Kino körü-ге қош келдіңіз!

Платформа еліміздегі ең үлкен ойын-сауық контенті кітапханасы болуға уәде беріп отыр

Қазақстан нарығында мүлдем жаңа стриминг қызметі — Kino Köru пайда болды. Онлайн-кинотеатр Halyk Finance Service (Halyk тобы) және Қазақстанның жетекші телеком-операторларының бірі alma PLUS серіктестігімен іске қосылды. Платформа еліміздегі ең үлкен ойын-сауық контенті кітапханасы болуға уәде беріп отыр.

Kino körü-дің көрермендері эксклюзивті ойын-сауық және спорт контентінен рахаттана алады. Жазылым 80 000-нан астам фильмдер, сериалдар және ең үлкен ТВ арналар таңдауына қолжетімділікті ашады. «Караоке» функциясы пайдаланушыларға өз құрылғыларында кез келген уақытта және жерде сүйікті музыкалық композицияларды орындауға мүмкіндік береді.

Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушевтің айтуынша, Halyk жыл сайын kino.kz сервисін қарқынды дамытып, билет сату нарығында көшбасшыға айналды. Клиенттерге цифрлық өнімдерді пайдалануды біртіндеп үйретіп, банк келесі қадам жасауға шешім қабылдап, ыңғайлы және қолжетімді онлайн кинотеатр құрды.

Кез келген клиент кино.kz арқылы мобильді қосымшада тек бірнеше шерту арқылы kino körü жазылымын қосуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, төлемді Halyk Super App қосымшасы арқылы жасауға болады.

Сергей Хомутов мен Нариман Мукушев

«Kino körü» жазылымына стриминг нарығының мастодонттары Amediateka, viju, Premier, Megogo және тағы басқа контент кітапханалары кіреді, олар ай сайын жаңа контентпен толықтырылып отырады. Qazaqsha және Silk Media Channels каталогтарының арқасында пайдаланушылар сүйікті Голливуд фильмдерін қазақ тілінде көре алады. Halyk тобының серіктес жобасы Қазақстанда онлайн-продакшнның дамуына тағы бір үлкен қадам болып табылатын, түпнұсқалы қазақстандық контентті әзірлеуге және көрсетуге мүмкіндік береді» — деп түсіндірді Сергей Хомутов, «Алмателекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ-ның коммерциялық мәселелер бойынша басқарма төрағасының орынбасары.

«Kino körü» жазылымының эксклюзивті артықшылықтары арасында «SETANTA SPORT KZ+» спорт арнасының болуы, онда ең үздік спорттық оқиғаларды (EPL, MotoGP, Formula 1, KHL, UFC) трансляциялау және ЛЧ, ЛЕ, ЛК матчтарынан тікелей эфирлерді қайта көрсету, интуитивті интерфейс, әр отбасы мүшесіне арналған жеке профильдермен қарау тарихын сақтау, жазылымдарды басқарудың қарапайымдылығы және kino.kz және Halyk Super App ішінде төлем жасау мүмкіндігі бар.

Қосымша Android және iOS негізіндегі барлық мобильді құрылғыларға қолжетімді.