Ұлағатты сөз: соғыс және бейбітшілік
«Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты қаласақ, алдымен сәбилерге көңіл бөлуіміз керек».
Махатма Ганди
«Ел үшін аянба — ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба — жігіттігіңе сын».
Бауыржан Момышұлы
«Соғыстың бір күні астаң-кестең еткен әлемді қалыпқа келтіру үшін бір ғасыр кетеді».
Ромен Роллан
«Бейбітшілік — өркениеттің ізгілігі, ал соғыс — қылмысы».
Виктор Гюго
«Бейбітшілікті күшпен ұстау мүмкін емес, оған тек түсінісу арқылы қол жеткізуге болады».
Альберт Эйнштейн
«Соғыс ерлерге де, әйелдерге де бірдей шығын әкеледі — бірінің қаны төгіледі, бірінің көз жасы көл-көсір болады».
Теккерей
«Бейбітшілік — адамдар өз өмірінде ықылас етіп тілейтін, қажет ететін ең жоғары игілік».
Мигель де Сервантес
«Жаңадан ойлап табылған — зеңбірек, оқ, мылтық, бомбалар, түтінсіз зымырандар, торпедолар мен басқа да қырып-жоюшы қару-жарақтан асқан жойқын сұмдық болуы мүмкін бе?».
Лев Толстой
«Әрине, сіз соғыста жеңіске жеткенде маңайыңызда болып жатқанның бәрі сізге — дұрыс әрі дана шешім болып көрінеді».
Уинстон Черчилль
«Басқыншылық соғыс — жабайылық, ал Отан қорғау — қасиетті парыз».
Ги Де Мопассан
Ынтымақты елге ешкім батпас,
Ынтымақсыз елдің таңы атпас.
Халық сөзі
«Бұл өмірде бізге ең керегі — бейбітшілік, бақыт, бауырмалдық».
Марк Твен
«Қазақ халқы — ең бір бейбіт халықтардың бірі».
Шоқан Уәлиханов