Елімізде бетоннан жасалған өнімдер қымбаттауда

Қазақстанда құрылыс саласына арналған бетон өнімдерін шығару көрсеткіші өсіп келеді

2023 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында елімізде шығарылған құрылыс мақсатындағы бетон өнімдерінің көрсеткіші 2,6 млн тоннаны құрады, деп көрсетеді. Бұл 2022 жылдың қаңтары мен сәуіріне шаққанда 7,2% жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Десек те, осы аралықта елімізде бетоннан жасалған құрастырмалы құрылыс конструкцияларын шығару 3,8%-ға, яғни 286,9 мың тоннаға дейін қысқарған. Сондай-ақ, дайын бетон өндіру көрсеткіші де біршама төмендеп кеткен: 11,4%-ға, яғни 5,6 млн тоннаға дейін.

2023 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша, құрылыс мақсатындағы бетоннан жасалған өнімдердің бағасы 12,5%-ға өскен (бір жыл бұрынғы өсу көрсеткіші 7%-ды құраған болатын).

Республика бойынша алғанда, сектор ішіндегі мейлінше қымбат баға, әсіресе, Батыс Қазақстан облысында байқалған: қымбаттау 13,8%-ды құраған. Елеулі қымбаттау Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарында да көрініс берген: әр өңірде +13% деңгейінде.

Сектор бойынша ең төменгі баға Павлодар облысында байқалған: қымбаттау көрсеткіші 9,4% деңгейінде. Республикалық деңгейде алғанда, Қызылорда облысындағы қымбаттау көрсеткіші де ептеп төмендеу: 12,3% деңгейінде.

Сол сияқты, өткен жылдың қаңтары мен сәуірінен биылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында (бір жылдың ішінде) құрастырмалы құрылыс конструкцияларының бағасы 14,9%-ға өскен. (Алдыңғы жылы бағаның өсу көрсеткіші 7,2%-ды құраған-ды).

Өңірлер бойынша қарастырғанда, бұл тұрғыдағы бағаның өсуі – Павлодар облысындағы 11%-дан, Батыс Қазақстан облысындағы 16,3%-ға дейінгі аралықты қамтиды. Бағаның қымбаттауы, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстарында да байқалған: әрқайсысында 15,4% деңгейінде.

Есесіне, құрылыс саласына қажет бетоннан жасалған өнімдермен салыстырғанда, дайын бетон елімізде бар болғаны 0,9-ға қымбаттаған. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын қымбаттау көрсеткіші 5,1%-ды құраған болатын.

Дайын бетон бағасының өсуі, әсіресе, Түркістан облысында байқалған: бірден 10,2%-ға. Айтарлықтай қымбаттау Жамбыл облысында да көрініс берген: 9,7%-ға.

Бір қызығы, республикамыздың төрт өңірінде дайын бетон бағасы арзандай түскені байқалған: Шымкент және Алматы қалаларында (сәйкесінше 14%-ға және 2,2%-ға), сонымен қатар, Қарағанды (1%-ға) және Қостанай (0,3%-ға) облыстарында да дайын бетон бағасында төмендеу бар. Ал Абай және Павлодар облыстарында дайын бетон бағасы өзгермей, сол қалпында қалған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте