Google-дың қараңғы тұсы: ұлы іздеу патшалығы қалай табыс табады

21760

«Жақсылық корпорациясы» атанған компания «АҚШ және Google-ға қарсы топ» жүйесінің қатысушысына айналды?! Ол қалай трансұлттық медиа империяға айналды және қатал американдық капитализм символдарымен қатарласа алды?

Googleplex, штаб-пәтері Маунтин-Вьюда, Калифорния
Googleplex, штаб-пәтері Маунтин-Вьюда, Калифорния
Фото: © Depositphotos

Жақында Google технологиялық сектордың және әлемдегі ең ірі БАҚ-тың назарына айналды. Себеп аса қуанышты емес: АҚШ үкіметі компанияны интернеттегі іздеу нарығын монополиялады деп айыптайды. Сот шешімі бүкіл интернет-нарықты қайта құруы мүмкін және бұл тек АҚШ азаматтарының ғана емес, сонымен қатар планета тұрғындарының көпшілігінің әдеттегі өмір салтына әсер етуі мүмкін (2003 жылдан бастап Батыс интернет-компанияларының қызметі шектелген Қытай файрволынан басқа).

Интернет бізге теледидарды алмастырды

Google-дің үйреншікті атауы 2015 жылы қайта құрылған Alphabet холдингі жүйесіне тиесілі.  Әлемдегі кез-келген компания туралы жазылған кітаптарға қарағанда, Google туралы жазылған кітаптар саны әлдеқайда көп. Олардың жазылуына Google-дің өзі де себепкер болып табылады. Іздеу жүйесінің жетістік жолын шамамен барлық бизнес-мектептерде жүйелі түрде талдайды. Интернет Google-дің арқасында дәл қазіргі деңгейіне жетті деген сенім бар.

Компанияның нарықтық капитализациясы 2021 жылдың шыңдарынан бастап бүгінде шамамен $1,65 трлн деңгейіне дейін түзетілді. 2022 жыл пандемия аяқталғаннан кейін бүкіл IT индустриясы сияқты сәтті болмады. Дегенмен, компанияның кірісі өсуді жалғастырып, $282 млрд-тан асты, бірақ пайда 21% - ға,  $59,9 млрд-қа дейін төмендеді. Пайда мөлшеріне жылжымайтын мүлік пен жабдыққа инвестициялардың ұлғаюы, акцияларды сатып алу шығындарының өсуі және бұрын кейінге қалдырылған салықтарды төлеу әсер етті.

Google Android мобильді операциялық жүйесі арқылы әрбір телефонға кіре алды, тіпті Apple өнімдерінде де қолданылады. Компания іздеу сұраныстарымыз бен браузер тарихы арқылы біз туралы бәрін біледі, сосын біздің қызығушылықтарымызға орай жарнама ұсынады.

Жарнама – Google-дің кірістің 80%-ын құрайтын басты табыс көзі. Бұл іздеу барысындағы жарнама, баннерлер және YouTube. Google Қазақстанда ресми тіркелмеген болса да табыс табады. Өткен жылы компания 21 млрд-тан астам теңгеге немесе орта есеппен $46 млн-ға қызмет көрсетті. Ал МКК-дағы салық аударымдарының өсу динамикасына сүйене отырып, 2023 жылдың нәтижелері бойынша бұл сома кем дегенде екі есеге артады, бұл Қазақстандағы барлық жарнама шығындарының жартысына жуығын құрайды.

Деректерді талдау орталығы ғана емес

Әлемнің кез-келген жерінде жедел іздеу, сондай-ақ интернеттің көшірмесін сақтау үшін сізге көптеген серверлер қажет. Компания колокейшн моделі бойынша белсенді жұмыс істейді, яғни өзінің жабдықтарын үшінші тарап деректер талдау орталықтарында (ДТО) орналастырады. Google-да бүкіл әлем бойынша шашыраңқы мыңнан астам нүкте бар, сонымен қатар 40-қа жуық мегацодтар бар. Компанияның қарамағындағы жабдықтың құны $70 миллиард-тан асады.

Google-дің дата орталығы Нидерландыдағы Эмсхавенде
Google-дің дата орталығы Нидерландыдағы Эмсхавенде
Фото: © Depositphotos.com

Компанияға тек «ашулы» бәсекелестер мен атышулы ChatGPT емес, өрт, су тасқыны, дауыл қауіп төндіруі мүмкін. Бір ғана нүктенің істен шығуы миллиардаған доллар шығынға әкеп соғуы мүмкін.

Google қызметкерлеріне ерекше шарттар ұсынады, 1030 офиста шамамен 190 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Одан бөлек, бізге «Евразия» Сақтандыру компаниясының қайта сақтандыру бағдарламасына құны $300 млрд-тан асатын бірнеше қызықты объектілер келіп түсті. Олардың ішінде ас үй, массаж бөлмелері және фитнес залдары бар демалыс және релаксация орталықтары; балабақшалар; қонақ үй; Калифорниядағы бүкіл автотұрақтар; дыбыс жазу студиялары; қайта өңдеу зауыттары бар. Сондай-ақ, Google-да 22 ғылыми-зерттеу орталығы және әртүрлі жабдықтар мен жабдықтары бар 450 қойма бар. Сақтандырылған мүліктің жалпы құны бірнеше ондаған миллиард долларды құрайды.

Компанияға тиесілі тағы бір нысан Google тарихы басталған Сергей Брин мен Ларри Пейдждің гаражы мен үш бөлмелі үй. Компания үйді 2006 жылы сатып алды, сонымен қатар үнемі сақтандырады. Жалпы Google әртүрлі мақсаттағы 3 мыңға жуық жылжымайтын мүлікті басқарады.

Сен зұлымдықпен күресуін керек еді...

Алғашында Google «жақсылық корпорациясы» деп аталды, бұл пайдаланушылар арасында «зұлымдық корпорациясы» деген лақап атқа ие болған Microsoft корпорациясына қарсы атау еді. Сонымен қатар, Google корпоративті этика кодексі «зұлымдыққа жол бермеңіз» («Don’t be evil») деген сөзден басталды және ұзақ уақыт бойы компанияның бейресми ұраны болды.

Қатыгез корпоративті акулалар билік ететін әлемде мейірімді болып қалу мүмкін емес. Бірте-бірте органикалық өсу стратегиясынан Google стартаптар мен бәсекелестерді агрессивті басып алуға көшті.

Тиранозавр қаңқасы Googleplex штаб-пәтері ауласында
Тиранозавр қаңқасы Googleplex штаб-пәтері ауласында
Фото: © Depositphotos

2005 жылы компания Android операциялық жүйесін жасаушыны сатып алды, содан кейін IOS жүйесінде жұмыс істейтін Apple құрылғыларына жалғыз балама болды. YouTube-пен бәсекелестікке жол бермей, компания оны сатып алуды шешті, содан кейін Google-дің жеке бейне хостингі жабылды. Google бұған дейін бәсекелестерді патенттік құқықты теріс пайдаланғаны үшін сөгіп, содан кейін Motorola сатып алу арқылы олардың жолын ұстанды. Lenovo активін қайта сатқаннан кейін Google 12 мыңға жуық патент қалдырды.

2018 жылы компания кодекстен «зұлымдыққа жол бермеңіз» деген сөзді алып тастады. Тұтынушылардың көзқарасы бойынша Google соншалықты ашкөз және бюрократиялық емес, клиенттерге бағдарланған және пайдаланушылардың өмірін жақсартушы болып қала берді. Әрине, өмір Google-мен, жеңілдеді, бірақ «зұлымдықты» жеңудің орнына, компания онымен бір қатарға тұрып, монополияға қарсы процестің қатысушысы болды.

Бұлыңғыр болашақ

Заманауи адамның өмірін Google-сіз елестету мүмкін емес: ол маңызды бөлшекке айналды. Компания бірқатар экзистенциалды сын-қатерлерге тап болды. Болашақта үкімет бір кездері Standard Oil және AT&T сияқты компанияны мәжбүрлеп бөлуге шешім қабылдауы мүмкін, дегенмен Microsoft бұл сынақтан аман өтті.

Одан бөлек, Open AI компаниясы жасанды интеллектке негізделген ChatGPT жүйесімен тұтынушыларға тек нұсқалар ұсынып қоймайды, дайын шешімін де айтады. TikTok өзінің қысқа видеолары арқылы YouTube аудиториясын алып кетеді. Google-дің жарнама сатуға негізделген қалыптасқан бизнес-моделіне болашақта қауіп төнуі мүмкін.

Менеджмент қазірдің өзінде жасанды интеллект негізіндегі өзінің ақылды Bard чат-ботын белсенді түрде дамыта отырып, кері соққы дайындауда. Әрине, компания бизнестің келесі деігейге өсуіне арналған бірқатар стартаптарды табады. Бәсекелесті сатып алу немесе тиімді альянс құру мүмкіндігі әрқашан қол жетімді. Қалай болғанда да, Google-да Калифорния бойынша жылжымайтын мүлік түріндегі өтімді активтер, сондай-ақ инвестициялық бөлімшенің шоттары мен портфолиосында қолма-қол ақша бар. Мұның бәрі компанияға кез-келген, тіпті ең қолайсыз жағдайда да өмір сүруге көмектеседі.

Google пайдаланушылардың әртүрлі сұраныстарына жауап беруді жалғастырады, бірақ енді инвесторлар мен акционерлерге жарнамадан жүздеген миллиард доллар табуды қалай жалғастыру керектігі туралы сұраққа жауап табу керек.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить