Three Flames Pictures компаниясының продюсері Надира Ахонова әлемдік кинобизнестің ортасына қалай енді

Қазақ қызының жобасы қалайша «Эмми» сыйлығын алды, оның болашақ жоспары қандай

Бұл туралы продюсер Надира Ахонова Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтады.

F: Сіз кино саласына қалай және қай кезде келдіңіз? Қайда білім алдыңыз, қандай мамандық бойынша оқыдыңыз? Сіз үшін кинемотографиядағы жол қалай басталды?

- Мен қыздарға арналған гимназияда білім алдым. №2 музыкалық мектепте оқыдым, онда фортепиано класы бойынша дәріс алып, оқу орнын үздік тәмәмдап шықтым. Содан Семейдегі Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетке оқуға түсіп, онда «аударма ісі» мамандығын меңгердім, жоғарғы оқу орнын да қызыл дипломмен аяқтадым. Ал кино саласындағы алғашқы қадамым екінші курста жасалды десем болады. Сол кезде Семей полигоны туралы деректі фильм түсіру үшін біздің қаламызға британдық режиссер Энтони Батсс келген болатын. Ал ректорат онымен жұмыс істеуге мені жіберді, себебі мен үздік студент болатынмын. Алғашында аудармашы болдым, режиссер мен ядролық сынақтардан зардап шеккен тұрғындардың арасында ілеспе және синхронды аударма жасадым. Ал фильмнің бір бөлімі түсіріліп болған соң, қазақ тіліндегі аудио материалды ағылшыншаға аударуға кірістім (субтитр). Сол кезде Энтони Англияға ұшып кетті, ал онда жеткенде өзі жұмыс істеген Clarity Productions компаниясының тарап жатқанынан хабардар болады. Сондықтан режиссер маған фильмді аяқтау мүмкін болмайтынын, тіпті аударма ақысын төлей алмайтынын жеткізді. Бірақ мен соған қарамастан ақысыз жұмыс істеуді жалғастыра бердім. Кейін Энтони несие алып, маған желілік продюсер болуды ұсынды. Осыдан кейн ол Семейге қайта оралды, ал мен бұл кезде барлық ұйымдастыру жұмыстарына жауапты болдым. Уақыт өте бұл туынды «More 4» арнасы арқылы көрсетілді және қоғамның қызу талқысына түсті.

F: Америкаға алғаш оқу бағдарламасы бойынша барған екенсіз. Алғашқы кезде официант болып қызмет етуге тура келген екен. Қаншалықты қиын болды, қайда білім алдыңыз, киностудиялармен қалай байланыс орнаттыңыз?

- Мен білім алған гимназияда ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын. Сол кезде Америкаға баруды армандайтынмын. Ал екінші курста оқып жүргенде «Work & Travel USA» бағдарламасы туралы естідім. «Summer Work and Travel» бағдарламасы шетел студенттеріне жазғы каникулда Америка штаттарында жұмыс істеуге және жергілікті тұрғындар сияқты уақытша тұруға мүмкіндік береді. Дәлірек айтсақ, олар қонақ үйлерде, мейрамхана бизнесінде көмекші ретінде жұмыс істей алады. Мен осы бағдарлама бойынша даяшы болып істедім. Осылай мұхитың арғы жағына бір емес, екі рет барып қайттым және төртінші курста шетелдің жоғарғы орындарына, халықаралық тестерге дайындалуға кірістім. Ал университет допмломын алысымен бір жылға Сан Деигоға, Калифорния штатына аттандым. Сан Диегода түрлі кастингтерге қатыстым, Эрик Морисстің әдісі бойынша актерлық шеберлік курстарына бардым және сонымен бірге, отельдер және ресторандармен Work & Travel бағдарламасы бойынша J1 кандидаттарын жұмысқа тұрғызу үшін келісімдер жасадым. Сол жақта жүріп TOEFL және GMAT емтихандарын тапсырдым және магистратура бойынша білім алу үшін университеттерге өтініш бердім. Көп ұзамай Лондондағы Вестминстер Университетінен және басқа да бірқатар жоғарғы оқу орындарынан шақырту келді. Алайда менің қолымда оқуға қажетті $40 000 болмады, сондықтан ең алдымен жұмыс істеп, бизнес ашып, оқуға табысым еселенген кезде түсу туралы шешім қабылдадым. Араға уақыт салып студенттер алмасу бойынша Америкадағы бірқатар серіктестермен тығыз байланыс орнатып, Қазақстанға қайта оралып, елімізде Білім беру және студенттер алмасу бойынша өз компаниямды аштым.

F: Иә, бұл бизнесті Нұр-Сұлтан мен Алматыда ашқан екенсіз. Оның нәтижесі қандай?

- United World жобасына 10 жыл толды. Біз осы уақыт ішінде мыңнан астам шәкіртті Америкаға жібердік. Олар: Work & Travel USA, «АҚШ-та тәжірибен өту», «Жазғы каникул», «Шетелде оқу» және т.б. бағдарламалар. Қазір пандемияға байланысты қатысушылар саны азайды, бұндай жағдай барлық салада байқалуда, бірақ біз жұмысымызды жалғастырудамыз.

Голливудтың бірнеше компаниясымен жұмыс істеп үлгерген екенсіз. Қандай студиялармен істедіңіз, қандай жобаларды жарыққа шығардыңыздар? Оның ішінде сіздің үлесіңіз қандай болды?

- Мен Голливуд компанияларымен жұмыс істемес бұрын, HBO, Vice Media, SABC,PPTV, NY Times, Bloomberg және осындай бірқактар беделді компанияларда бірнеше деректі фильмнің продюсері болдым. Мысалы, Three Flames Pictures-пен 7 жыл қатарынан істеп келемін. Біздің соңғы жобамыз: «Shame» картинасы болды, біз оны Түркияда түсірдік, бұл АҚШ пен Қазақстанның бірлескен туындысы. Продюсер Тревер Дойл және Алекса Хан негізін қалаған Three Flames Pictures компаниясымен жұмыс істеудің өзі бір ғанибет. Олардың ойынша түрлі мемлекеттер арасындағы бірлескен жұмыс достықты нығайтуға, мәдени байланысты арттыруға ықпал етеді және осылайша түрлі мәдениет өкілдеріне тән ортақ дүниелерді көруге мүмкінік береді. Бұл бағытта оның таланты ерекше. Ал жобаны атқарушы продюсері 91 тобының жетекшісі Ероблат Беделхан болды. Біз бұл туындыда танымал дыбыс режиссеры және музыкалық продюссер Вил Масисактың жұмыс істегенін, ал трлейлердің әуенін Ерболат Беделхан жазғанын қуана хабарлағымыз келеді.

F: Түркиядағы жоба турабы толығырақ айта кетсеңіз. Сіз онда продюсер ретінде әрі басты рөлде ойнаған екенсіз. Бұл қандай жоба, кімдер ойнады, көрермен назарына қашан ұсынылады?

- Бұл толықметражды картина, психологиялық драма жанрындағы триллер. Мен онда басты кейіпкердің бірін, Мәдина есімді қазақ қызын ойнадым. Менің фильмдегі жолдасымды Түркияның белгілі актеры Джейхун Менгироглу сомдады. Ол бұған дейін «Абулхамид тағына құқық» және «Түс» фильмдеріне түскен. Біз оған бір ай дайындалдық, картина үшін фортепианоға арналған арнайы музыка жазылды, мен оны фильм барысында өзім орындадым. Кино түрік және ағылшын тілдерінде түсірілді. Біз бұл лентаны әлем елдерінің кинофестивальдеріне жіберуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар 6-8 айдан кейін Түркия және басқа елдерде прокатқа шығады.

F: Түркияның кинонарығына қай кезде келдіңіз? Онда қандай жобаларды қолға алудасыз, кімдермен істейсіз?

- Бұл біздің Түркияда түсірген алғашқы туындымыз. Қазіргі күні тарихи және басқа жобалар бойынша келісөздер жүріп жатыр. Бірақ оның құпиясын әзірге жария ете алмаймын. Дегенмен, бұл жайында жуық арада толық білетін боласыздар деп ойлаймын.

F: Сіз продюсерлік еткен «Genetic Passport» деректі жобасы «Эмми» халықаралық сыйлығын алған екен. Фильм несімен ерекшеленді, идея қалай келді, қайда түсірілді?

- Бұл фильм Семейде, Шығыс Қазақстан облысының Абай, Саржал аудандарында түсірілді. Фильмнің негізгі идеясы- генетикалық паспорт жасау болды, яғни осы арқылы бала жоспарламас бұрын ата-ананың бойындағы генетикалық ауытқыушылықты анықтау. Біз бірқатар генетиктермен тілдестік, олардың пікірінше бүгінгі заманда гетеникалық құжатттың болуы маңызды. Бұл паспортсыз отбасы құру, бала сүюге болмайды, бұл әсіресе жылдар бойы жарылыстардан жапа шеккен Семей өңірі үшін аса қажет. Біздің мақсатымыз -Қазақстанда Генетикалық паспортты енгізу болатын және оны Шығыс Қазақстаннан бастау ұсынылды. Себебі полгон зардабы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.

F: Осыдан біраз уақыт бұрын жапон режиссеры Масару Ясокаваның «Discommunication» қысқа метражды фильміне түсіпсіз. Бұл туындының Канн фестивалінде көрсетілгенін білеміз. Сізге кім ұсыныс жасады, онда кімді ойнадыңыз?

- Бұл картина 71-ші Канн кинофестивалінде түсірілді. Біз онда Three Flames Pictures атынан «Short Film Corner» (Court Métrage) бағдарламасына «Seven Rounds» жобасын ұсынған едік. Режиссер Мосару Ясокава маған басты кейіпкерді ойынауға ұсыныс жасады, оның есімі Сабина, қазақ қызы, қазақша сөйлейді. «Discommunication» фильмі әлемнің көптеген елдеріндегі кинофестивальдерде көрсетілді. «Sand Dance», «Уруватти», «Порт-Блэр» Андаман және Никобар аралдары, «Жарық және болашақ» Халықаралық кинофестивальдерінің жүлдегері атанды. «Үздік қысқаметражды триллер», «Үздік режиссер», «Үздік қылмыстық қысқаметражды фильм» номинацияларын иеленді. Ал жуырда бұл картина Нью-Йоркте өтетін «Gold Star Movie Awards» кинофестивалінің ресми экранизациясына алынды.

F: Қазақтың мақтанышы Геннадий Головкинмен деректі фильм түсірген екенсіз. Бұл жоба қашан түсірілді және қайда көрсетілді? Фильмде Генаның қандай қырларын аштыңыздар?

- GGG жобасын біз 2016 жылы дайындадық. Деректі фильм Генаның туған жерінде, Қарағанды қаласында түсірілді. Әйгілі боксшының балалық шағы қамтылды, оның ұстаздарынан, жаттықтырушысымен және достарымен тілдестік. Оның адалдығы, тәрбиесі, қарапайымдылығы, ашықтығы мені қатты таңқалдырды және мен оған арнап кезінде өлең жолдарын арнаған едім.

F: Сіз айналысатын картиналардың бюджеті кімдердің тарапынан бөлінеді? Бұл негізінен жеке инвесторлар ма және жобалар өзін қалай ақтайды?

- Біздің компаниямыз, яғни Three Flames Pictures жеке инвесторларды тартады. Сонымен қатар Канадада біздің өз қорымыз бар, олармен үлкен жобалар бойынша эксклюзивті келісімдер жасалған. Біз негізінен ірі дистрибьюторлармен жұмыс істейміз. Бізде фильмдерді әлемнің 30 астам елінің кинотеатрларына шағырумен қатар, оларды Netflix, Amazon Prime, Hulu және т.б сияқты ірі платформаларында көрсететуге мүмкіндігіміз бар.

F: Біраз уақыт бұрын Үндістанмен, ондағы продюсерлермен әріптестік орнатқан едіңіз. Бүгінгі күні Болливудпен байланыс қандай?

- Үндістанмен байланысым 2017 жылы Мумбай қаласына барған кезімде басталды. Қазақстанда «Кино туралы заң» қабылданып, кинокомиссия құрылған сәтте мен продюсер мен режиссерды локацияларды көруге шақырдым. Атыс-шабыс туралы фильм түсіру жоспарланды, онда Арджун Сарджа, Джаяма Рави, Тапси Панну ойнауы тиіс еді. Бұл картинаны бірнеше елде және бір бөлігін Қазақстанда түсіру көзделді. Лента еліміздің әдемі жерлерінде, оның ішінде Қайыңды көлінде, Шарын шатқалында, Бұрабайда таспалануы тиіс болды. Бұл үшін алдын ала дайындық жүрді. Түсіру жұмыстарын Әзербайжаннан кейін сол жылдың қазан айында Қазақстанда жалғастыру жоспарланды. Біздің негізгі локациямыз «Астана Опера» болатын, онда үнді тойының көріністері түсірілетін еді. Бірақ, өкінішке қарай, бізге рұқсат бермеді. Кинокомиссия рұқсат алу үшін барын салды, бірақ нәтиже болмады. Бұл Үндістан туристерін тартуға, елімізің әдемі жерлерін көрсетуге керемет мүмкіндік еді, бірақ олай болмады. Өйткені қазір саяхатшылардың көбі фильмдегі керемет локацияларды өз көздерімен тамашалау үшін көптеп барады. Ал бұл жағдай елдердің ұлттық экономикасына оң ықпалын тигізуде. Сондықтан жоба Әзербайжанда түсірілді, себебі бізде қолдау болмады. Мен Болливудтың Қазақстанға келуіне мүдделімін және оларды шақыруға мүмкіндігім жетеді. Бұл үшін кинокомиссияның көмегі қажет. Олар сол үшін құрылды.

F: Сіз үшін кинобизнес қаншалықты табысты. Картиналар өзін қалай ақтайды, кіріс неге байланысты?

- Фильм табысты болмауы мүмкін деген жорамал кез келген уақытта болады. Мен продюсер ретінде ең алдымен қаржы жағына көп мән беремін. Ал ондай жағдай болмас үшін біздің команда картинаның барлық кезеңіне күш салады. Яғни, сценарий жазу барысында дистрибьюторлармен келісімдер жасап, фильмді бірнеше елдің кинотеатрларынан көрсетуге кепілдік алып, сонымен бірге үлкен платформаларға шығару мәселелері алдын ала шешіліп отырады.

F: Қазақстан кинемотографиясы туралы не ойлайсыз? Кино туралы жаңа заң, ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы туралы пікіріңіз қандай?

- Қазақстанның тарихы терең әрі бай. Менің ойымша біз осының бәрін жаһанға жеткізуіміз керек. Біздің ел оған әбден лайық. Бізде көптеген таланттар бар, креативті режиссерлар, қоюшы-операторлар жеткілікті, оларды халықаралық жобағаларға қатыстыруға мүмкіндігіміз жетеді. Мысалы, Голливуд, Болливуд, Колливуд, Толливуд негізінен шет елдерде түсіреді. Яғни, оларды рибейт, жеңілдіктер (cash back incentives) қызықтырады. Ал Қазақстанға әлемдік режиисерларды тарту үшін біздің елді ірі кинофествальдерде кеңінен таныстыру керек. Мысалы: TIFF, BIFF, HKIFF Cannes Film festival, Berlinale, American Film festival және т.б. Сонымен қатар локацияларды көрсету үшін fun trips (recce) ұйымдастыру керек. Кино саласында тәжірибесі мол, әлем елдерінде кинокомиссияларды құруға үлес қосқан шетелдік консультанттарды шақыру маңызды.

F: Қазір қайда тұрасыз, қайда және кімдермен жұмыс істейсіз? Қазақстанмен байланыс қандай? Жоспар туралы айтып өтсеңіз?

- Дәл қазір Түркиядамын. Уақытымның көбі сосында өтеді. Өйткені өзге елдерге ұшып кету үшін өте ыңғайлы. Сол Three Flames Pictures компаниясында істеймін. Қазіргі күні біз үшін виртуалды студияны жасау маңызды жобалардың бірі болып отыр. Бұл жоба бюджетін 25-50% үнемдейді. Дәстүрлі түсіру әдісінен қарағанда әлдеқайда тиімді. Локация ауыстыруға уақыт кетпейді, ауа райының қолайсыздығына байланысты үзіліс болмайды, электр қуатын үнемдейді, алаңдағы адамдар саны шектеулі, дыбыс сапасына кедергі жоқ. Режиссер барлық процесті бақылап отырады. Жарықты, күнді өзгертуге болады, қажет болса бұлт қосуға мүмкіндік бар. Локацияны ауыстырып, бірде Ватиканда, бірде Эверест шыңына шығып кетесіз. Бұның бәрін виртуалды студияның көмегімен жасалады. Оған қоса бұл студиядағы біздің серіктестеріміз көптеген әйгілі жобаларда, оның ішінде «Убийство в Восточном Экспрессе», «Мандалорец», «Форсаж» (барлық бөлімі), «Мир Дикого Запада», «Гарри Поттер» ( барлық бөлімі) және т.б. жұмыс істеген. Біз олармен бірлесіп Лос-Анджелесте виртуалды студияны құрдық, ол қазір Warner Bros и Pepsi-мен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Болашақта ондай студияларды Англия, Австралия, Атланта, Джорджияда құру ойымызда бар. Қазақстанда қолға алса жақсы болар еді, өйткені осы арқылы Марвел, Warner Brothers компанияларын тартуға болар еді. Сонымен қатар Қазақстанда анимациялық студия салу жоспарда тұр. Біз өз кезегімізде қазақстандық инвестортармен жұмыс істеуге әзірміз. Бұл барша үшін тиімді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3985 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
2 августа родились
Аскар Жумагалиев
чрезвычайный и полномочный посол Республики Казахстан в Королевстве Нидерландов
Махмуд Касымбеков
руководитель канцелярии первого президента РК
Бронислав Шин
председатель совета директоров АО "Алматыинжстрой"
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить