Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші нидерландылық Робин Хасемен бірге үшінші айналымда италиялық Симоне Болелли - аргентиналық Максимо Гонсалеспен кездесті.

Италиялық-аргентиналық жұп 6:3, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды.

С.Болелли мен М.Гонсалес 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қазақстандық-нидерландылық жұп 3 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Италиялық-аргентиналық жұп жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Равен Класен - жапониялық Бен Маклаханмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада теннистен Президент кубогы аясында 3 халықаралық турнир өтетінін, Елена Рыбакинаның Уимблдон жарысының ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Осылайша Уимблдон додасында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте