды, мектептер мен балабақшаларда ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақшалай қаражат жинау мәселесі өзекті болып отыр. Тағы атап өтейін, білім басқармасы ешқашан ақша жинамайды және білім бөлімдері мен мектеп директорларына мектеп пен балабақшаның жөндеу жұмыстарына, педагогтарға сыйлыққа, іс-шара өткізуге, жұмысқа қабылдауға ақша жинаңдар деп ешқашан тапсырма бермейді!», - деді білім басқармасының басшысы.

Өкінішке қарай, оның айтуынша, мұндай жағдайлар болған.

«Басқарманың бұйрығымен ақшалай қаражат жинауға тыйым салынады! Сондықтан, ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау, сондай-ақ басқа да жемқорлық фактілері орын алса, 8-7142-37-08-58, 8-708-087-42-01 сенім телефонына хабарласу керек. Сіздердің барлық өтініштеріңіз қаралады, қажетті шаралар қолданылады», - деп атап өтті Зәуре Байменова.

Сондай-ақ, ол білім беру мекемелеріндегі жемқорлық фактісі бойынша әлеуметтік желі арқылы жеке аккаунтты көрсетіп, тікелей оған шағымдана алатынын атап өтті.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте