Қазақстанда «Ұлы Дала Еліне саяхат» экспедициясы басталды

National Geographis және тәжірибелі саяхатшылар қатысатын жоба қандай аймақтарды қамтиды

Сапардың мақсаты қандай, қанша уақытқа жалғасады, ішкі туризмді дамытуға, шетел саяхатшыларын тартуға қандай үлес қосады. Forbes.kz тілшісі «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы ұсынған мәліметтер негізінде, экспедицияның бағыты мен жоспары және алғашқы күні туралы материал әзірледі.

 Астана. 2018 жыл. 18-ші шілде. Қазақстанның бас қаласынан алғаш «Ұлы Дала Еліне саяхат» атты ауқымды экспедиция жолға шығып кетті. Көлік керуенінің құрамы 140 адамнан тұрады, олардың ішінде кәсіби сарпарсеріктер, тәжірибелі саяхатшылар, журналистер, блогерлер, депутаттар және медиа тұлғалар бар.

Саяхатты ұйымдастырушы «Kazakh Tourism» мәліметі бойынша бұл экспедиция Астана қаласының 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша өткізіледі. Шара 3 айға жалғасады.

Осы уақыт аралығында кәсіби мамандардан құралған топ еліміздің ең қызықты жерлерін аралап, олар туралы қазақстандық және шетелдік туристерге баяндайтын болады. Сапар картасы алдын ала айқындалған, олар алты бағыт бойынша, яғни«Таянь-Шянь маржаны» (Алматы облысы), «Алтай-өркениет бесігі» (Шығыс Қазақстан облысы), «Жоңғар Алатауы» Алматы облысы, «Сарыарқа» (Ақмола облысы, Павлодар, Қарағанды Қостанай облыстары) «Теңізден теңізге дейін» (Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары) және «Жаңа Жібек жолы» (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары) болып белгіленді. Керуен сапары 2018 жылдың 29 қыркүйегінде Түркістан облысында аяқталады.

 -Сондықтан, біз Қазақстанның түкпір- түкпіріне баратын, Алтайдан Жібек жолына, Тянь-Шаньннан Каспийге, Сарыарқадан Алатауға дейінгі аралықты қамтитын экспедицияны ұйымдасытырып жатқанымызды мақтаныш етеміз. Ал экспедиция нәтижесі бойынша алынған ақпараттар тек қана маркетинг үшін емес, сол жерлердегі туризмді ары қарай дамыту үшін қажетті инфрақұрылымдық шешімдерді табуға мүмкіндік береді. Осы мәліметтер президент тапсырмасы бойынша жасалып жатқан туризм бойынша мемлекеттік бағдарламаның негізіне жататын болады- дейді «Kazakh Tourism» ҰК АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

 Басқарма төрағасының мәліметінше қазіргі күні қазақстандықтардың көбі ел ішінде саяхаттауға қызығушылық танытып келеді. Оған кейінгі статистика дәлел бола алады екен. ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылы ішкі туризм 2016 жылмен салыстырғанда 20% артқан, яғни демалушылар саны 4,5 млн-нан 5,5 млнға дейін өскен. Бұл дегеніміз халықтың ішкі саяхатқа деген белсенділігінің артқанын көрсетіп отыр және жоғарыдағы көрсеткіш күн өткен сайын өсуде.

Сонымен қатар, Қазақстанға келіп жатқан шетел туристерінің саны артқаны байқалады. Дерек бойынша өзге елдерден келушілер қатары 18% артқан, дәлірек айтсақ 2016 жылы Қазақстанға 6,5 млн турист келсе, 2017 жылы олардың саны 7,7 млнға дейін жеткен. Статистикаға сүйенсек соңғы 4 жылда, яғни 2012-2016 жылдары аралығында сырт мемлекеттерге шығатындардың қатары небары 6% өскен. Демек, кейінгі деректер Қазақстанның ішінде демалуды қалайтындардың көбейіп отырғанын көрсетуде. Себебі, тек 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы мәліметтер бойынша өз жерімізде саяхаттағандардың саны 6,8% өсіп, олардың саны 1 млн 86 мың адамды құраған. Шет мемлекеттерден келетіндердің саны болса 29,4% жоғарылап, 1,7 млн адамға жетіпті. Бұл дегініміз Қазақстан тәуелсіздігінің тарихындағы ең жоғарғы нәтиже болып отыр.

-Статистикалық көрсеткіштердің жоғарылауы заңдылық. Себебі, Қазақстанның табиғаты бай, жері байтақ, таулар, өзен мен көлдер, орман мен тоғай, бәрі бар. Ақпарат құралдары бұл шараны уақытында көрерменге жеткізіп отыратын болады. Kazakh TV арнасы аталған сапар туралы арнайы хабар түсіретін болады. Жолда олардың қатарын National Geographis арнасы толықтыратын болады. Ал эскпедиция құрамында тәжірибелі саяхатшылар, мәселен Qazaq Geography РҚҚ атынан Нұржан Алғашев, «Табиғат» продакшн- студиясының директоры Максим Левитин, «Nomad Explorer» атынан Дәурен Раптаев, Константин Киквидзе бар-дейді басқарма төрағасы.

Бұл сапардың миссиясы мен міндеті ерекше. Себебі, экспедиция кезінде аймақтар инфрақұрылымы жіті зерттеледі, қасиетті орындар, киелі мекендер белгіленіп, жаңа бағыттар нақтыланады. Бұның бәрі болашақта ішкі туризмнің дамуына, кластерді қалыптастыруға, ел экономикасын дамытуға серпін беріп және ең бастысы қазақстандықтарды өз елінде саяхаттауға мүмкіндік жасауы тиіс. Өйткені, әлем елдерінде бар кереметтің бәрін Қазақстанның барлық аймақтарынан кездестіруге болады.

- Қазіргі кезде туризмнің дамуына Үкімет тарапынан көп көңіл бөлініп жатыр. Жақында Елбасы өзінің Бурабайға жасаған сапары кезінде Қазақстанның көркем жерлерін отандастарымызға ғана емес, шетелдіктерге көрсететін уақыт келгенін айтқан болатын. Қазірдің өзінде біз қазақстандықтардың өзіміздің туған жерді, ата-бабамыз мұрасын тануға қызығушылығы артып келе жатқанын байқап жүрміз. Еліміздің табиғаты ерекше – мұнда тау да, жазық дала да, орман да, көл де, өзен де бар-деп мәлімдеді төраға

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
11975 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
8 декабря родились
Айнура Кунхожаева
исполнительный директор по финансовым и агентским услугам АО «Казпочта»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить