Дәулеттілер кәсібі
Кеңес Рақышев (№9)
теңіз портын уақытында сатты
2022 жылы қаңтардың басында Мурманск облысындағы Витино теңіз порты операторын сату бойынша мәсіле аяқталды. Оның 90%-ы БТА Банкіне тиесілі еді. Компанияны Кеңес Рақышев басқарған уақыт ішінде ол РФ арктикалық аумақ резидент-компанияларының қатарына енді. Бұл компанияға бірқатар салық жеңілдігі мен артықшылық берді.
Винито порты Ақ теңіздің Кандалакшский шығанағының жағасында орналасқан, 2014 жылдан бері кемелер қабылдамаған және өңдемеген. Кешенді қайта іске қосып, Солтүстік теңіз жолы бойынша мұнай өнімдерінің тасымалын қалпына келтіру, ал содан кейін тиелетін жүк санатын кеңейту жоспарланған болатын.
Активтің сатып алушысы – «Адамант» холдингінің акционері Владимир Голубев. Мәміле сомасы жарияланған жоқ. «Адамант» – Санкт-Петербургтағы сауда жылжымайтын мүлкі нарығының ірі ойыншысы.
Эдуард Огай (№15)
мен оның отбасы Ерлан Нығматуллин отбасының компанияларын сатып алады
Сейітжановтар отбасы (№22)
аукционда мұнай кен орындарын сатып алды
2020 жылы желтоқсанда еліміздің түрлі облысындағы жеті учаскеде көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына ие болу үшін ел тарихындағы алғашқы онлайн-ауцион (жоғарылауға) өтті. Сауда нәтижесінде барлық учаске бойынша қол қойылған бонус мөлшері 61 млрд теңгеге жетті.
Сейітжановтар отбасының үлестері бар екі компания екі учаскеде жұмыс істеу құқығын сатып алды: «Қарабау Петролеум» – Қарабау учаскесі (қол қойылған бонустың мөлшері – 508,41 млн теңге), «Балқұдық Мұнай» ЖШС – Балқұдық учаскесі (сәйкесінше 40,45 млн теңге).
Бегайдар (799,84 млн теңге) және Қошалақ (33,86 млн теңге) учаскелеріне құқық сатып алған «SapaInvestment» ЖШС-не келсек, аукцион кезінде оның акционері біреу – Санжар Омаров болатын, ал 2021 жылы қазанда Сейітжановтар отбасына тиесілі «Оңтүстік» ҚСӨК компаниясы иелерінің бірі атанды.
Аталған компаниялар төлеген, қол қойылған бонустың жалпы сомасы 1,38 млрд теңгені құрады. Төрт учаскенің үшеуі Атырау облысында, біреуі жартылай Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Учаскелердің жалпы аумағы 10 мың шаршы км-ден астам
Владимир Джуманбаев (№23)
өндіруші компаниялардың акцияларын сатты немесе сыйға тартты
Қаржылық есеп депозитарийі сайтындағы ақпараттық хабарламаға сәйкес 2021 жылы ақпанның соңында және наурыздың басында Дияр Қанашевқа және Игорь Ветиулға акцияларды 4%-дан бергеннің нәтижесінде Владимир Джуманбаевтың «Алтыналмас» АК» АҚ-дағы үлесі 30-дан 22%-ға дейін төмендеді. Бұл жайлы басқа ешқандай ақпарат жоқ, сондықтан бұл коммерциялық мәмілелер болды ма, әлде басқа да заңдық негізі болды ма, белгісіз болып отыр.
Бұдан басқа екі мәміленің нәтижесінде Джуманбаев Ақтөбе облысында темір кенін ашық әдіспен өндіретін «Бенкала» тау-кен компаниясы» АҚ-ның барлығы 70% акциясын сатты. Бастапқыда 2021 жылы маусымның басында бизнесмен 2,38 млн акциясын (43,27%) $14,97 млн-ға (6,4 млрд теңге) сатты. Кейін 2021 жылы қазанда – 1,47 млн акциясын (26,73%) $9,46 млн-ға (4,04 млрд теңге) сатты. Бизнесмен жалпы сомасы $24,43 млн (10,44 млрд теңге) алды. Сатып алушы – нидерландтық Amros Group B.V.
Мақаланы жазған кезде жаңа акционердің бенефициары ешбір құжатта көрсетілмеген. Дегенмен жаңа акционердің пайда болуына байланысты компанияның үлестес тұлғалар тізіміне Ева Геркинк-Баронян (басқа құжаттарда – Баронян-Геркинк) және Заур Юсубов қосылды. Екеуі де Amros Group B.V. компаниясының лауазымды тұлғалары деп көрсетілген. Ева Геркинк-Баронян «Бенкала» тау-кен компаниясы» АҚ-дан басқа «Алтыналмас» АК» АҚ, «Қаражыра» АҚ және «Ақжал Голд Ресорсиз» АҚ үлестес тұлғалар тізімінде бар. Соңғысында ол акционер – International Private Equity Initiative B.V. компаниясында лауазымды тұлға деп көрсетілген.