Қазақ шежіресі шындыққа сай, ғылым мұны растап отыр – тарихшы

Радик Темірғалиев қазақтардың ДНҚ зерттеулеріне тоқталды

Радик Темиргалиев историк Казахстана, писатель, шежiре казахов, ДНК казахов, жузы
Радик Темиргалиев
Фото: баспасөз қызметінің мұрағаты

Популяциялық генетика мен тарихи зерттеулер қазақ шежіресінің шындыққа сәйкесетінін растайды. Бұл туралы қазақстандық тарихшы және жазушы Радик Темірғалиев Qalam Global көптұғырлы ғылыми-біліми жобасы Өскемен қаласында ұйымдастырған «Қазақ руларының тарихы» дәрісі барысында мәлімдеді.

Тарихшының айтуынша, осыған дейін көптеген зерттеуші, оның ішінде КСРО және Батыс ғалымдары да бар, феодал билік жалған шежіре мен идеология жасап отырған деген пікір айтқан. Ұжымды біріктіру үшін саяси мақсаттарға жету жолында ел басындағылар қол астындағы топтарды бір-біріне туысқан деп жариялаған. «Біз де осы ұстанымда болдық, мұндай еңбектерді оқыған кезде, оларды рас деп қабылдадым, осындай дәрежедегі беделді тұлғалар солай деп айтса, ойдан әлдене шығару қажет еместей көрінетін», — дейді ғалым.

Радик Темірғалиевтің дәріс тыңдаушылары
Радик Темірғалиевтің дәріс тыңдаушылары
Фото: баспасөз қызметінің мұрағаты

Алайда соңғы жылдары популяциялық генетика бұл пікірдің шындыққа сай еместігін көрсетіпті.

«Қазақстандық энтузиастар мен белсенділердің арқасында біздің елде өте көп адам зерттелді, олардың ДНҚ-сы қабылданды. Бұл ДНҚ зерттеліп, қазақ ұлтының негізгі гаплотоптары белгіленді», — дейді Радик Темірғалиев.

Оның сөзіне қарағанда, қазақ шежірелері бұл зерттеу барысында ғалымдарға бұрынғыдан қалған сөз бен генетиканы салыстырып көруде үлкен көмегін тигізген екен.

«Қандай да бір қазақ руы бірнеше тармақтан тұрады. Ғалымдар әр тармақ өкілдерінің ДНҚ-сын алып, тексеріп, олардың, яғни тармақтардың бәрі салыстырмалы түрде жақын уақытта, шамамен XVI–XV ғасырларда өмір сүрген бір адамнан тарағанын анықтады. Түптеп келгенде, қазақ рулары мен тайпаларының көпшілігі қан-туыстық негізде қалыптасқаны белгілі болды. Қазақ шежірелері рас айтады», — дейді авторы және дәріскері.

Зерттеулер көптеген рудың «басқа жақта пайда болды, бірақ саяси себептерге байланысты қазақ ұлтының құрамына сіңіп кетті» дегенге саятын болжамдардың да өтірік екенін айғақтайды: «Түрлі сөз бар, мысалы, адайлардың алшынға қатысы жоқ, олар — дайлардың ұрпағы екен дейді немесе беріштер бурчевичтерден тараған-мыс, яки шеркештердің қапқаздық черкестерге қатысы бар деп атайды. Шын мәнінде, бұл рулардың әрқайсысы көршілес жатқан қазақ руларымен туысады және оның бәрі түбінде бір адамнан тараған болуы әбден мүмкін. Қазақ шежіресі де дәл осыны растайды. Алайда көп уақыт бойы шежіреге мән берілмей келді, оны шалдар ойдан шығарған ертегі деп қабылдады».

Дегенмен, кей рудың жағдайы бөлектеу екен.

«Мысалы, наймандарда не қыпшақтарда бірыңғай, бәріне ортақ гаплотоп жоқ, олардың құрамы түрлі гаплотоптан тұрады. Себебі бұл тайпалар ру емес, халық болған, кезінде өз мемлекетін құрған. Және мұндай халықтарға түрлі ру кірген. Қазіргі қазақтардағы наймандар не қыпшақтар — сол ежелгі халықтардың бір бөлшегі», — дейді Радик Темірғалиев.

Дәрісі барысында ғалым бұдан бөлек қазақ руларын зерттейтін ғылымның қалыптасу тарихы, көшпенділердің рулық-тайпалық құрамының түрі, қазақ қоғамының түрлі топтарының өзара қатынасы, сонымен қатар қырма, яғни қазақ руларына кірген өзге ұлт өкілдері туралы айтып берді.

Радик Темірғалиев — қазақстандық тарихшы, жазушы. «Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы», «Соңғы батырлар дәуірі», «Қазақтар мен Ресей», «Қазақтар. Ата жолы», «Тамға. Қазақ руларының тарихы» кітаптардың авторы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте