Түркістанға тарту: Қалада тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасының іргетасы қаланды

Вице-премьер Асқар Маминнің қатысуымен басталған құрылысты Қызылорда облысы қолға алды

Қалған нысандарды қай өңірлер салады, шаһарға қанша инвестиция тартылады, жер телімдерін босату мәселесі қалай шешілуде? Бұл жайында Forbes.kz сайтының шолуында кеңірек айтылады.

Түркістан облысы баспасөз қызметінің мәліметінше бұл нысанды Қызылорда облысы тарту етуде және оның жалпы аумағы 1730 шаршы метр болады. Ал оның іргетасын қалауға аймаққа арнайы барған вице-премьер Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және өзге де облыс басшыларының орынбасарлары, ұлттық компания өкілдері мен инвесторлар қатысты. Шығыс моншасы – тарихи сәулет үлгісінде салынады. Құрылыстың мердігері «Бақ-Береке ЖШС компаниясы екен. Оның құрылысын 2019 жылдың қазан айында толық аяқтау жоспарланған.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан қаласының құрылысымен танысты, қаланы дамытуға арналған мәжіліске төрағалық етті. Вице-премьер барлық облыс өкілдері қатысқан жиында құрылыс қарқынын арттыру керектігін және көне қаланы дамытуды Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жіті қадағалап отырғанын жеткізді.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, мәжілісте президенттің Түркістан қаласын дамыту мақсатында берген тапсырмаларын орындау бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баяндама жасады. Ең алдымен, шаһардағы құрылысқа қажетті жер телімдерін босату мәселесіне қатысты сөз бастаған аймақ басшысы рухани-мәдени орталықта орналасқан 168 нысанның бағалау жұмыстары әзірленіп, бүгінгі күнге 101 нысан иелері ұсынылған бағамен келіскенін жеткізді. Соның ішінде 51 тұрғын үй иелеріне 621 млн 669 мың теңге төленіп, жалпы 44 ғимарат бұзылған.

- Атап айтқанда, «Шығыс моншасы» құрылысы түсетін алаңдағы 8 нысанның 6-ы, «Музыкалық фонтан» құрылысына түсетін 10 нысанның 5-уі, «Сауда орталығы» құрылысына түсетін 10 нысанның 9-ы және «Амфитеатр» құрылысына түсетін 6 нысанның 1-і бұзылды. «Ұлы дала елі», «Визит орталығы» және «Ғылыми-әмбебап кітапханасы» нысандарын орналастыру жоспарының ауысуына байланысты, бұзылуға жататын ғимараттарды қайта анықтап, ұсыныс беріледі. Әкімшілік-іскерлік орталықта 44 жер теліміне бағалау жұмыстары жүргізіліп, 554,4 млн теңгені құрады. Қалған 23,7 гектар жер көлемінде орналасқан 245 жер теліміне бағалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2019 жылдың 1 наурызына дейін аяқталады, - деді Түймебаев.

Сонымен қатар, өңір басшысы әкімшілік-іскерлік орталықтағы құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. Мәліметтерге сәйкес, облыс әкімдігі мен 900 орындық мектеп осы жылдың соңына пайдалануға берілсе, Конгресс-орталық, "Астана алаңы" ғимараты, Медиа-орталық, Оқушылар сарайы, 7000 орынға арналған стадион, Спорт мектебі, туризм бағытындағы колледж, жабық бассейні бар спорт сарайы, тұрғын үй кешені, цифрлық офис ғимараты және «Smart city» жобасын ел игілігіне тапсыру 2020 жылға жоспарланып отыр. Ал тұрғын үй құрылысын дамыту жоспары бойынша Түркістан қаласында 2019-2021 жылдары барлығы 874.6 мың ш.м. (13 094 пәтер, 357 тұрғын үй) тұрғын үй көлемін пайдалануға тапсыру мүмкіндігі бар екенін айтқан Жансейіт Түймебаев әкімшілік-іскерлік орталығын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жайттары сынды тарихи қалада бой көтеруі жоспарланған әрбір нысанның бүгінгі ахуалын мәлімдеді.

Айта кетейік, Түркістанда бой көтеретін нысандарды салуда облыстар мен компаниялардың да атсалысатын болады. Павлодар облысы заманауи халыққа қызмет көрсету орталығын салса, Ақтөбе облысы «Қожа Ахмет Яссауи» және «Рабиға Сұлтан Бегім» кесенесін реставрациядан өткізу және кіреберіс кешендерін көркейту және саябақ салу жұмыстарын қолға алмақ. Атырау облысы "Ұлы Дала Елі" кешенін, Батыс Қазақстан облысы музыка мектебін, Қостанай облысы неке сарайын, Астана қаласы "Астана алаңының" құрылысына қатысады. Асқар Мамин ендігі кезекте, уақытта текке жібермей, жұмыс қарқынын арттыру керек. Мұны Түркістан облысының әкімдігі мен барша облыс, қала әкімдерінің орынбасарларына тапсырамын деді.

Астаналық жұмыс тобы Түркістанда бой көтеретін Қожа Ахмет Ясауи музейінің құрылысымен танысты. Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында «ҰӘҚ Самұрық қазына» АҚ тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи мұражай нысаны бой көтеруде. Аумағы 3200 шаршы метрді құрайды. «Самұрық-Қазына» компаниясының тапсырысымен салынуды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2020 жылдың соңына жоспарланған. Келесі нысан Әзірет Сұлтан қорық музейі болды. «Әзірет Сұлтан» қорығына мәдени-тарихи Визит орталығын тұрғызбақ.

Енді сандарға тоқталсақ. Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн. 103,9 млрд теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 103,9% деңгейінде орын алған.

Өңірде инвестициялық климатты жақсарту мақсатында Түркістан қаласы аумағынан 1 338 гектарға «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

Инвесторларға «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсететін «TURKISTAN INVEST» компаниясы құрылып, $1 млрд 147 млнды құрайтын 14 000 астам жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін 24 ірі инвестициялық жобаны сүйемелдеуде.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6103 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
Президент Almaty Management University (AlmaU), руководитель Гражданского альянса РК
Хроники бизнесменов. Владимир Ким

На чём зарабатывает своё состояние №1 списка 50 богатейших бизнесменов Казахстана по версии Forbes Kazakhstan

Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить