50 Қазақстандағы ең дәулетті бизнесмендер

   Рейтинги и ренкинги
171573

Forbes Қазақстандық тізіміндегі қатысушылардың көпшілігі баи түсті

Владимир Ким мен Болат Өтемұратовты есептемегенде, қазақстандық миллиардерлер өткен жылы капиталын көбейтті, бірақ олардың жиынтық дәулеті $1,4 млрд-қа азайды. Бұл осы жолы тізімде Михаил Ломтадзенің (2022 жылғы рейтингте №5) жоқ болуымен байланысты. Америкалық Forbes-тағы әріптестеріміз оны Грузиямен байланыстыруды жөн көрді, миллиардердің бизнесі Қазақстанда құрылып, осы жерде орналасқан деген аргументтеріміз оларды көндіре алмады. Яғни тізімнен кем дегенде $3,8 млрд кетті. Осы арқылы қазақстандық миллиардерлердің ортақ дәулеті биыл $23,9 млрд құрады (2022 жылы $25,3 млрд болған еді). 2012 жылы Қазақстанның ең дәулетті бизнесмендерінің рейтингі алғаш жарияланғанда бүкіл топ‑50 «салмағы» осындай болатын.

Басқаларына қарағанда өз дәулетін Тимур Турлов көбірек көбейте алды, ол былтыр ресейлік азаматтығын қазақстандыққа ауыстырған еді (оның сөзінше, ҚР азаматтығын алуға Украинадағы соғыс басталмай жатып өтініш берген). Оның дәулеті $900 млн-ға өсіп, $2,2 млрд-тан $3,1 млрд-қа жетіп, иесін рейтингтегі жетінші орыннан бесінші орынға бір шығарды. Турлов өткен жылғы рейтинг жарияланғаннан кейін, жыл бойы M&A мәмілелерінің белсенді қатысушысы болды, ішкі және сыртқы нарықтарда сатып және сатып алып жатты (бұл туралы толығырақ «Дәулеттілердің кәсібі» қосымша айдарында).

Тимур мен Динара Құлыбаевтардың әрқайсысы бір жылда дәулетін $400 млн-ға көбейтті. Соңғы жылдары, шамамен 2018–2019 жылдардан бастап Құлыбаевтардың бизнес-­империясында соңғы он жылдықтарда болмаған бір үрдіс байқалады. Оған кіретін қазақстандық компаниялары сатылып, ал өздерінде қалғандарындағы үлестері азайып жатыр.

Kaspi тобының қазақстандық иесі Вячеслав Ким де бір жылда дәулетін $400 млн-ға көбейтіп алды.

Топ‑50 барлығының жиынтық дәулетінің статистикасы да бағана аталған себеп үшін — қазақстандық тізімнен Михаил Ломтадзенің шығуына байланысты теріс динамика көрсетті. Өткен жылғы $38,7 млрд-тан $38,4 млрд-қа азайды. Егер тізімді миллиардерлерді ескермей қарастыратын болсақ, оның басқа қатысушыларының жиынтық дәулеті $13,4 млрд-тан $14,5 млрд-қа артты. Бұл жерде де көпшілік қатысушылар капиталын ұлғайта алды. Тек Кеңес Рақышевтің дәулеті азайғаны байқалады, бизнесмен жыл бойы қазақстандық активтердегі үлестерін азайтып отырды, ал оның БТА Банкі ресейлік активтерінің бір бөлігін сатып, шығындарды тіркеді (толығырақ осыған дейін аталған қосымша айдарда оқыңыз).

Осы жылы рейтингте тек бір ғана жаңа қатысушы — Orbis Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов. Orbis тобы автотрейдинг, мұнай сервисі, ауыл шаруашылығы, коммерциялық девелопмент салаларында жиырма жылдан астам жұмыс істейді. Өткен жылы Астанада оңтүстік кореялық KIA брендінің коммерциялық және арнайы техникасының ұсақ түйіндік құрастыру зауытын салды.

Рейтинг аясында біз қатысушылардан дәстүрлі түрде анонимдік сауалнама жүргіздік. Қазақстанның ірі бизнесмендері криптонарық пен криптовалютаға қатысты пікірін айтып, орта мерзімді перспективада қандай елдер мен экономика салаларын барынша тартымды деп есептейтіндігін бөлісті. Құбылмалы әлемде Қазақстанның стратегиялық одақтастары ретінде кімді көретінін айтып, бизнесі үшін бүгін қандай тәуекелдерді елеулі әрі қауіпті санайтынын атап өтті. Респонденттердің басым көпшілігі (67%) үкіметтің әлсіздігін, құзырсыздығын, болжап болуға келмейтіндігін және батылсыздығын ең басты қауіп-­қатер деп санайды. Екінші орында — инфляция (57%), үшінші орында — Ресей мен Украина соғысынан туындап отырған белгісіздік.

Әдістеме

Рейтингке қатысушылар иелігіндегі активтердің жиынтық құны бойынша бағаланды. Компанияларды бағалау «мынаған қарағанда кем емес» консервативтік қағидаты бойынша жүргізілді. Аудиттелген қаржылық есептерін жарияламайтын компаниялардың құнынан 10% шегерілді. Лоң-тізімге барлығы 68 бизнесмен енді, шорт-тізімге жоғарғы 50 адам таңдап алынды.

Экономикалық секторларға байланысты компаниялар:

  • нарықтық капитализациясы;
  • меншік капиталы;
  • дисконтталған ақша ағымы (discounted cash flow);
  • қосу/қосылу мәмілелері немесе компанияның нарықтық капитализациясының таза кіріс немесе табысына қатынасын білдіретін P/E немесе P/S коэффициенттерін пайдалану бойынша;
  • EV/EBITDA мультипликаторы бойынша бағаланды.

Рейтингке арналған бастапқы деректер жария дереккөздерден және рейтингке қатысушылар ұсынған қаржылық ақпараттан құралды. Алынған баға дөңгелектелді.

Рейтингке қатысушылар дәулетінің мөлшері – көрсетілген тұлғалардың меншігіне иелік ету көлемін сарапшылық және журнаслистік бағалау ғана және ресми ақпарат ретінде пайдаланылуы мүмкін емес.
Қатысушылардың 2023 жылғы 1 мамырдағы жасы көрсетілген.

Forbes Kazakhstan-ның зерттеу тобына Grant Thornton аудиторлық-консалтингтік компаниялардың бағалау бөлімшелері көмек көрсетті.

   1. Владимир Ким

$ 4 600 000 000
Металдар, қаржы / 62

Владимир Кимнің дәулеті бір жыл ішінде $400 миллионға азайып, $4,6 миллиардты құрады. Бұл оның 2023 жылғы 17 сәуірдегі жағдай бойынша Forbes-тың жаһандық real-time-рейтингінде 591 орынға ие болуына мүмкіндік берді. KAZ Minerals-тың 2022 жылғы төртінші маусымдағы өндірістік есебіне сәйкес компанияның мыс өндірісі 2021 жылға (298,7 мың тонна) қарағанда өткен жылы 27%-ға өскен және 379,7 мың тоннаға жеткен. Мұндай өсімге жетудің негізгі себептерінің бірі Ақтоғайдағы кен орнының көрсеткіштері: бір жыл бұрынғы 138,4 мың тоннаға қарағанда 64%-ға өсіп, 227,5 мың тоннаны құрады.

Бизнесменнің екінші ең ірі активі — «Қазақмыс» тобы өткен жылғы тоғыз айда 395,4 мың тонна мыс өндірген, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңде өндірілген 352,7 мың тоннаға қарағанда 12,1%-ға көп. Владимир Ким KAZ Minerals Ltd-ның 63,5%-на, «Kazakhmys Copper» АҚ-ның (құрамына «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кіреді) 70%-на, «Банк RBK» АҚ-ның 89,71%-на ие.


   2. Тимур Құлыбаев

$ 4 300 000 000
Әртарапты бизнес / 56

2023 жылғы 17 сәуірдегі жағдай бойынша Тимур Құлыбаев $4,3 млрд көрсеткішімен Forbes миллиардерлерінің real-time-тізімінде 636‑орында тұр. Бір жыл ішінде оның дәулеті $400 млн өсті.

Құлыбаев — «Кипрос» ЖШС-ның негізгі иесі. Компания арқылы ол «Emdeu Group» ЖШС, «Joint Technologies» ЖШС, «PetroRetail» ЖШС, Viled Group, ҚТЖ-ға қызмет көрсететін «Қамқор Менеджмент» тобындағы үлестерін басқарады. «Кипрос» ЖШС құрылымына сонымен қатар әскери ұшақтарды жөндеуге мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын басты компания «Қазақстандық авиация индустриясы» ЖШС кіреді. Бизнесмен сондай-ақ, қазақстандық авиакомпания «Prime Aviation» АҚ-ның 100%-на ие. «Joint Resources» АҚ жеке дара басқарады, оның құрамына «Кристалл Менеджмент» АҚ-ның 51%-ы, «Каспий мұнай» АҚ-ның 100%-ы, «Шұбаркөл Премиум» АҚ-ның 67%-ы және басқа компаниялар кіреді.

Бұдан басқа Құлыбаев Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент пен Дубайдағы жалпы ауданы 950 мың ш. кв. асатын коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысатын «Mercury Properties» ЖШС-нің бақылаушы үлесіне ие.

Жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге «Фирма «Алмэкс Плюс» ЖШС және «Алмэкс» холдинг тобы» АҚ-на ие, соңғысы арқылы олар Halyk Bank-тың 69,52% бақылайды.


   2. Динара Құлыбаева

$ 4 300 000 000
Әртарапты бизнес/ 55

Бір жыл ішінде Динара Құлыбаеваның қаржылық жағдайы $400 млн-ға ұлғайып, $4,3 млрд құрады. 2023 жылғы 17 сәуірдегі жағдай бойынша Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time-рейтингінде ол 636‑орында тұр. Бір жыл ішінде Лондон қор биржасында (LSE) Halyk Bank («Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ) жаһандық депозиттік қолхаттарының құны (GDR) 2022 жылғы 14 сәуірдегі 10,34 доллардан 2023 жылғы 14 сәуірде 12,16 долларға өсті. Бұл ретте, бір қолхаттың құны 40 қарапайым акцияға тең. Банктің нарықтық капитализациясы $3,3 млрд құрады.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Халық банкінің активтері 13,47 трлн теңгені, меншік капиталы — 2 трлн теңгені, өтеу мерзімі 90 күннен асқан кредиттер үлесі — 1,93%-ды құрады. Өткен жылы банк қарапайым акцияларға 138,34 млрд теңге дивиденттер төледі (2021 жылы — 210,78 млрд).

2022 жылдың соңында Қазақстан Халық банкі Қырғызстан, Өзбекстан мен Грузиядағы филиалдарын қалдырып, Ресей мен Тәжікстандағы еншілес банктерін сатты. Банк бұрынғыдай Қазақстандағы Altyn Bank-тің 40% үлесіне ие, қалған үлестер China Citic Bank Corporation Ltd. (50,1%) мен China Shuangwei Investment Co. Ltd. (9,9%) компанияларына тиесілі.


   4. Вячеслав Ким

$ 3 600 000 000
Әртарапты бизнес/ 53

Бір жыл ішінде Вячеслав Кимнің дәулеті $400 млн өсіп, $3,6 млрд құрады. 2023 жылғы 17 сәуірдегі жағдай бойынша Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time-рейтингінде Вячеслав Ким 787‑орында тұр.

Кәсіпкердің дәулетінің негізгі бөлігін Kaspi құрайды, оның жаһандық депозиттік қолхаттары (GDR) Лондон қор биржасында (LSE) сатылады. Бір қолхаттың құны бір акцияға тең. Өткен жылмен салыстырғанда акциялар құны айтарлықтай өзгермеген — 2022 жылғы 14 сәуірдегі 69,7 доллардан 2023 жылғы 14 сәуірде 71,2 долларға өскен. Дегенмен, осы кезеңде акциялар құнының ең төменгі шегі 2022 жылғы 14 шілдеде $40,8 түскен, ал ең жоғары құны 2023 жылғы 17 ақпанда $83,8 тең болған.

KASE деректеріне сәйкес 2022 жылғы төртінші маусымда бизнесменнің иелігіндегі акциялар саны 1 942 836 данаға азайған. Лондон қор биржасына компания жолдаған хабарландыруға сәйкес, осы акциялардың барлық көлемін Кимнің серіктесі — Михаил Ломтадзе сатып алған. Бір акцияның құны $69,1 құраған. Осылайша, акциялар пакетін сатудан ол $134,25 млн табыс тапты.

Вячеслав Ким — Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша компанияның 23,39% бақылайды. Kaspi.kz жалпы капитализациясы $13,74 млрд құрайды.

Өткен жылы Kaspi тауарларды жеткізу қызметі бар онлайн сатып алу бойынша Magnum-мен бірлескен компанияда үлесін ұлғайтты. Мәміледен кейін Kaspi үлесі 90%-ды, Magnum — 10%-ды құрады. 2022 жылғы есептегі Kaspi мәлімдемесіне сәйкес, аталған компанияға үш жыл бойы жыл сайын 20–25 млрд теңге инвестиция салу жоспарланған. Сервистің жылдық қаражат айналымы 19,4 млрд теңгені құраған, 1,5 миллионнан астам тапсырыс орындалған, орташа чек $25 құраған.

Travel сервисінде 2022 жылы 11 млн авиа және теміржол билеті сатылған. Соның арқасында сервис Қазақстандағы көшбасшы орынға шықты. 2022 жылғы GMV көрсеткіші (алаңда сатылған тауарлардың жиынтық құны) 231 млрд теңгеге жетті. Көктемде көрсетілетін қызметтер халықаралық туристік жолдамаларды сатып алу мүмкіндігі есебінен кеңейтілді.

Биснесмен бұрынғыдай «Алсеко» АҚ-ның 90%-на ие, компания арқылы «Астана-­ЕРЦ» ЖШС-де үлесі бар. Бұдан басқа «ELTOP Soft» ЖШС және «ПОЗИТИВ Инвест» ЖШС-де үлестері бар.


   5. Тимур Турлов

$3 100 000 000
Финтех/ 35

Тимур Турловтың қаржылық жағдайы бір жыл ішінде $900 млн ұлғайды. Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time-рейтингінде ол 2023 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша 949‑орында тұр.

Бизнесмен — АҚШ-та тіркелген Freedom Holding Corp. (FRHC) қаржы-­инвестициялық тобының негізін қалаушы және мажоритарлық иесі (71,08%). Топ Қазақстанда еншілес құрылымы «Фридом Финанс» АҚ арқылы жұмыс істейді. Сонымен қатар холдинг операциялық қызметін Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Германияда және Кипрда жүргізеді. Бір жыл ішінде FRHC акцияларының құны 32,5%-ға — 2022 жылғы 19 сәуірдегі 53,46 доллардан 2023 жылғы 18 сәуірдегі 70,87 долларға дейін өсті.

2023 жылғы наурызда топтың Ресейдегі бөлімшесін сату бойынша мәміле аяқталды. Мәмілені РФ реттеуші органы ақпанда мақұлдаған болатын. «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясы мен Фридом Финанс банкі толығымен бөлімшенің топ-менеджментіне $140 млн сатылды. Осылайша, топ толықтай Ресей нарығынан кетті.

Сонымен қатар миллиардер смартфондар мен олардың аксессуарларын бөлшек саудада сатумен айналысатын Freedom Mobile World дүкендер желісіне және автомобилистерге арналған сервис қызметтері бар Freedom Drive онлайн-­дүкеніне ие.

Бұдан басқа ол «БАСТ» АҚ-ның 78,99%-на, Chocofamily Holding, Arbuz Group, Naimi.kz, Relog, Cerebra, Citix, EasyTap компанияларындағы үлестерге ие.

Турлов — Freedom Holding Corp. басқармасының төрағасы, «Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Aqniet Group бақылау кеңесінің мүшесі, «Kcell» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Freedom Finance Insurance және Freedom Finance Life директорлар кеңесінің төрағасы.


   6. Болат Өтемұратов

$ 2 700 000 000
Әртарапты бизнес/ 65

Болат Өтемұратов 2023 жылғы 17 сәуірдегі жағдай бойынша Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time-рейтингінде 1104‑орында тұр, қаржылық жағдайы бір жыл бұрынғыға қарағанда $100 млн аз.

Ол «ForteBank» АҚ-ның 81,82%-на ие, тағы 7,5%-ы ұлы Алидарға тиесілі. 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктің активтері 2,9 трлн теңгені, меншік капиталы — 344 млрд теңгені құрады. Өтелу мерзімі 90 күннен асқан кредиттер үлесі — 5%. Бұл ретте банктің 2022 жылғы таза табысы 65,38 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 9,5%-ға көп (59,71 млрд теңге).

Бизнесменге «КаР-Тел» ЖШС-ның 25% («Билайнның» Қазақстандағы байланыс операторы), алтын өндіруші RG Gold компаниясының 65%, Астана, Вена мен Мәскеудегі Ritz-­Carlton отельдері, Ақмола облысындағы Rixos Borovoe отелі, Қазақстандағы Burger King фастфудының франшизасы, Global Development девелопер компаниясы, Қарағандыдағы «Сары-­Арқа» әуежайындағы үлес, Informburo.kz ақпараттық-­сараптамалық интернет-­порталы, «31 канал» ТРК-нің 80%-ы, Video International Kazakhstan медиажарнама нарығындағы оператордың 50%-ы тиесілі.

Өтемұратов «Media Management Systems» ЖШС, «Direct Technology Company» ЖШС, «Нархоз университеті (Narxoz University)» КЕАҚ тікелей иелік етеді. Сонымен қатар оған Болат Өтемұратовтың жеке қоры (бұрынғы «Асыл Мирас» Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры) тиесілі. Қор арқылы ол «Haileybury Astana School» КЕАҚ 61,99% және «Haileybury Almaty» КЕАҚ 32,65% бақылайды.


   7. Ибрагимовтар отбасы

$1 320 000 000
Әртарапты бизнес

Мукадасхан Ибрагимова және төрт ұлы (Достан, Даврон, Шухрат және Фурхат) Eurasian Resources Group-тың 20,7%-на (басқа акционерлері: ҚР үкіметі — 40%, Александр Машкевич — 20,7%, Патох Шодиев — 18,6%) иелік етеді. Ибрагимовтар отбасының ERG тобындағы өкілі 37 жасар Шухрат Ибрагимов, ол директорлар кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ (Еуразиялық банк және «Еуразия» сақтандыру компаниясы») директорлар кеңесінің мүшесі. Бизнесмен — Түркиямен іскери байланыстарды жақсарту үшін ұйымдастырылған халықаралық қауымдастық — YABİAD шетелдік инвесторлар мен бизнесмендер одағының вице-президенті. Asian World Film Festival ұйымдастырушысы.

Ибрагимовтар «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ, «Еуразиялық өнеркәсіптік компания» АҚ және «Еуразиялық өндірістік компания» АҚ-ның 33% бақылайды.

Қазақстанда ағайынды Ибрагимовтардың меншік кәсіпорындары («Eurasian Space Ventures» ЖШС, «Laggar group» ЖШС), сонымен қатар бірлескен активтері де («СТК Sokol» ЖШС) бар.


   8. Сәрсеновтар отбасы

$950 000 000
Әртарапты бизнес

Сәрсеновтар отбасына «Нұрбанк» АҚ, «Виктория» сақтандыру компаниясы, Helios жанармай құю бекеттері желісі, Ақтаудағы Caspian Riviera отелі, «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС, Vita су өндіру және сату компаниясы, «Француз үйі», Beautymania, «Планета красоты» және Imperial Home сауда желілері тиесілі.

Сонымен қатар отбасына «Көкше-Цемент» өндіріс бірлестігі» ЖШС, «Кастинг» ЖШС (металургия өндірісі), «AltynEx Company» АҚ (алтын өндіру), «Oil Real Estate» ЖШС (жылжымайтын мүлікті басқару), «Мұнайхимия LTD компаниясы» ЖШС (полипропилен өндірісі), «Shahar телерадиокомпаниясы» ЖШС, NP.kz сайты, Caspian University университеті, «Әділет» колледжі мен Алматы құрылыс және менеджмент колледжі тиесілі.


   9. Нұрлан Смағұлов

$810 000 000
Авторетейл, машина жасау, девелопмент/ 57

Нұрлан Смағұлов – Astana Group негізін қалаушы, оған «Астана Моторс» (16 әлемдік автомобиль бренді, Алматыдағы Hyundai жеңіл және коммерциялық техникасын шығаратын екі зауыт), MEGA СОСО желісі (Алматыдағы MEGA Alma-Ata және MEGA Park, Астанадағы MEGA Silk Way) компаниялары және MyCar жобасы кіреді.

2021 жылы бизнесмен MyVentures венчурлық қорын ашты. Қор e-commerce, медициналық технологиялар, қаржы технологиялары, жасанды интеллект және т.б. бағыттардағы қазақстандық және шетелдік стартаптарға бағытталған. 2022 жылы тамызда Almaty Museum of Arts жеке заманауи өнер музейінің құрылысы басталды.


   10. Беловичтер отбасы

$790 000 000
Құрылыс, девелопмент

Александр Белович ұлы Павелмен бірге иелік ететін Bazis-A құрылыс корпорациясының басқарма төрағасы. Павел Белович – болат конструкцияларды өндіретін «ComInvestGroup» ЖШС, «Тамилан компаниясы» ЖШС және «Инвестиционно-производственная компания» ЖШС-ның иесі.


   11. Эдуард Огай

$750 000 000
Металдар/ 53

Эдуард Огай – құрамына «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кіретін «Кazakhmys Copper» АҚ-ның 30%-на ие. АХҚО-да тіркелген Kazakhmys Holding Limited жеке компаниясында үлесі бар, сонымен қатар екі баласымен бірге «Қаражыра» АҚ-ның 70% басқарады.

Бизнесмен «Вираж Сервис Караганда» ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы. «Kazakhmys Copper» ОҚ және «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.


   12. Айдын Рақымбаев

$620 000 000
Құрылыс / 50

Айдын Рақымбаев – BI Group холдингінің мажоритарлық акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. 2022 жылғы тамызда BI Group жыл сайынғы ENR Top-250 Global Constractors әлемдегі ең ірі құрылыс компанияларының рейтингінде 194 орынға ие болды.

Жылдың басында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және Тимур Турловқа тиесілі (рейтингте №5) Фридом Финанс Банкпен бірге BI Group блокчейн технологиясына негізделген жаңа өнімді ұсынды. Ол қазақстандықтардың тұрғын үйді онлайн режимде сатып алуына мүмкіндік береді.


   13. Олег Новачук

$615 000 000
Металдар/ 52

Олег Новачукқа Nova Resources B.V. арқылы KAZ Minerals Ltd (бұрынғы KAZ Minerals Plc) компаниясының 36,5% тиесілі. KAZ Minerals Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы. Владимир Киммен бірге (рейтингіде №1) Trianon Limited жеке компаниясына ие, және одан бөлек АХҚО-да тіркелген Finaccord Limited компаниясына иелік етеді.


   14. Дариға Назарбаева

$590 000 000
Әртарапты бизнес/ 59

Дариға Назарбаева «Холдинговая компания DLS Group» ЖШС иесі. Компания арқылы «Регион-Медиа» ЖШС, «Дала телефабрикасы» ЖШС, «Инишиатив Медиа Казахстан» ЖШС мен «A-Service Management» ЖШС-де (Астанадағы төрт жұлдызды «Думан» отелі) үлестері бар.

Сонымен қатар ұлы Нұрәлі Әлиевпен (рейтингте №29) бірге «Европа плюс Казахстан» ЖШС-не ие. Сол арқылы «Телерадиокомпания Радиосити» ЖШС (Radio City радиостанциясы) және «Независимый Телевизионный Канал» (НТК телеарнасы) ЖШС-де үлестері бар. 


   15. Кеңес Рақышев

$570 000 000
Әртарапты бизнес/ 43

Кеңес Рақышев «Fincraft Group» ЖШС-ның жалғыз иесі. Компания арқылы «Fincraft Resources» АҚ-ның (бұрынғы SAT & Company) 78,39%-на және «БТА Банк» АҚ-на ие. Қазақстаннан басқа топ АҚШ, Украина, Румыния Беларусь, Ресейде, Кипрде және Мэн аралында қызмет етеді.

Бизнесмен – «Fincraft Resources» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің құрылтайшысы.


   16. Дінмұхамет Ыдырысов

$490 000 000
Әртарапты бизнес/ 58

Дінмұхамет Ыдырысов Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында қызмет ететін «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниясына иелік етеді. Ұлымен бірге «Ordabasy Group» ЖШС-ның құрылтайшысы. Компанияның құрамына «Учебно-научный комплекс опытно-промышленного производства аквакультуры» ЖШС (бекіре тұқымдас балықтар өсіру, қара уылдырық пен тауарлық бекіре өндіру кешені) кіреді. Бизнесмен – «MAN Group» ЖШС арқылы «Белогорское» ЖШС-ның (ШҚО-да никель кен орнын барлау) мажоритарлық иесі.

Сонымен қатар Ыдырысов «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ, «Kundybai Mining» АҚ, «Үшқұю» АҚ, «Триасмұнайгаз» ЖШС және «Горнорудная компания «Керегетас» ЖШС-да үлестері бар.

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы.


   17. Владимир Джуманбаев

$440 000 000
Металдар/ 49

Владимир Джуманбаев «Ronson-2000» ЖШС мен «VertexHolding» ЖШС иелік етеді. Компания арқылы «Goldstone Minerals» АҚ-дағы мажоритарлық үлесті басқарады және «Kaz Green Energy» ЖШС және «Юнитайр» ЖШС үлестері бар. Сонымен қатар оған Gouden Reserves B.V. (60%) бірге «Алтыналмас» АҚ акцияларының 20% тиесілі. Бұрын Gouden Reserves B.V. компаниясының түпкілікті бенефициары РФ азаматы Анастасия Березина деп көрсетілсе, қазір «Family Trust» АҚ көрсетілген. «Бенкала» тау-кен компаниясы» АҚ акцияларының 30%-на ие, қалған 70% Amros Group B.V. тиесілі. Соңғысының түпкілікті бенефициары бұрын РФ азаматы Наталья Смирнова деп көрсетілген болатын. Бұдан басқа Джуманбаев Ерлан Нығматуллинмен (10%) және Эдуард Огайдың отбасымен (рейтингте №11, 70%) «Қаражыра» АҚ-ның 20% бақылайды.

«Алтыналмас АК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Kazakhmys Holding» ЖШС отын-энергетикалық кешенін басқару жөніндегі директоры.


   18. Ғалымжан Есенов

$435 000 000
Қаржы/ 41

Ғалымжан Есенов активтері бойынша елімізде алтыншы орында тұрған «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның 20,11%-на ие.

2021 жылғы мамырға дейін ол Жамбыл облысындағыфосфор кенін және минералды тыңайтқыштарды өндіретін «Қазфосфат» ЖШС-ның жалғыз меншік иесі болатын. Аудиттелген есепке сәйкес 2020 жыл ішінде компания 22,55 млрд теңгеден астам мөлшерде (сол жылғы орташа бағам бойынша $53 млн астам), 2019 жылы – 68 млрд теңге (сәйкесінше $177,9 млн) дивидендтер төлеген. 2019 жылы компания дивидендтер төлеу мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан жеті жыл мерзімге $142,5 млн мөлшерінде кредит алды.


   19. Сергей Кан

$418 000 000
Әртарапты бизнес/ 55

Сергей Кан серіктесі Александр Клебановпен (рейтингте №20) бірге «ОАОЭК» АҚ-ның 50%-на және «ОАЭК» АҚ-ның 47,1%-на ие. Сонымен қатар оған «Circle Maritime Invest» АҚ кеме қатынасы компаниясының 50% (екінші жартысы Александр Клебановтың ұлы Яковқа) тиесілі. Тікелей және «Circle Maritime Invest» АҚ арқылы Rixos Almaty отелінде және «Теңіз Star» ЖШС-де үлестері бар.

2023 жылғы ақпанда «ОАЭК» АҚ есеп айырысуларды жүйелеумен және коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді жинаумен айналысатын «Астана-ЕРЦ» ЖШС акцияларының 42,25% иеленуін тоқтатты. Қазір бұл компания «Алсеко» АҚ меншігінде, оның 90%-ы Вячеслав Кимге (рейтингте №4) және «Caspian Five Group» ЖШС тиесілі.


   20. Александр Клебанов

$398 000 000
Әртарапты бизнес/ 60

Александр Клебанов Сергей Канмен (рейтингте №19) бірге әрқайсысы «ОАЭК» АҚ 47,1%-на және «ОАОЭК» АҚ 50%-на иелік етеді. ОАЭК арқылы бизнесмен «Павлодарэнерго» АҚ және «СевКазЭнерго» АҚ бақылайды.

Ұлы Яков Клебанов, Сергей Канмен бірге «Circle Maritime Invest» АҚ кеме қатынасы компаниясының 50%-на, «Astana Aviation Services» ЖШС, «Теңіз Star» ЖШС, «Global Advisers» ЖШС, SAVAbit Limited үлестерге ие. Сонымен қатар Яков Клебанов Degevol UK Ltd 49%-на ие, компанияның 51% ресейлік миллиардер Василий Анисимовқа тиесілі. Бұл компания Қазақстанда уран мен молибден өндіретін «Степногорск тау-кен химия комбинаты» АҚ-ның 100%-ын бақылайды.


   21. Бақытбек Байсейітов

$392 000 000
Банктер, инвестициялар, мұнай сервисі/ 64

Бақытбек Байсейітов «Банк ЦентрКредит» АҚ дауыс беруші акцияларының 48,47%-на ие. Банк 2022 жылы сәуірде Альфа-Банк Казахстан еншілес банкінің 100% қарапайым акцияларын сатып алды. Бизнесменге сондай-ақ «Oil Gas Project» ЖШС-ның 100% тиесілі, оған «BRB Invest» ЖШС және «Orient Invest Group» АҚ-ның 100% кіреді.

«ЦентрКредит Банк» АҚ директорлар кеңесінің және бақылау кеңесінің төрағасы.


   22. Фаррух Махмудов

$385 000 000
Әртарапты бизнес/ 47

Фаррух Махмудов – Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы. Топ портфеліне Orbis Auto дилер желісі кіреді, оның ҚР 12 қаласында 33 авто-орталығы бар және 11 автомобиль брендін ұсынады.

Бұдан басқа топқа «Ақсайгазсервис» АҚ, «Автодом» ЖШС (автокөліктің операциялық лизингі саласындағы қызметтер), Orbis Agro (дәнді дақылдар трейдингі мен жылыжай шаруашылықтары), Orbis Development (Almaty қонақүйін басқарады) кіреді.


   23. Сейітжановтар отбасы

$360 000 000
Әртарапты бизнес

Негізгі активі «Оңтүстік» ҚСӨК арқылы Сейітжановтар отбасы «Саутс Ойл» ЖШС мұнай-газ компаниясының 57,16%-на, «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС құрылыс компаниясына, «Smart-Oil» ЖШС бұрғылау компаниясына, «Стандарт Цемент» зауытына, «Ақ-жол ТрансСервис» ЖШС, «Standard Steel KZ» ЖШС (мыс өндірісі) ие.

Отбасының Standard Petroleum&Co компаниясында (дизель отыны саудасы), әктас өндіру бойынша «КАС-бетон» ЖШС-де және Talas Investment Company цианидтер зауытында үлестері бар.

Сонымен қатар Сейітжановтарға Rixos Khadisha Shymkent және Rixos Turkestan отельдері, Түркістандағы Khanshaiym Plaza СОСО, Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы мен Инновациялық-технологиялық колледжі тиесілі.


   24. Еркін Тәтішев

$338 000 000
Әртарапты бизнес/ 47

Еркін Тәтішев – Қазақстан, Канада, Қытай, Грузия, Израиль, Ресей, Сингапур, Түркия, Вьетнам мен Украинада девелопмент, агробизнес, құрылыс пен құрылыс материалдарын өндіру, мұнай мен газ өндірісі бағыттарында қызмет ететін Kusto Group-тың мажоритарлық акционері.

Қазақстанда мұнай-газ бағыты бойынша KazPetrol Group жұмыс істейді. Ол Қызылорда облысында көмірсутегін өндірмен айналысады. Мұнай өнемдері саудасы кафетерийлері бар шағын маркеттерді қамтитын Compass жанармай құю бекеттері желісі арқылы жүргізіледі.

Бизнесмен «Қостанай минералдары» АҚ-ның ірі үлесін бақылайды, сонымен қатар Silk Road Group-тың стратегиялық серіктесі. Ол грузиялық холдинг, телекоммуникация, банк, қонақүй салаларында қызмет етеді.

High Tech Academy мектебінің негізін қалаушы.


   25. Қайрат Итемгенов

$323 000 000
Фармацевтика, девелопмент/ 52

Қайрат Итемгенов – Europharma және ArzanPharm брендтерімен дәріханалар желісін басқаратын «Aqniet Group» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы және жалғыз акционері.

Бизнесменге, сондай-ақ, «KBI Energy» ЖШС, «Satti Logistics» ЖШС, Greenhouse-Qaztomat жылыжайлар кешені, Мәскеудегі Mövenpick және Pana отельдері, Алматыдағы Novotel Living және Ibis Style брендтерінің қонақ үй кешені тиесілі.


   26. Мұқашевтар отбасы

$310 000 000
Тау-кен және девелопмент

Мұқашевтар отбасына Zar Kuh Mining Company алтын өндіруші компаниясының мажоритарлық акциясы тиесілі. Сонымен қатар отбасы Eurasia RED девелопер компаниясына иелік етеді, оның портфеліне «Апорт» СОСО желісі және SAT Business бизнес орталықтары кіреді.

Мұқашевтарға «Home Mart» ЖШС, «Agro Land Co» ЖШС, «AsTrade Co» ЖШС, «Строй Альянс Групп» ЖШС, «Аквапарк Гавайи» ЖШС, «Funky World» ЖШС, «East Land» ЖШС тиесілі.


   27. Данияр Әбілғазин

$290 000 000
Әртарапты бизнес / 53

Данияр Әбілғазин «Prime Case» ЖШС (Qazaq Oil ЖҚБ желісі), «Sinooil» ЖШС (SinoOil ЖҚБ желісі), «Автогаз Трэйд» ЖШС, «Petrolex Group (Петролекс Групп)» ЖШС, «РТИ-АНПЗ» ЖШС, «SilkwayTransit» ЖШС, «ТТТ Сервис» ЖШС үлестері бар.

Бизнесменнің әйелі Айдан Сүлейменова «Viled Group» ЖШС, «Viled International» ЖШС, «Viled Fashion» ЖШС, «Group Lux» ЖШС, «Apple World» ЖШС, «Premium Beauty» ЖШС үлестеріне ие. Сонымен қатар оған «ADD Invest Properties» ЖШС-нің 100% үлесі тиесілі. Компания арқылы ол Құлыбаевтар отбасымен бірге (екеуі де рейтингте №2) Астанадағы Keruen city Astana және Keruen сауда ойын-сауық орталықтарын, Keruen city Aktobe СОСО, Атыраудағы Baizaar mall СОСО басқарады.


   28. Эдуард Ким

$279 000 000
Ретейл/ 57

Эдуард Ким «Technodom Оperator» АҚ негізін қалаушы және иесі, оның құрамына Қырғызстандағы осы аттас компания да кіреді.

Сондай-ақ оған «Технодом Сервис» ЖШС және «Компания Фаэтон» ЖШС-дегі (меншік немесе жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалға беру және пайдалану) үлестер тиесілі.

2022 жылы қарашада бизнесмен Алматыда Airba Fresh азық-түлікті жеткізу бойынша онлайн сервисті іске қосты.


   29. Нұрәлі Әлиев

$249 000 000
Әртарапты бизнес/ 38

Нұрәлі Әлиев – «Транстелеком» АҚ мажоритарлық акционері, сонымен қатар «Darmen Holding» ЖШС мен инвестициялық «Capital Holding» ЖШС үлестері бар.

«Европа плюс Қазақстан» ЖШС имелерінің бірі. Компания арқылы ол «Радиосити Телерадиокомпаниясы» (Radio City радиостанциясы) ЖШС және «Независимый Телевизионный Канал» ЖШС-дегі үлестерге ие. Дубайдағы (БАӘ) Donatello Hotels and Resorts отеліндегі, Алматыдағы Donatello boutique hotel-дегі үлестерге, Алматы мен Астанадағы бірқатар мейрамханаларға иелік етеді.

«Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.


   30. Владислав Ким

$242 000 000
Инвестициялар / 48

Владислав Ким бұрын KAZ Minerals Plc (қазіргі KAZ Minerals Limited) миноритарлық акционері болатын. 2016 жылы ең жоғарғы шегінде оның компаниядағы үлесінің көлемі 7%-ға дейін жететін, бұл үлестерін біртіндеп сатты.


   31. Бахаридин Аблазимов

$238 000 000
Мұнай және газ / 54

Бахаридин Аблазимов – Қазақстанда аммиак және аммиак селитрасын шығаратын жалғыз кәсіпорын «ҚазАзот» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, оның компанияда үлесі (тікелей және «Kazakhstan Petrochemicals» ЖШС арқылы) бар.

Бизнесменге «Матен Петролеум» АҚ-ның 5%, «Үшқұю» АҚ-ның (бұрынғы «Аңсаған Петролеум» ЖШС) 30%, «ТриасМұнайГаз» ЖШС, «KazAeroSpace» ЖШС және «Sunrise Development» ЖШС және «КосМунайГаз» ЖШС-дегі үлестер тиесілі.


   32. Александр Гарбер

$233 000 000
FMCG / 60

Александр Гарбер – Қазақстан мен Қырғызстанда жұмыс істейтін, халық тұтынатын тауарлар дистрибуциясы саласындағы аса ірі компаниялардың бірі «Прима Дистрибьюшн» ЖШС-нің мажоритарлық иесі.

Бизнесменге сондай-ақ, «Прима-Мороженое» ЖШС, «Best Start» қойма ЖШС, меншік жылжымайтын мүлкін басқаратын «REA» ЖШС-дегі үлестер тиесілі.


   33. Айдан Кәрібжанов

$226 000 000
Инвестициялар, энергетика / 51

Айдан Кәрібжанов – «Visor Kazakhstan» ЖШС мажоритарлық иесі. Компания арқылы «Greencity KZ» ЖШС, «Northern Wind Kazakhstan» ЖШС, «Aua Energy» ЖШС, «Aspan Energo» ЖШС, «Sarma Energy» ЖШС үлестері бар. Аталған 5 компаниялың барлығы жел электр станциялары арқылы электр қуатын өндірумен айналысады. Бизнесменнің сонымен қатар Шоқпар, Софиевка, Арқалық және Жаңатас жел электр станцияларында үлестері бар.

Оған Waterford International Holdings Ltd. арқылы «ТеңізСервис» ЖШС-дегі үлес тиесілі.


   34. Серік Төлбасы

$220 000 000
Құрылыс, девелопмент / 57

Серік Төлбасы TS Development компаниялар тобының иесі. Оған Dostyk Plaza және Shymkent Plaza сауда ойын-сауық орталықтары, Алматы мен Шымкенттегі Cinemax кинотеатрлар желісі тиесілі.

Сонымен қатар бизнесмен Smart Technologies Solutions IT компаниясының иесі. Коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқарумен айналысатын TS Property Management мажоритарлық иесі.


   35. Яков Цхай

$214 000 000
Әртарапты бизнес / 72

Яков Цхай – «Достар» компаниялар тобының иесі. Топ арқылы оған «Жетісу шарап зауыты» ЖШС, «Достар-Коммерц» ЖШС, «Есік» сауда компаниясы» ЖШС, «Д-Стар Хозуп» ЖШС, «Dostar Motor Company» ЖШС-дегі үлестер тиесілі.

Сондай-ақ, бизнесменге «Первомайские пруды» ЖШС, Caspian Group АҚ-ның 96,71%, құрамына «Казгипронефтетранс» инжиниринг компаниясы» ЖШС кіретін «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ның 50%, «Бахус» АҚ-ның («Достар-Инвест» компаниясы» ЖШС арқылы) 36,36% және тиесілі.

«Достар компаниясы» ЖШС президенті.


   36. Серік Толықпаев

$202 000 000
Құс шаруашылығы / 52

Серик Толықпаев – агроөнеркәсіп секторындағы аса ірі холдинг Aitas KZ тобының мажоритарлық акционері. Топтың құрамына «Кус&Вкус» және «АМП» брендімен өнім шығаратын Макинск және Өскемен құс фабрикалары өндіретін құс етін, деликатестерді, жартылай фабрикаттарды, шұжықша мен шұжық өнімдерін өндіру, өңдеу және дистрибуция саласындағы 15 кәсіпорын, сонымен қатар 25 мың га жердегі өсімдік шаруашылығы кәсіпорындары кіреді.


   37. Бауыржан Исабаев

$200 000 000
Құрылыс / 50

Бауыржан Исабаев – Айдын Рақымбаев (рейтингте №12) және Асхат Омаровпен (№46) серіктестік негізде BI Group құрылыс холдингі иелерінің және негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыстар бойынша бас мердігерлік сегментін қадағалайды.

BI Group директорлар кеңесінің мүшесі.


   38. Алмас Мыңбаев

$198 000 000
Сақтандыру, фосфориттер / 49

Алмас Мыңбаев Nomad Life және «Номад Иншуранс» сақтандыру компанияларының жалғыз иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы. Сонымен қатар ол «Nomad Digital Financial Services» ЖШС және Ұлыбританияда тіркелген, Ақтөбе облысында еншілес ұйымы «Темір-Сервис» ЖШС арқылы Шилісай фосфат кенін өндірумен айналысатын Sunkar Resources Limited компаниясының 100%-на ие.

Бұдан басқа бизнесменнің «Балхаш Цинк» ЖШС-де үлесі бар.


   39. Қайрат Мәжібаев

$185 000 000
FMCG / 55

Қайрат Мәжібаев Ресей мен Қырғызстанда қызмет ететін «RG Brands» АҚ-ның 98,05%-на ие.

RG Brands директорлар кеңесінің төрағасы.


   40. Алмас Сұлтанғазин

$182 000 000
Ретейл, IT / 58

Алмас Сұлтанғазин – тұрмыс техникасын және электроника сатумен айналысатын Sulpak және Alser сауда желілерінің, электроника дистрибьютері «ST Networks» ЖШС-ның мажоритарлық иесі.

Warner Bros, Universal және Paramount Pictures халықаралық компанияларының Қазақстандағы өкілі – «Hero Study KZ» ЖШС және «Sulpak Cinema» ЖШС-да үлестері бар.


   41. Сайдолла Қожабаев

$170 000 000
Машина жасау / 63

Сайдолла Қожабаев – Alageum Group-тың мажоритарлық иесі, оған «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Ақтау трансформаторлық зауыты» ЖШС, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС, «Электромонтаж» АҚ, «ПромЭнерго» жобалау институты және Шымкенттегі жоғары кернеулі трансформатор жабдығын өндіруші AsiaTrafo зауыты кіреді.

Alageum Group бақылау кеңесінің төрағасы.


   42. Қанат Көпбаев

$169 000 000
Әртарапты бизнес / 46

Қанат Көпбаев – Еркін Тәтішев (рейтингте №24) пен Дәулет Нұржановтың (№42) Kusto Group бойынша серіктесі. Kusto Group PTE Ltd басқарушы директоры және директорлар кеңесінің мүшесі.

Көпбаев Kusto Group-та Tambour лак-бояу өнімдерін шығаратын израильдік зауыт және Вьетнамдағы Coteccon Construction құрылыс компаниясы кіретін құрылыс материалдары сегментін қадағалайды.

Қазақстанда топ «Kazpetrol Group» ЖШС мұнай компаниясына, Compass жанармай құю бекеттері желісіне, «Kusto Home» ЖШС құрылыс компаниясына, Семейдегі «Semey Tannery» ЖШС тері-былғары комбинатына, Павлодардағы «KazCenosphere’s» ЖШС зауытына ие. Сонымен қатар Wendy’s франшизасына ие.


   42. Дәулет Нұржанов

$169 000 000
Әртарапты бизнес / 51

Дәулет Нұржанов – Kusto Group бойынша Еркін Тәтішев (рейтингте №24) пен Қанат Көпбаевтың (№42) серіктесі. Kusto Group басқармасының мүшесі.

Бизнесмен Kusto тобы бизнесінің ауыл шаруашылық бағытын қадағалайды. Украиналық Kusto Agro-ны басқарады.

Топ Қазақстанда «Кусто Агро» ЖШС арқылы «Щучинский гормолзавод» ЖШС, «Кокшетауский элеватор» ЖШС, «KazGrain Feeders» ЖШС, «KazBeef Processing» ЖШС-де үлестері бар.


   44. Ерлік Балфанбаев

$165 000 000
Құрылыс материалдары / 59

Ерлік Балфанбаев – Alina компаниялар тобының негізін қалаушы, оның құрамына AlinEX, Alina Paint, «НАШИ», NORMA, Decorex, G-EX брендтері, үйге және бақшаға арналған тауарлардың DOMSAD электронды гипермаркеті, қазақстандық Doctor Green экологиялық тұрмыс химиясы бренді кіреді. Сондай-ақ бизнесменге Алматы маңындағы Oi-Qaragai курорты тиесілі.


   45. Нұрбол Назарбаев

$155 000 000
Әртарапты бизнес / 39

Нұрбол Назарбаев – «Prime Capital Invest» ЖШС құырлтайшысы. «PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы» ЖШС, «PLS-TM» ЖШС («Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ мажоритарлық акционері) иелерінің бірі.


   46. Асхат Омаров

$150 000 000
Құрылыс / 49

Асхат Омаров – Айдын Рақымбаев және Бауыржан Исабаевпен (рейтингте сәйкесінше №12 және №37) серіктестік негізде BI Group иелерінің бірі. Ол өнеркәсіп және энергетика инфрақұрылысы нысандарының құрылысын, оның ішінде (жобаларды толық іске асыру) ЕРС-келісімшарттарын қадағалайды. Сонымен қатар білім беру жобаларын қадағалайды және дамытады – Астанада алты BINOM инновациялық.


   47. Қаппаровтар отбасы

$110 000 000
Әртарапты бизнес

Гаухар Қаппарова ұлы Нұрсұлтанмен бірге Lancaster Group үлестерін басқарады. Компанияның құрамына мұнай сервистік «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» және «Жандиг-С» ЖШС, Tin One Mining тау-кен компаниясы, логистикалық Senko-Lancaster Silk Road Logistics (жапониялық Senko-мен бірге), Lancaster Invest инвестициялық басқару компаниясы кіреді.

Сонымен қатар оның бренд киімдер дистрибьютері «G and G Гламур» ЖШС, «MaxGlamour» ЖШС, «Green production» ЖШС-де (мұнай өндірісі) үлестері бар.


   48. Марат Сәрсенов

$105 000 000
Көлік / 55

Марат Сәрсенов – теміржол операторы «Исткомтранс» ЖШС-нің мажоритарлық иесі, компанияның меншігінде және лизингінде 12 мыңнан астам вагон бар.

Сонымен қатар бизнесмен «Тоболтранс» ЖШС (көлік-экспедициялық қызметтер), «Продресурс» ЖШС және «Будан» ЖШС (дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдас дақылдарды өсіру) жалғыз құрылтайшысы.


   49. Арманжан Байтасов

$89 000 000
Медиа, телеком, девелопмент / 53

Арманжан Байтасов Tan Media Group және United Media Group үлестерге ие, соңғысының құрамына MuzzOne телеканалы, «Бизнес-FM» радиостанциясы, Businessfm.kz сайты, Forbes Kazakhstan және Forbes Georgia журналдары, Arbat Media компаниясы мен бастқалары кіреді.

ICON телекоммуникация компаниясының, Citix Ltd жеке компаниясының мажоритарлық иесі. Media Café желісінің жалғыз құрылтайшысы.


   50. Александр Дериглазов

$87 000 000
Дистрибуция, ретейл / 53

Александр Дериглазов ағасы Игорь Дериглазовпен бірге «Фирма Стинг» ЖШС бақылайды. Соңғысы арқылы олар «Меломан Home Video» ЖШС («Меломан»/Marwin дүкендер желісі), Астанадағы «Арсенал» сауда ойын-сауық кешені мен кинотеатрына, «Комфорт DIY» ЖШС («Комфорт» үйге арналған тауарлар гипермаркеттер желісі) және т.б. иелік етеді. «Первое казахстанское музыкальное издательство» ЖШС жалғыз құрылтайшысы.


Рейтинг редакторы: Ардақ Бөкеева

Зерттеу тобы: Арайлым Әуелбекова, Айдын Шағиев, Айдана Мусалина

Фотографтар: Андрей Лунин, Владимир Шаповалов, Никита Басов, Резеда Небогова, Вадим Соловьёв, Руслан Мазунин, Андрей Шевелёв, Валерий Аяпов, Владислав Листратов, Максат Байкенов, Тимур Эпов, Жанарбек Аманкулов, Иван Беседин және баспасөз қызметтерінің мұраты.

Рейтинг Grant Thornton аудиторлық-консалтинг компаниясының қатысуымен дайындалды

Все материалы по теме «Рейтинги и ренкинги» вы можете посмотреть по этой ссылке.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Куралай Нуркадилова: письмо Токаева, политические амбиции Смотреть на Youtube