ТШО төртінші рет Қазақстандағы № 1 жұмыс беруші болып танылды
ТШО Қазақстанда төртінші рет № 1 жұмыс беруші деп танылды — бұл адами капиталға салынған инвестициялар мен стратегиялық көшбасшылықтың нәтижесі

«Теңізшевройл» (ТШО) Қазақстандағы ең тартымды жұмыс берушілер рейтингінде тағы да көш бастады — компания төртінші жыл қатарынан көшбасшылығын сақтап келеді. Зерттеу ANCOR тапсырысымен жүзеге асырылған «The Talentist. Employer brand perception» ұлттық жобасы аясында жүргізілген еді. Жұмыс беруші брендінің тартымдылығының қорытынды көрсеткіші 69,28% құрады.
Сауалнама бүкіл елдегі мыңдаған жұмыс іздеуші мен қазір жұмыс істеп жатқан қызметкерді қамтыды. Компаниялар бірқатар негізгі критерий бойынша бағаланды: тұрақтылық, мансаптық мүмкіндіктер, табыс деңгейі, еңбек жағдайы, корпоративтік бедел және work-life balance.
«Нарық тарапынан мұндай мойындауға ие болу — жүйелі және тереңнен қалыптасқан ішкі мәдениеттің, сондай-ақ жұмыс беруші ретінде ТШО брендіне деген сенімнің нәтижесі», — деп атап өтті Валерия Петрунина, ANCOR Орталық Азия бас директоры.
Адамдарға инвестиция салу — тұрақты көшбасшылық негізі
ТШО-ның жетістігінің басты факторларының бірі — адами капиталды дамытуға стратегиялық басымдық беру. 1993 жылы қызметкерлер құрылымындағы қазақстандық мамандардың үлесі 50 пайызды құраса, 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 95,5 пайызға жетіп үлгерген. Бұл жай ғана көрсеткіш емес, шетелдік тәжірибелі мамандарды тартудан бастап, жергілікті сарапшылар қорын құруға дейінгі трансформацияның көрсеткіші.
«Біз компанияның нағыз құндылығы оның адамдары екеніне сенімдіміз. Сондықтан әрбір қызметкер өз әлеуетін жүзеге асыра алатындай жағдай жасаймыз», — дейді Кәмшат Байжанова, ТШО адам ресурстарын басқару басқармасының бас менеджері.
2012 жылдан бері ТШО барлық деңгейдегі қызметкерлерді қамтитын көшбасшылықты дамытудың құрылымдық бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Компания қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі тәсілінен таланттарды басқару стратегиясына көшкен.
Бизнестің тұрақтылығын, маңызды лауазымдарда білікті мамандардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ТШО кадр резервін даярлаудың кешенді жүйесін қолданады. Мақсат — кез келген уақытта қажетті білімі, көшбасшылық қасиеттері, техникалық тәжірибесі бар мамандарға ие болу.

2007 жылдан бері ТШО-ның Қазақстандағы 470-тен астам қызметкері шетелдік мамандардың орнын басып, басшылық және техникалық қызметтерге тағайындалды. Ал 1999 жылдан бері 480-нен астам қызметкер құзыреттерді дамыту, білім алмасу және озық тәжірибелерді зерделеу үшін халықаралық немесе ішкі қызметтерге тағайындалды.
ТШО-да мансапты жоспарлау қызметкерлердің даму мақсаттарын компанияның бизнес мақсаттарымен ұштастыру арқылы жүргізіледі. Мансапты жоспарлау келесілерді қамтиды:
- мықты жақтарды және даму бағыттарын анықтау;
- қызметкер мен басшы арасында мақсаттарды тұжырымдау және үйлестіру;
- оқуға, өсуге және келесі кәсіби деңгейге шығуға мүмкіндік беру.
Тәжірибе мен мүмкіндіктер арқылы даму
ТШО қазақстандық мамандарға ел ішінде де, шетелде де тәжірибе жинау мүмкіндігін беру үшін серіктестермен белсенді ынтымақтасады. Халықаралық стандарттар мен технологияларға баса назар аудара отырып, техникалық саладан бастап басқарушылық салаға дейін бірегей құзыреттер кешенін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
«Горизонт» бағдарламасы мұнай-газ секторындағы жас мамандар үшін өсу драйверіне айналды. Сонымен қатар магистратура, ипотекалық несие бағдарламалары, медициналық сақтандырудың кең топтамасы бар — мұның бәрі ТШО-ны кәсіби даму үшін ғана емес, тұрақты өмір сүру үшін де тартымды орта етеді.
Жаңа буын корпоративтік мәдениеті
ТШО-ның корпоративтік философиясының өзегін инклюзивтілік, сенім, адалдық және командалық жұмыс қағидалары құрайды. Компания әралуандылықты құрметтеу, жаңа идеяларға ашықтық және барлық деңгейдегі көшбасшылық мәдениетін қалыптастырады.
«ТШО-ның сара жолының» құндылықтары — тиімділік, жұмыс үшін мақтаныш, көшбасшылық, мемлекет және қоғаммен серіктестік, сондай-ақ өндірістік оқиғаларға мүлдем төзбеушілік — күнделікті тәжірибеде мықтап орныққан.

Нәтижелер растаған бедел
ТШО-ның № 1 жұмыс беруші ретінде танылуы — сәттік жетістік емес, ұзақ мерзімді стратегиялық жұмыстың нәтижесі. Компания жұмыс орындарын ашып қана қоймай, HR, тұрақтылық және әлеуметтік жауапкершілік салаларында салалық стандарттар белгілейді.
ТШО елдегі ең ірі мұнай-газ кәсіпорны ғана емес, сонымен бірге адами капиталды дамытуды басымдық деп санайтын стратегияның ең дәйекті және мұқият ойластырылған мысалдарының бірі. Дәл осы қасиет компанияға көшбасшылығын сақтап қана қоймай, Қазақстанның бүкіл бизнес қоғамдастығы үшін бағыт-бағдар сілтеуге мүмкіндік береді.