Спорттық бағдарламалау дегеніміз не?

31435

Бұл сала жайында, оның тұлғалық және кәсіби дамуына берер артықшылықтары туралы көп адам біле бермейді

ФОТО: ThisIsEngineering / pexels.com

Cпорттық бағдарламалау — Қазақстанда танымалдылығы артып келе жатқан сала. ҚБТУ, ХАТУ, СДУ, Astana IT University және Nazarbayev University сияқты алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында спорттық бағдарламалау бойынша жарыстар мен үйірмелер өткізіледі. Дегенмен, бұл сала жайында, оның тұлғалық және кәсіби дамуына берер артықшылықтары туралы көп адам біле бермейді.

Спорттық бағдарламалау — қызықты жаттығулардан бөлек студенттер мен мектеп оқушылары үшін өздерінің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған бірегей мүмкіндік. Спорттық бағдарламалаудың арқасында олар код жазуды ғана емес, сондай-ақ математикалық және алгоритмдік тұжырымдамалардың терең түсінуін талап ететін күрделі есептерді шығаруды үйрене алады.

Сонымен қатар спорттық бағдарламалау бойынша жарыстарға қатысу коммуникативтік және топта жұмыс істей білу дағдыларын дамытады. Себебі ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін қатысушылар бір-бірін тыңдап, топтағы әр мүшенің пікірін ескеріп, бір келісімге келулері керек.

2004 жылдан бастап мектеп оқушыларын дайындай бастадым. Олар республикалық және халық-аралық олимпиадаларда үздік нәтижелер көрсетті. Көбісі Google, Meta, Amazon, Microsoft, 1Fit және тағы басқа ірі әлемдік компанияларда жұмыс істеп, жолдарын IT-салада жалғастырды. 2011 жы-лы ҚБТУ аясында бағдарламалау алаңын ашуды ұсындық. Сол алаңда әртүрлі деңгейдегі мектеп оқушылары мен студенттер дағдыларын жетілдіре алатын. Осында біз бағдарламалау саласында білім алғысы келетіндерді біріктіре алдық. Бұл олар үшін код әлеміне шолуға, жаңа технологияларды зерттеуге және IT-саласындағы болашақ мансапқа дайындалуға жақсы мүмкіндік еді.

Спорттық бағдарламалау алгоритмдер саласында жақсы негіздің қалануын қамтамасыз етеді, есептерді шешу жылдамдығын арттырады және орындау уақыты мен тұтынылатын жадының көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Компаниялар бағдарламалаудың нақты тілдері мен құралдарын жақсы білетін адамдарды ғана емес, сондай-ақ мәселелердің талдауын жасап, олардың шешімін таба алатын адамдарды іздейді.

Спорттық бағдарламалауға қатысу кодтарды қатесіз жазу, сонымен қатар төтенше жағдайлар мен өнімділікті ескеру дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл мәселелерді конструктивті түрде талқылау және шешімдерін бірігіп табу маңыздылығын талап ететін топта жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Ұжымда және өздігінен жұмыс істей алу — екінің бірінде бола бермейтін әртүрлі дағдылар. Спорттық бағдарламалау бұл дағдыларды дамытуға және басқа қатысушыларды тыңдауға, олардың мықты және осал жақтарын, жеке ерекшеліктерін ескеруге үйретеді.

Айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу үшін спорттық бағдарламалаумен 5–6 сыныптардан бастап айналысу керек деп санаймын. Халықаралық студенттік олимпиадалардың көптеген жеңімпаздары дағдыларын мектеп қабырғасында дамыта бастаған. Тиімді жолдардың бірі — олимпиадаға қатысатын студенттерді оқушыларды даярлайтын әртүрлі мектептерге жіберу. Мысалы, мен өзім 2004 жылдан 2009 жылға дейін 173 мектеп даярладым және де олар машықтанудың арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бұл саланың дамуына көбірек назар аударып, мектеп оқушыларын даярлауға студенттерді тарту керек деп санаймын.

Бүгінде Қазақстанда спорттың осы түрін халық арасында кеңге тарату және жарыстарда олимпиада қатысушыларының нәтижелерін жақсарту мақсатымен Спорттық бағдарламалау федерациясы ашылып жатыр. Көп жылдар бойы осы іспен айналысып келе жатқан энтузиастарға алғыс білдіргім келеді. Осындай адамдардың арқасында елімізде спорттық бағдарламалау одан сайын танымал болады деп ойлаймын.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube