Көтерме сауда бойынша үш өңір алда келеді

15481

Ел бойынша көтерме сауда қызу жүріп жатқан өңірлер деп Алматы мен Астана қалаларын және Атырау облысын айтуға болады

ФОТО: © Depositphotos/kalinovsky

2023 жылдың қаңтар айында жүзеге асқан көтерме сауда ауқымы 2,5 трлн теңгені құрады, ақшалай түрде бұл 2022 жылдың қаңтарындағы ауқыммен салыстырғанда үштен бір есе ғана көп. Ауқым бойынша нақты өсім 18,8%. Республика бойынша ішкі сауданың жалпы көлеміндегі көтерме сауданың үлесі бір жылда 72,2%-дан 70,4%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары отандық көтерме сауда нарығына қатысты кезекті зерттеуінде.

Сарапшы қауымның мәліметінше, республика бойынша алғанда, 2023 жылдың қаңтарында көтерме сауда ауқымының басым бөлігі, яғни 75%-дайы еліміздің үш өңіріне тура келген: Алматы қаласында 1 трлн теңгеден астам ауқымда көтерме сауда жүргізілген, Атырау облысында 466,9 млрд теңгенің, Астана қаласында 368,5 млрд теңгенің саудасы жүзеге асқан.

Сол сияқты, Қарағанды облысында да көтерме сауда бойынша елеулі ауқым тіркелген – 130,6 млрд теңге шамасында.

Ал нарық бойынша ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау (5,9 млрд теңге) және Түркістан (7,8 млрд теңге) облыстарында байқалған.

Ranking.kz талдауына сәйкес, көтерме сауда құрылымында биыл да әдеттегідей азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі басым шыққан: бұл тұрғыда 2023 жылдың қаңтарында елімізде 2,1 трлн теңге ауқымында көтерме сауда жүргізіліп, жүзеге асқан.

«2022 жылдың қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда, ақшалай түрде бұл 38%-ға артық көрсеткіш», - деп түсіндіреді Ranking.kz сарапшылары өз талдауында.

Сонымен қатар, биыл қаңтарда көтерме сауда нарығында азық-түлік өнімдеріне жұмсалған ақшалай ауқым 449,2 млрд теңгені құраған (2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақшалай түрде 15,8%-ға артық, бірақ нақты мағынада 1,2% шамасында төмендеу бар).

Сарапшы қауымның айтуынша, көтерме сауданың барлық көлемі деуге тұратын ауқым биыл қаңтарда сауда кәсіпорындары мен сауда ұйымдары тарапынан сатылған: 2,4 трлн теңгеден астам ауқым (2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақшалай түрде 30,9%-ға артық көрсеткіш).

Ал базарлар мен жеке кәсіпкерлер тарапынан жүзеге асқан көтерме сауда ауқымы ақшалай түрде – 3,2%-ға өскен – 80 млрд теңгеге дейін (былтырғы жылмен салыстырғанда нақты өсім 2,9% шамасында).

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана Смотреть на Youtube