Қор нарығында доллар бағамы арзандады

 Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 29 маусым кешімен салыстырғанда 0,03 теңгеге арзандап, 1 доллар 427, 84 теңге болды.

Ұлттық банктің 30 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 427, 25 теңге, сатып алу – 428, 76 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427, 28 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 428, 42 теңге.

Айта кетейік, кеше АҚШ ақшасы 1,83 теңгеге қымбаттаған болатын.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте