Әлем елдерінде мұнай іздеумен айналысқан қазақ қызы елге оралды

13981

Алматылық Ғалия Садықова Қазақстанда немен айналысады

Қазақстандық бойжеткен қандай елдерде болды, тербелген теңіздегі алып кемеде жұмыс істеу қаншалықты қиын болды, жерлесіміз неліктен елге оралды, қандай салаға бет бұрды? Бұл жайында Ғалия Садықова Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

F: Ғалия оффшорда қанша уақыт жұмыс істедің? Елге орлалуыңның себебі неде?

 - Иә, мен 2 жылдан астам уақыт бойы оффшорда, мұнай компанияларының бірінде жұмыс істедім. Жуырда теңіздегі кәсібімді жағалауға алмастырып, Қазақстанға оралдым. Бұған жеке басымдағы жағдай және бизнес жоспарым себеп болды, дәлірек айтсам одан әрі дамуды ойлаудамын. Егер мен бұған дейін әуе толқындары арқылы мұнай іздеумен айналысқан болсам, ендігі жерде оны магнитті,электірлі және радиоактивті толқындар арқылы анықтайтын боламын. Әлі есімде. Мен елден кетер кезде ата-аналарымнан өтініп сұрандым және екі жылда қайта оралатынымды айтқан болатынмын. Солай болды. Әрине, үйренген жерден кету барысында қимастық болды. Бірақ менің жұмысым жалғасады. Кәсібім өзгереді, бірақ мұнай саласынан қол үзген жоқпын, мен істеген компания мені елге келген соң Қазақстанның батысына, Орал, Атырау, Ақтауға жұмысқа жіберді.

F: Сен жұмыс істеген компания қалай аталады? Қазақстанмен қандай байланысы бар?

- Компанияның атауы туралы айта алмаймын. Айта кететіні, әлемге белгілі, халықаралық компания, барлық мемлекеттерде филиалдары бар, көптеген елдермен байланыс орнатқан, Қазақстан мұнай өндіруші мемлекет болғандықтан олардың бізде үлкен жобалары, үлкен нысандары бар.

F: Еліміздің батысына неге жіберді? Онда немен айналысасың?

- Батыста мен 3 ай уақыт болдым. Біздің орналасқан жеріміздің ерекшелігі шалғай жерде болуына. Мен ер азаматтармен жұмыс істеп үйренгенім соншалық, жан дүниемде еш өзгеріс болған жоқ. Әрине, шет елдіктермен жұмыс істеген қызық, тәжірибе жинайсың, бірақ қазақтың жігіттерін ешкіммен салыстыруға келмеді. Жалпы, мен 3 жылдан астам уақыт бойы шалғайда орналасқан мекемеде қызмет еткен жалғыз қыз болдым. Сондықтан болса керек, кеңседе гүлдер уақытыда суғарылып, артық қоқыс болмады, ұжым әрдайым тимбилдингке, табиғатқа шығып, демалып тұрды.

F: Қазіргі жұмысыңның тәртібі қандай? Бұрынғысынан айырмашылығы бар ма? Кәсібіңде не өзгерді?

- Бұған дейінгі өмірімнен не өзгерді дейсіз ғой. Иә, бастысы жол айырымашылығы. Мәселен, бұған дейін жұмысқа 34 сағат ұшатын болсақ, бұл жерде небары 3 сағат қана болады. Мен болған қалалардың дәрежесі әртүрлі. Онда көптеген порттар шалғайдағы шағын қалаларда орналасқан, мәселен Мексикадағы Вилльярмос немесе Алабамадағы Мобиль сияқты. Менің орналасқан жерім де дәл осындай. Жақсы отель, компания талабына сай қауіпсіздік деңгейі жоғары, жергілікті тәтті тағамдар, жұма сайын дәмді бешбармақ. Тегіс тас жол тек орталық көшелерде ғана, бастысы осында істеп келе жатқан және енді келген адамдардың жан дүниесі ерекше, өз алдына жайлы да ыңғайлы жер.

F: Онда барысымен немен айналыстың? Қандай жоба күтіп тұрды?

- Бірінші аптада базаның қабырғасын жуумен болдым. Жаңадан келгендерді қабылдау барысында осындай дәстүр қылаптасқан. Әзіл. Бастысы бірнеше жаңа жобаларға кіріспес бұрын белсенділікті арттыру қажет болды, ал мен жаңадан келген жұмысшы ретінде айналаға барынша пайдалы болғым келді. Себебі, мен кез келген қиындықтарды еңсеруге дайынмын, бұл үшін жанарымнан бір тамшы да жас тамбайды. Үш айдан кейін мені Араб Әмірліктеріне жіберді, себебі мен мамандығымды ауыстырдым, компания мені бәріне үйретуге әзір, бәрін басынан бастап түсіндіріп, жаңа саланың негізін санама сіңдіру арқылы 3 айда супер-инженерге айналдырмақ. Әмірлікте 50 градус ыстық болды. Бірақ, тағы айтам ең қиыны бұл емес.

F: Демек қиындықтар әлі алда ма? Дегенмен, құрлықтың жұмысы теңізден қиын ба, әлде керісінше ме?

- Жарайды, көңілге жағымды жақтарын айтайық. Бастысы менің вахтам теңізде емес, жағада, яғни шамалы болса да қауіпсіз. Бұл мұхиттың ортасындағы бірнеше тонналық темір алаң емес, кез келген уақытта қысымнан қақ айырылатын бұрғылау жұмыстары. 4 апта жұмыс, 4 апта демаламын. Ал оффшорда мен 7 апта теңізде, 3 апта үйде болдым, бұл өте жақсы өзгеріс екенін айта кеткім келеді. Екіншіден, нәзік жандарды құрметтейтін нағыз қазақ жігіттерімен жұмыс істеймін. Олар маған 2-3 келіден артық көтергізбейді, менің арнайы сертификаттарым бола тұра қаупті нысандарға жолатпайды, аш қалдырмайды, бұрғылау шалғайда болса да шай ішуге печенье тауып әкеп береді, мейлі ол ашылған болсын, бір сөзбен айтқада бар жағдайды жасайды. Арамызда өзара ымыра, келісім бар. Ал олар үшін шай құятын, қатал менеджерден еш қиындықсыз жаңа кофе қайнатқыш немесе компьютер сұрап алатын адам бар. Осылайша қай өңірде шайды қалай ішетінін, қалай құятынын біліп алдым.

F: Мүхит пен теңіз арқылы күллі әлемді аралап шықтың. Шет елдегі жұмысыңнан кеткеніңе өкінбейсін бе?

- Жоқ, қызметімді құрлыққа ауыстырғаныма еш өкінбеймін. Бұл менің негізгі мамандығыма сай, (КБТУ, кен орындарын өңдеу). Қиындығы да, жауапкершілік деңгейі де жоғары. Сонымен қатар, менің локациям ауысып отырады. Ендігі жерде бұл Баренцево немесе Норвегия теңіздері емес, Ақсай, Баку немесе Сібір болады.

F: Сен шет елде қандай аймақтарда, қандай жобаларда жұмыс істедің? Қыз балаға ерлер арасында, алып кемеде жұмыс істеу қиын болмады ма?

- Теңіз бен мұхитта мен 6 үлкен жобаға қатыстым. 11 елде болдым, 62 рет әуеде, жалпы алғанда 305 жұмыс күнін теңіз бен мұхит ортасында өткіздім. Мен үшін ең қиыны және қауіптісі полярлы шеңберде болды. Толқындардың күштілігі соншалық, алып кемені тербелтіп жіберетін. Бірақ, арада 2 күн өткен соң, оған да етің үйренеді. Қазір еліміздің батысында жүріп, бірнеше бұрғылау орындарында болып үлгердім. Болашақта кен орындарындағы бұдан да қиын кезеңдерге әзірмін. Мен жоба әзірленіп жатқанда күнге қарсы крем, сланцы, денеге арналған май алуды ойлағанмын. Осы кезде кеңсеге басшымыз кіріп келіп, Ғалия біз Атырауға баруымыз керек, дәлірек айтсақ одан ары қарай екі күн, жол болса жоқ, ұшақ, поезбен емес көлікпен баратынымызды айтты. Онда жылан, өрмекші, таракан барын, оған қоса дайын ас болмайтынын, қыз болғандықтан бәрін өзің пісіресің, біз тек картоп пен бұқтырылған ет аламыз деді. Душтың жағдайын бара көреміз, уайымдама, далада емес, контейнерде жатамыз, ары кетсе екі апта болармыз деген болатын. Осылайша жолға шығып, онда 5 жігітпен кәдімгі темір контейнерге, темір кереуетке жайғастым. Басты блокта әйел бөлмесі болды, бірақ ондағы көрші бөлмелерде жігіттер көп болды. Бұрғылау орындарында қыз балаларға бөлек жағдай жасалмаған, бұл кез келген мұнайшыға белгілі. Мен мұнай-газ саласынада бұндай жағдайлардың болатынын білдім, біле тұра таңдадым. Амал жоқ, кейін әріптес жігіттердің контейнеріне жайғастым, бірақ мен орналасқан жер қауіпсіздігі жағынан ең қолайлысы болды.

F:  Бөлек жағдай жасау туралы өтініш жасаған жоқсың ба? Осылай контейнерде жатуға тура келді ма?

- Жоқ, олай емес. Алғашқы түні қатты қорықтым, контейнердің тесіктерінен соққан желден өлердей шошып, түнгі сағат 3 кезінде әріптесімді оятып алдым. Келесі күні мені бұрғылаушыларға арналған екі адамдық «люкс» бөліміне ауыстырды. Онда душ бөлмесі, тіпті вайфай бар. Бұған бұрғылаушылар бас шеберінің арқасында кол жеткіздім, ол менің контейнерде жатқанымды тек күндіз, жұмыс кезінде ғана білген және маған дұрыс жағдай жасалмағынана таңқалды. Міне, қыз баланың бұрғылаушылар,жігіттердің арасындағы ықпалы осындай. Біз бұл жердің көркіміз, бізге барынша құрмет жасалады, асхана тағамдарын өзгелерге қарағанда молырақ салып берді. Бәріне төзу керек. Егер өмір сүргің келсе, кез келген тығырықтан шыға білу керек.

F:  Сенің еңбегін қалай бағаланады? Егер құпия болмаса жалақы көлемі қандай?

- Оны жариялауға құқылы емеспін. Бастысы лайықты бағаланады, өзіме жеткілкті. Осы күнге дейін менің компаниямнан жалақының төмендігіне байланысты кетіп қалған адамдар болған емес. Еңбекақымыздың көлемі кез келен мұнай-газ компанияларымен бәсекеге түсе алады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить