Француз Ривьерасы қазақстандықтар үшін – арман емес, тамаша болмыс

Францияда жылжыматын мүлік сондай-ақ, ауа және су кемелерімен, әртүрлі заңгерлік мәселемен айналысатын Еуропадағы орыстілді ірі брокерлік Cofrance SARL компания басшысы, Қазақстан тумасы Виталий Архангельский Алматыда кенсе ашу себебін және де Қазақстан нарығы неге маңызды екенін айтып берді

Виталий Архангельский.
Виталий Архангельский.

Виталий Дмитриевич, компанияларыңыздың қызметі туралы айтып берсеңіз.

- Cofrance SARL компаниясы, бірінші кезекте кәсіби заңгерлер ұжымы, ал қызмет саласы – брокерлік және ақыл-кеңес беру бойынша қызмет көрсету. Сондықтан, біз негізінен әртүрлі салада жұмыс жасай аламыз. Бүгінгі күні біздің басым бағытымыз – жылжымайтын мүлік, іскерлік авиация және жекеменшік теңіз кемелері. Басты міндетіміз – Франция мен Монакода орыстілді клиенттерге қызмет көрсету, алайда біз бүкіл әлемде жұмыс жасай береміз.

Жақында Алматыда кеңсеміз ашылды. Көптен бері бұл менің арманым еді, өйткені мен осы қалада дүниеге келдім және бұл жерді өте жақсы көрем. Өмірімнің көбісі Ресейде өткенімен, соңғы он жыл Францияда тұрып жатқаныма қарамастан, мен шыққан жерімді естен шығарған емеспін. Енді қазақстандықтар бізбен жұмыс жасағысы келсе, Ницца немесе Мәскеудегі кеңсеге хабарласудың қажеті жоқ. Барлық шаруаны Отанымызда шешуге болады.

Қазақстан тұрғындарына нақты қандай ұсыныс жасай аласыздар? Нендей көмек бересіздер?

- Cofrance SARL компаниясы Франция мен Монакода жылжымайтын мүлік сатып алуға және жалға алуға, жекеменшік авиация қызметін пайдалануға немесе ауа кемесін сатып алуға көмектеседі, яхтаны жалға алу және сатып алу бойынша қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, кез-келген заңгерлік мәселені шешуге себін тигізеді. Біздің тәсіліміздің артықшылығы жан-жақты қолдау көрсету, мәміле жасау үшін әр қадамды сүйемелдеп отыру.

Мысалы, сіз ұшақ сатып алғыңыз келді. Біз ол қандай мақсатта алынатынын, оның түрін таңдауды, несие алуды егер қажет болса (www.dengi.fr) бірге ақылдасып, құжаттарды рәсімдеуге кірісеміз. Әр жаңа кезеңде қажетті салада мамандарды іске тартамыз. Инженерлер мен механиктер ұшақтың ұшу тарихы секілді тағы басқа жағын тексереді. Егер сатып алушы ауа кемесін өз көзімен көргісі келсе, біз оған виза жасап, барып келуін қамтамасыз етеміз: қонақ үй брондап дегендей, бір сөзбен айтқанда, алаңдамайтындай жағдай жасаймыз.

Біздің міндетіміз - сатып алушы 100 пайыз ақпарат алып, майда-шүйденің барлығын жіберіп алмау. Содан кейін сатып-алу ымырасын жасау, сақтандыру құжаттарын рәсімдеп, ауа кемесін сатып алушы еліне жеткіземіз. Бұл кезеңде ол ұшақтың қай жерде орналасатынын, қандай компания оған қызмет көрсетеді, осының барлығын білетін болады. Бұл шаруаны да біз өз мойынымызға аламыз. Ауа кемесіне экипаж жалдап, иесі қажет етсе оны жалға беруге көмектесеміз, пайдалануын бақылап отырамыз, салығын уақытылы төлеу деген секілді, барлық жағынан қамын ойластырамыз. AVIAV TM «Кофранс САРЛ» компаниясы сатып алушыларымен негізгі мәміледен кейін де байланыс жасап отырады, өйткені олар да жаңа серіктес іздегеннен гөрі, барлық мәселені бір жерден шешу тиімді екенін түсінеді.

Сонда өздеріңіз серіктестерді қайдан табасыз?

- Әлемнің түкпір-түкпірінен. Мысалға, біз жеке ұшақ сапарын кез келген жерден брондаймыз. Яхтаны да кез келген елде жалға ала аламыз. Сіз бұл сұрақты неге қойып отырғаңызды түсініп отырмын. Адамдардың көбісі брокерлік компанияның жауапкершілік шегін түсінбейді. Біздің жағдайда серіктестерімізбен қарым-қатынасты толық өз мойынымызға аламыз, одан еш бас тартпаймыз. Біздін сатып алушыларымыз бірінші кезекте Cofrance SARL компаниясымен қызметтес болады. Сондықтан бізге беделі мінсіз болмаса, ондай фирмалармен әрекеттесу тиімді емес. Біздің серіктестеріміз алғаш күннен бастап өздерін тек жақсы жағынан көрсете білгендер. Мұндай компаниялар біздің де, біздің клиенттеріміздің де сеніміне ие. Ынтымақтастығымыз ұзақ жылдарға созылғандықтан (ұшақ, қайықтарға қызмет көрсету, оларды жалға беру және жылжымайтын мүлік нысандарын күзету т.б.), біз серіктестерді өте мұқият таңдаймыз, сенімсіз жағдайлар, күдік болса бірден ондайлардан бас тартамыз.

Мәселен, жақсы сақтандыру компаниясын табу және сақтандыру құжаттарын дұрыс рәсімдеу қаншалықты маңызды екенін білесіз бе? Бұл мәміленің кішкене ғана бір бөлігі деп ойлаймыз, алайда біз мойынымызға орасан зор жауапкершілікті аламыз. Құжаттарды рәсімдеу кезінде сәл ғана жаңсақтық жіберіп алсақ, мүлік бүлінген, болмаса жоғалған жағдайда барлық тәуекелді өзіміз көтереміз. Сол себептен біз сатып алушымызға тиімді жағдай жасайтын, сынақтан өткен сақтандыру компанияларымен әрекеттесуге барамыз, өзімізге де, әрине тек кәсіби заңгерлерді жұмысқа тартамыз.

Қазақстандық клиенттеріңіз туралы айтсаңыз, олар қандай және кімдер?

- Біздің сатып алушыларымыздың көбі – ірі және орта деңгейдегі кәсіпкерлер немесе жоғары дәрежелі басшылар. Арасында танымал тұлғалар, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, лауазымды қызметкерлер кездеседі, әрине. Жекеменшік ұшақты сатып немесе жалға алатын адамдар, уақытын бағалай біледі, олар алыс қашықтыққа дер кезінде жеткісі келеді. Біреуі концерт берсе, басқасы іскерлік келіссөздер өткізеді, жүк тасымалдаумен айналысады, ал кейбіреулері сапарға шыққанда жоғары деңгейдегі ыңғайлылықты қалайды.

Лазур жағажайындағы жылжымайтын мүлікті негізінен тиімді инвестиция ретінде сатып алады. Өйткені, Францияда вилла мен апартаменттер бағасы жылдам болмаса да, күннен күнге өсіп келеді. Сондықтан, бұл ұзақ мерзімді ұтымды қаржы салу. Әсіресе, 10-15 жылдан кейін үйін немесе пәтерін сататындар ұтады. Егер, ол танымал адамдар тұрған үй болса тіптен жақсы, ал бізде ондай үйлердің түр-түрі бар.

Сен-Тропе немесе Канныда пәтеріңіз болса, ол жерде жарты жылға дейін еш кедергісіз тұруға мүмкіндік бар. Клиенттердің көбісі үшін бұл өте маңызды, өйткені Француз Ривьерасында әлемдегі ең жақсы шипажайлар орналасқан, онда әлемнің танымал адамдары демалып, ем алады. Мұнда демалыс өткізудің өзі қандай керемет, кезекті еңбек демалысы болсын, жаңа жылдық мереке, болмаса әйгілі бір шараға қатысу, Канн фестивалі секілді. Дәулетті адамдар мұндайды бағалай біледі.

Басқа уақытта бұл мүлік иесіне табыс әкеледі, салынған ақшаңы біртіндеп қайтарып алуға болады. Бос тұрған кезінде вилла немесе пәтерді жалға беріп, оның тазалығы мен сақтығын бақылап, барлық салығы және коммуналдық төлемдерінің уақытысында төленіп тұруын қамтамасыз етеміз. Яхта мен ұшақ, немесе тікұшақ иелеріне де осындай қызмет көрсетіледі. Бір сөзбен айтқанда, біздің клиенттеріміз, тек қазақстандықтар ғана емес, қаржысын тиімді пайдалануға ұмтылатын іскер адамдар.

Ал Қазақстандағы «орта тапты» қызығатындай, қандай ұсыныс жасай аласыздар?

- Қызықтырғанда қандай, шыны керек, мен дәл осыны көздеп отырмын. Жерлестеріміздің Лазур жағалауына көп келмейтіні өкінішті. Бұл жағдай ақпараттың жетіспеуінен орын алып отыр, деп ойлаймын. Француз Ривьерасында тек ауқатты, «әлемді тіреп тұрған» адамдар демалады деген пікір қалыптасқан. Шынтуайтында, бұл жер басқа да сұранысқа ие жерлер секілді, қарапайым туристерге де арналған. Виллада бөлме жалдау қонақ үйіндегі бөлмеден қымбатқа түспейді, ал кейде бірнеше отбасы үшін үйді жалға алу барлығына қонақ үйден бөлмелерге төлеуден арзан болып жатады.

«Орта тап» арасында тіқұшақ саяхаты, ұшақпен шағын жерлерге бару, қысқа қашықтыққа серуендер, яхтамен ұзақ саяхат, Франция мен Монаконың Лазур жағажайында балық аулау, сол жерде әртүрлі мереке ұйымдастыру жоғары сұранысқа ие. Қазақстан нарығы мен үшін қазіргі күнде басым болу себебі, жергілікті тұрғындар біздің қызметіміздің бүкіл әлемде пайдалануға болатынын біле бермейді. Бізбен ынтымақтастық оларға әлемнің кез-келген жеріне саяхат жасауға, таңдаулы шипажайларда демалуға мүмкіндік береді. Бастысы, осының барлығына жедел түрде және қолайлы бағаға қол жеткізе алады.

Лазур жағалауы және Монако, жекеменшік ұшақтар және яхталар тек ірі банкирлермен әлемге әйгілі адамдар үшін қолжетімді деген қазақстандықтар арасында қалыптасқан пікірді жоққа шығарғымыз келеді. Мұның бәрін әлемде «орта тап» өкілдері баяғыдан бері пайдаланып келеді. Қазақстан да бұл жағынан ешкімнен кем емес болуы тиіс. Кейбір жергілікті кәсіпкерлер іскерлік авиацияның ыңғайлылығы мен артықшылығын, үйлерді жедел және сапалы түрде жалға алуға болатының, жұмыс бабымен және ойын-сауық шаралардың шетелде өткізу қызығын көріп отыр. Бақытымызға орай, олар Француз Ривьерасы қазақстандықтар үшін Зеңгір арман емес, тамаша болмыс екенін түсінеді!

Алайда, менің ойымша, көпшілік үшін бұл жер әлі де «terra incognita” болып тұр, сондықтан олармен қарым-қатынастың болашағы зор. Мен үшін қазақстандықтармен «Кофранс САРЛ» компаниясының ынтымақтастығы, жерлестерімнің заманауи мүмкіндіктер туралы хабардар болып, оны тиімді пайдалану өте маңызды.

Қазақстандықтар үшін Францияға біржола көшіп кету оңай ма? Қазір ауқатты адамдар арасында осындай үрдіс орын алып отыр ма?

- Менің байқағаным, өз елінен кетуге ешбір негізі жоқ адамдар көбірек ынталы. Қазақстанда жетістіктерге қол жеткізіп, абырой мен сый-сыяпатқа ие болған, осында жеке ісін ашып, бизнесін дөңгелетіп отырған адамдар елден кетуге аса ынтасы жоқ. Бір сөзбен айтқанда, Лазур жағажайында үй сатып алу көбісі үшін Францияға біржола көшіп кетуге себеп болып отырған жоқ. Алайда, егер клиентіміз көшуге нақты бел буса немесе осында жылына 90 күннен артық (қәдімгі виза бойынша) уақыт өткізгісі келсе, біз қуана-қуана көмегімізді береміз.

Ең жиі кездесетін жағдай, ол кәсіпкер немесе қоғам қайраткері Францияда мүмкіндіктерін кеңейту жолдарын іздеуі. Кей жағдайда белгілі бір дәрежеге және өмір сүру деңгейіне жеткенде, адам тұған жерінде өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Бәсекелестерінің қызғанышы бар, өсек-аян, аяқтан шалу деген нәрселерге тап болуы мүмкін. Мықты адам ондай жағдайға төзе біледі. Бірақ, алға қадам жасау керектігін сезініп, жәнеде шетелде өмір сүрсе, көп жетістктерге қол жеткізе алатынына сенімді.

«Кофранс САРЛ» компаниясы мұндай клиенттермен ынтымақтастықты мақтан тұтады. Өз кезегінде біз олардың жаңа жерге көшіп келгенде қиналмау үшін барлық жағдайды жасаймыз. Бизнестерін Франция мен Монакода дамытуға немесе дайын бизнесті сатып алуға байланысты кеңес береміз. Ресми түрде азаматтық алу оңай емес, Қазақстан, болмаса басқа елден келсеңде, Ресей болсын, Өзбекістан немесе Украина. Алғашында киындыққа кез-келген адам жолығады. Біз клиенттіміздің алдына қойған мақсатына жету үшін әрбір қадамында қолдау көрсетіп отырамыз. Егер де қазақстандықтардың әлдебіреуіне Франция немесе Монако жайлы болып, екінші отауына айналса, сонымен қатар, өзі шыққан жері жадында жүрсе, ол мен үшін үлкен қуаныш.

Сұхбатты жүргізген Cofrance SARL компания тілшісі 

FЕсли вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
 

Статистика

3223
просмотра
 
 
Загрузка...