Астанада үш күнде 45 мекеме карантин талаптарын бұзған

Елорданың мониторингілік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде қаланың кәсіпкерлік нысандарында карантин талаптарының сақталуын тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күн сайын ондаған мекемеде шектеу шаралары бұзылғаны анықталады. Әдетте, олардың саны демалыс күндері тіптен артып кетеді,

Алматы ауданында мониторингілік топтар «Киш Миш» дәмханасында, «ЧБД» түнгі клубында, «Панаехали» және «Сова» барларында карантин режимінің сақталмағанын тіркелді.

Қоғамдық тамақтану орындары үшін белгіленген жұмыс кестесі Есіл ауданында орналасқан «Lavash Food» және «Bobber Bri» жылдам тамақтану нысандарында, сондай-ақ «Pavilion» мейрамханасында сақталмаған. Сонымен қатар, қызметкерлер мен келушілер маска режимін елемегені анықталды.

Сарыарқа ауданында карантин бұзушылар тізіміне «El plaza» мейрамханасы, «Карима» кафесі, «Kega mucic bar» бары енді.

Сондай-ақ, Байқоңыр ауданында орналасқан «Xalva» мейрамханасында шектеу шаралары сақталған жоқ.

Осылайша, 6-8 тамыз аралығындағы үш күнде Нұр-Сұлтанда 45 мекеме карантиндік шектеулерді бұзды.

Еске салайық, демалыс күндері қоғамдық тамақтану нысандарына келушілерді қабылдауға тыйым салынады. Осыған қарамастан, кейбір кафелер мен мейрамханалар есіктерін жауып алып той өткізген.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілген.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, тәулік сайын қалада КВИ жұқтырудың 1200 жағдайы анықталады, ауруханаларға коронавирустың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге дейін адам түседі. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтауы, адам көп жиналатын орындардан аулақ болуы тиіс.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте