АЭС-ке «yes» дейміз бе?

17413

Елде атом электр станциясын салу мәселесі қоғамды біраз жыл бойы алаңдатып келеді

ФОТО: © Depositphotos/haak78

Президент Тоқаев билікке келгенде АЭС салу туралы шешім халықтың пікірін ескере отырып қабылданады деп уәде берген. Алайда, өткен жылдың соңында елдегі электр қуатының тапшылығына тоқталған президент «АЭС құрылысына қатысты көпшіліктің көңілінен шықпайтын шешімдер қабылдауға тура келеді» деп риторикасын өзгертті.

АЭС салудың қарсыластары көптеген уәж келтіреді. Олар ең алдымен техногендік немесе табиғи факторлардың кесірінен АЭС-та болуы мүмкін апаттан атом энер- гиясы адамдар мен қоршаған ортаға қауіп-қатер төндіруі мүмкін дейді. АЭС құрылысқа, қауіпсіздік жүйе- лері мен пайдаланудан шығаруға, сондай-ақ радиоактивті қалдық- тарды сақтауға кететін шығындардың жоғары болуына байланысты – тиімсіз. Олар Қазақстан күн және жел энергетикасын дамытуға, ал ядролық салада атом энергетикасының орнына қосылған құны жоғары уран өнімдерін өндіруге баса назар аудару керек деп санайды. Қарсы дәлел ретінде олар сондай-ақ Қазақстанда АЭС-ты орналастыру үшін жер мен су ресурстарының жоқтығын, жоға- ры білікті кадрлардың жетіспеу- шілігін, ушығып тұрған сыбайлас жемқорлық қатерлерін алға тартады. Олар Ресей АЭС-ты Қазақстан басшылығына саяси қысым көрсету құралы ретінде пайдаланады деп, «Росатом» корпорациясының жобаға қатысуына үзілді-кесілді қарсылық танытып отыр.

Атом энергетикасын қолдау- шылар АЭС-тың салынуы электр қуатының импортына тәуелділікті азайту арқылы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп сендіреді. Бұл Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауына да ықпал етеді, өйткені АЭС электр энергиясын қоршаған ортаға ең аз шығарындылармен өндіреді. Оның шамамен 80%-ын құрайтын көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының электр энер- гиясын өндірудегі үлесін (70%дан астам) азайтуға көмектеседі. Қолдаушылар табиғи факторларға, соның ішінде ауа райының құбылмалылығына байланысты жаңартылатын энергия көздерін негізгі қуат ретінде пайдалану мүмкін еместігін, тұрақты электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ете алатын АЭС-тың артықшылығын атап өтеді. Олар ұзақ мерзімде АЭС халықты арзан энергиямен қамтамасыз етіп, елдің ғылыми-техникалық прогресіне, соның ішінде қазірдің өзінде АЭС-тарға арналған отын жинақтарын өндіре бастаған ұлттық атом өнеркәсібінің одан әрі дамуына ықпал етеді деп санайды.

Сауалнама нәтижелерін талдасақ, Қазақстан халқының басым бөлігі АЭС құрылысына қарсы. Мұны негізінен Семей полигонындағы ядролық сынақтар мен Чернобыль, Фукусима-1 АЭС-тарындағы апаттарға байланысты радиофобия- ның жоғары болуымен түсіндіруге болады. Биліктің бастамаларына халықтың сенімінің жоқтығы, тиісті мекемелер АЭС-тың апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алатынына сенімсіздігі (әсіресе оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыстарды есепке алсақ) маңызды фактор болып отыр.

Энергияны тұтыну динамикасына қарасақ, таяу жылдары Қазақстанда электр энергиясының өткір тапшылығы басталады. Мәселенің бір бөлігін тозығы жеткен желілер мен жабдықтарды жаңғырту арқылы шешуге болады, бұл электр энергиясын жеткізу мен таратудағы ысыраптарды азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ тез өсіп келе жатқан сұранысты толық қанағаттандыру үшін үкімет әлі де өндіруші қуатты арттыруы керек. Егер таңдау АЭС салу пайдасына жасалса, онда мемлекеттің мердігерді таңдау туралы шешімі сыртқы қысымның нәтижесі емес, ұлттық мүдде басымдығы мен экономикалық прагматизм қағидасына негізделуі тиіс. Болашақ атом электр станциясының ең ықтимал мердігері «Росатом» болып табылады, бірақ ресейлік тараптың Украинаның ядролық нысандарына қатысты әрекеті АЭС-ын бопсалау құралы ретінде пайдалану ықтималдығынан қоғамның қауіптенуі негізсіз емес екенін көрсетті. Екінші жағынан алғанда, жанжақты санкциялар жағдайында атом энергетикасын дамытудағы Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың тоқтап қалуы немесе мүлдем шектелуі әбден мүмкін.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить