Жаңа дәуірдің үлгісі

TAS GROUP финтех компаниясы дәстүрлі банк саласына тың серпін беруге сақадай сай

Фото: архив пресс-службы

Дағдарыстан өтіп даму жолына түскен Қазақстан экономикасы жаңа кезеңнің алдында тұр. Алға жылжу үшін, әсіресе, қаржы нарығындағы бәсекелестікті арттыру маңызды. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та атап өткен болатын. Қоғам тарапынан сапалы, ашық әрі сенімді қаржы өнімдеріне сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Осы тұста нарыққа тың серпін беріп, оны жаңа деңгейге көтеруге мүдделі компания­лардың бірі — TAS GROUP .

Компанияның негізін қалаушы әрі басшысы Дулат Тастекейдің пікірінше, еліміздің банк жүйесі дамудың жаңа дәуіріне өтуге дайын. «Қазіргі клиент қарапайым несие алғысы келмейді, ол сапалы сервис, ашық шарт және жылдам шешім күтеді. Егер қаржы институты осы үдеден шыға алмаса, ол нарықта ұзақ қала алмайды», — дейді ол.

TAS GROUP-тың нарықтағы артықшылығы

Бүгінгі таңда елімізде банк арқылы несиелеу көлемі ЖІӨ-нің небәрі 25,8 %-ын құрайды. Бұл көрсеткіш экономиканың өсуіне қажетті ресурстардың толық жетпейтінін айқын көрсетеді: шағын және орта бизнес көбіне қаржыландырылмай қалады. Осындай контексте нарыққа жаңа, цифрлық шешімдер ұсына алатын ойыншылар қажет.

TAS GROUP бүгінде Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының алдыңғы бестігі қатарына кіреді. Автокөлік пен жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы несие беру сегментінде көш бастап тұр. Бұл бағытта компания нарыққа нақты өнімдер мен жылдам сервис­терді енгізді.

Компанияның нарықтағы басты жаңалығы — автокөлікті кепілге қою арқылы несие рәсімдеуді ТМД-да алғашқылардың бірі болып онлайн форматына өткізуі. Бұл тек техникалық шешім емес, тұтынушы тәжірибесінің түбегейлі өзгерісі: бұрынғыдай бөлімшеге барудың қажеттілігі жойылды, рәсімдер қысқарып, шешім жылдам қабылданады. Сонымен қатар компания ақшаны санаулы минуттар ішінде клиенттің банк картасына аудару сияқты сервистерді де нарыққа енгізіп, тұтынушы тәжірибесін айтарлықтай жеңілдетті.

«Инновация дегеніміз — клиенттің уақытын үнемдеу. Біздің басты ресурсымыз — адамның уақыты. Оны бағалай алсақ, біз әрқашан сұраныста боламыз», — дейді Дулат Тастекей.

Технология — дамудың өзегі

TAS GROUP үшін IT-бағыт — бұл қосымша қызмет емес, бизнес-модельдің негізі. Қазір компанияда 70-тен астам IT-маман жұмыс істейді. Олардың жұмысы тек жүйелерді қолдап тұрудан тұрмайды: жаңа скоринг модельдерін, AI-жобаларды және клиенттің төлем қабілеттілігін дәл бағалау құралдарын жетілдірумен айналысады.

Компания ішінде тұрақты форматта TAS IT Talk өткізіліп келеді — бұл мамандар арасындағы тәжірибе алмасу алаңы. Ал жыл сайынғы TAS IT-Fest ұжымдық мәдениетті нығайтып, жаңа бастауларға серпін береді. Мұндай институционализацияланған тәсіл технологияларды тез енгізуге және оларды нақты бизнес нәтижеге айналдыруға көмектеседі. «Технология — бұл құрал. Бірақ ол дұрыс қолда болмаса, ешқандай пайда әкелмейді. Біз үшін бастысы — адамдар. Ал дұрыс команда болса, кез келген технологияны игеруге болады», — дейді компания басшысы.

Корпоративтік мәдениет және құндылықтар

TAS GROUP-тың басты ерекшелігі — «People First» қағидаты және осы қағиданы Дулат Тастекей бұрыннан ұстанады. Ол алғашында бұл ойды өз тәжірибесінде қолданған, ал Stanford-тағы оқу барысында «People first, technology second» формулировкасы оның көзқарасын халықаралық деңгейде растаған.

People First тек клиент үшін емес, қызметкерлер үшін де маңызды: компания қызметкерлерді оқытуға, кәсіби өсуге және корпоративтік бастамаларды жүзеге асыруда тұрақты түрде қолдап келеді. Қазақ тілін қолдану аясын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды сақтау да корпоративтік сәйкестіліктің ажырамас бөлігіне айналды — бұл тұтынушылармен түпкілікті жақындасуға әсер етеді.

Фото: архив пресс-службы

Реттеу мен нарықтағы қиындықтар

Соңғы жылдары нарықты реттеу шаралары күшейіп келеді. Бұл тұтынушы құқықтарын қорғаумен қатар кейбір тәуекелдерге де әкелді. Тіпті бір күндік кешігу жаңа несие алу мүмкіндігінен айырады. Бұл азаматтарды көлеңкелі несие берушілерге итермелейді. Мұндай жағдайда нарықтық тәртіпті сақтау мен клиент қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. «Егер ресми несиеге қол жеткізу қиындап кетсе, адамдар жеке тұлғаларға немесе көлеңкелі нарыққа жүгінеді. Мұның соңы тым жоғары пайыздар және әділетсіз шарттармен аяқталады. Мемлекет мұндай тәуекелге жол бермеуі керек», — дейді Дулат Тастекей.

Банкке айналу

TAS GROUP банк санатына өтуге асықпайды: бұл — үлкен жауапкершілік, халық сенімі және тұрақты тәуекел-менеджментті талап ететін деңгей. Дегенмен компания заңдық база қалыптасқан жағдайда банк статусын қарастыруға техникалық және технологиялық жағынан толық дайын отыр.

Оның артықшылықтары айқын: бастапқыдан цифрлық архитектурада салынған бизнес, дайын IT-ресурстар, білікті команда және клиентке бағытталған өнімдер. Бұл жағдай депозит жинап, қаржыландыру құнын төмендетуге және қызмет диапазонын кеңейтуге мүмкіндік береді. «Банкке айналу — бұл мәртебе үшін емес, клиент сенімін нығайту үшін жасалатын қадам. Ең бастысы — клиент сенімі. Егер біз оны сақтай білсек, банкке айналу қадамымыз адамдарға тиімді әрі қауіпсіз қызмет көрсетудің заңды жалғасы болмақ», — деп атап өтті Дулат Тастекей.

TAS GROUP  — жаңа модельдің үлгісі

TAS GROUP үшін басты мақсат — өнім шығару ғана емес. Сол өнімді қолдайтын, оның сапасын арттыратын берік команда мен корпоративтік жүйе қалыптастыру. Компания өз қызметкерлерінің өсуі мен дамуына жағдай жасайды, жаңа идеяларын қолдап, қоғаммен байланысын күшейтуді басты құндылықтарының бірі санайды. Қазақ тілін дамыту мен ұлттық құндылықтарды сақтау — бұл ұйымның ішкі қағидаларының бірі.

Harvard-тағы білім мен Stanford Executive Program аясындағы тәжірибе Дулат Тастекейге бизнес-жүйелер мен технологиялық трендтерді еліне тиімді түрде қолдануға мүмкіндік берді. Ол өзі айтқандай: «Гарвардта классиканы, Стэнфордта — болашақты көрдік; осы екі қоса келген білім бізге жаңа шешімдер құруға көмектеседі».

TAS GROUP-тың банкке трансформациясы — тек компания ішіндегі өзгеріс емес, ұлттық экономика үшін де стратегиялық мәнге ие. Бұл — нарыққа жаңа ойыншыларды тарту, бәсекені күшейту, цифрландыруды жеделдету және халықтың көлеңкелі несиеден қорғалуы үшін мүмкіндік.

Қорытынды

TAS GROUP — жай ғана несие беретін ұйым емес, жаңа дәуірдің финтех үлгісі. «Егер біздің шешімдеріміз клиент мүддесіне сай болса және нарықтың дамуына үлес қосса — біз дәстүрлі банктік модельді түбегейлі өзгерте аламыз. Бізде команда бар, технология бар, көзқарас бар. Қалғаны — уақыт пен мүмкіндік», — деді Дулат Тастекей.