«Күлтөбе» қалашығының келешегі қандай, қалпына келтіру жұмыстары қалай іске асуда

Көне қалашық ЮНЕСКО сарапшыларын неліктен қызықтырды, оның ерекшелігі неде?

Бұл туралы Forbes. kz тілшісіне Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, жобаның ғылыми жетекшісі  Андрей Хазбулатов айтып берді.

«Күлтөбе қалашығының тарихи объектілерін қалпына келтіру» жобасын Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты  ЖШС мен  ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, сондай-ақ «ERG» корпоративтік қорының қаржылай қолдауы  негізінде іске асуда.

«Күлтөбе қалашығы тарихи объектілерін қалпына келтіру» жобасы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 938 қаулысымен бекітілген Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі Кешенді жоспарын іске асырудың маңызды бөлігі болып табылады.  Жобаны жүзеге асыру үш жылға, 2019-2021 жылдарға жоспарланған.  Қалашықтың жалпы аумағы 27 га, ол үш учаскеге бөлінген, әрқайсысы  9 га болады, яғни, әр бір жыл сайын бір аумақ игеріледі және үш жылда  онда кешенді археологиялық және ғылыми зерттеулер мен қалпына келтіру жұмыстары толығымен іске асады-дейді Андрей Хазбулатов.

Жобаның басты мақсаты -«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі-«Күлтөбе қалашығы»  заманауи археологиялық паркін құру болып табылады. Осы орайда  2019 жылы 27 га құрайтын қалашықтың барлық аумағында толығымен ауқымды георадарлық  сканерлеу жасалды.  Нәтижесінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетін нақты әрі перспективті нысандар айқындалды.

- Археологиялық игеру жұмыстарын жүргізу үшін  ең алдымен № 1 учаске таңадалды.  Әртүрлі кезеңге  жататын бірқатар археологиялық нысандарда  топырақ қабаттарын тазарту жүргізілді,  олар  көбіне орта ғасыр дәуіріне, XII-XIV ғғ. жататын орындар болып табылады.   Бұл олжалар және  бұған дейін табылған сармат-қаңлы дәуірінің (II-III ғғ) ежелгі цитаделін қоса алғанда   Күлтөбе тарихи-мәдени ландшафтының төрт негізгі дәуірін нақты саралауға мүмкіндік береді. Бұл II – XIX ғғ. аралығы-дейді Андрей.

Андрей Хазбулатовтың айтуынша қазіргі кезде консервациялауға арналған жекелеген объектілер анықталды, ол ежелгі Түркістанның қалалық архитектурасының түпнұсқалық келбетін қалпына келтіру үшін аса маңызды сәулет үлгілері болып табылады.  Сонымен қатар, онда б.з. ІІІ-IV ғғ.  әйелдерге арналған алтын әшекейлердің бірегей көмбесі, ежелгі және ортағасырлық керамиканың жүздеген үлгілері, діни мазмұндағы көне кітаптар және басқа да артефактілер табылған.  Жобаны жүзеге асыру барысында табылған құнды археологиялық жәдігерлердің барлығы  мұқият зерттеледі, каталогқа енгізіледі, қажет болған жағдайда қалпына келтіруге  беріледі, ал кейіннен олар мұражай коллекцияларының бір бөлігіне айналатын болады. Ал 2020 жылы № 2 учаске игеріледі. Оның нақты шекаралары мен шеңберлері белгіленген, сонымен қатар аймақ секторларға бөлінген, әрқайсысына жетекші ғылыми қызметкерлер, сарапшылар мен іздеу отрядтарының жетекшілері бекітілген. Георадар және археологиялық барлау деректеріне сәйкес № 2 учаске көбіне XV-XVII ғғ. аралығындағы қазақ хандығы дәуіріне жататын  бағалы мәдени қатпарлардан  тұрады.

Қазіргі уақытта жоба активінде сармат-қаңлы (II-III ғғ), орта ғасырлық (XII-XV ғғ) кезеңдер мен Қоқан хандығының бір бөлігіне қатысты (XVIII-XIX ғғ.) археологиялық қазбалар бар. № 2 учаскенің археологиялық мазмұны, яғни бұл өз кезегінде қазақ хандығы дәуірінің (XVI-XVII ғғ) қалалық сәулет элементтері- ежелгі ясылықтардың тарихи-мәдени генезисі мен қалыптасу ерекшелігінің тұтас көрінісін алуға мүмкіндік береді. Сондай ақ, Рабад пен Шахристанның фрагменттері, нақтырақ айтқанда керуен-сарайлар, әкімшілік, қолөнер және кварталдарды анықтау және тазалау  нәтижесі Қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның  әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымының көлемі жоғары деңгейде дамығанын көрсетіп қана қомай, бүкіл Орталық Азияның қуатты саяси-экономикалық орталығы болғанын айқындай түседі-деді Хазбулатов.

Жоба мемлекетпен  айрықша қорғалатын аумақта,  ЮНЕСКО  ұйымының Дүниежүзілік  мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында іске асырылатындықтан, қазіргі археологиялық зерттеулер ЮНЕСКО мен ИКОМОС ұйымдарының дүниежүзілік мұра саласындағы халықаралық сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастықта жүзеге асуда.

2020 жылдың 19 қаңтарында Түркістан қаласында дөңгелек үстел форматында жан-жақты талқылау болды. Онда Күлтөбе қалашығындағы жұмыс барысы  баяндалды, оның қорытындысына сәйкес шетелдік сарапшылардың командасы  ғылыми ізденістердің ауқымы мен сапасы жоғары бағаланды. Олар жобаны дамытудың жалпы әдістемесі  мен тұжырымдамасын, сондай-ақ мәдени, білім беру, археологиялық саябақ форматындағы Күлтөбе қалашығының  ерекшелігі мен туристік әлеуетін айрықша атап өтті және оң бағалады. Консервациялау, ішінара қалпына келтіру және дигиталды мультимедиялық ортаның мүмкіндіктері арқылы қала объектілерін сақтау және экспонаттау үшін бірқатар маңызды ұсыныстар жасалды. Бұл жоба 2019 жылдың 4 қарашасында  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевқа, мәдениет және спорт министрі А. Р. Райымқұловаға таныстырылды-деді жоба жетекшісі.

Сонымен қатар, сарапшылар тарапынан бірқатар маңызды ұсыныстар жасалған. Оның ішінде ежелгі қалашық нысандарын консервация арқылы  сақтау мен ішінара қалпына келтіру және мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалану және көпшілік назарына ұсыну  сынды мәселелер қамтылды.

- Дүниежүзілік мұра саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстелде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен таныстырудың негізгі мәселелері талқыланды. Күлтөбе қалашығының жекелеген нысандарын консервациялаумен және ішінара қалпына келтірумен ғылыми-зерттеуге ерекше көңіл бөлініп, ғалымдар бұл нысандардың болашақта археологиялық парктің өзегі болатынына сенім білдірді. Жобаның ғылыми жетекшісі Андрей Хазбулатов сарапшылар назарына бірінші далалық маусымның нәтижелерін және «Күлтөбе қалашығы» жобасы бойынша болашақ жоспарларын ұсынды. Халықаралық сарапшылар қауымдастығы Күлтөбе қалашығының археологиялық объектілерін әлеуетті әрі ғылыми тұрғыда қайта құру үшін жобадағы зерттеу тобының мүшесі, белгілі сәулетші, Өзбекстанның реставрациялау ғылыми-жобалау институтының ғылыми қызметкері Владимир Артемьев ұсынған жұмыс бағытын талқылады-деп хабарлады облыстық баспасөз қызметі.

Ғылыми қызметкерлердің пікірінше, Күлтөбе қалашығы тек Қазақстан үшін ғана маңызды емес. Мұнда екі мыңжылдықтағы тарих пен мәдени сабақтастықтығының болғанын көруге болады. Күлтөбе қалашығы ежелгі Ясы қаласының бір бөлігі болғандықтан, ЮНЕСКО сарапшылары консервацияға және ішінара қалпына келтіруге жататын нысандардың тұсаукесерін талқылауға ерекше назар аударды. Айтуларынша, олардың ішінде бірнеше әртүрлі кезең нысандарының эскиздері – қолөнершілердің тұрғын үйлері, жер иеленушілер, ежелгі сауда көшелері, шеберханалар, ішкі аулалар және XII-XIX ғғ.бекініс қабырғаларының элементтері бар.

- Күлтөбе қалашығындағы ғылыми жұмыстардың  нәтижелері мен келешекте атқарылатын археологиялық  жоспар халықаралық сарапшылардың оң бағасына ие болды. Қалашық келбеті күрт өзгереді.  Сонымен қатар,  сарапшылар жасаған ұсыныстарға сай, қазіргі заманғы сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады. Бұл дегеніміз болашақта археологиялық парктің қонақтары цифрлы визуализация арқылы тарих қойнауына терең бойлап, әр кезеңді қамтитын шынайы көріністің куәсі болғандай әсерге бөленеді. Яғни, археология ғылымы мен түрлі кезеңдегі көріністерді көз алдыңа әкелетін бүгінгі технология үйлесім табады. Ал жоғарыдағы талқылаудың нәтижелері алдағы уақытта  ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік  мұраларды   бағалау туралы жалпы сараптамалық есебіне енеді деп жоспарлануда-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Күлтөбе қалашығындағы алғашқы археологиялық зерттеулер алғаш 2010 жылы белгілі қазақстандық ғалым Ерболат Смағұловтың бастамасымен қолға алынған. Кейін археологтар бұл қалашықтың ежелгі Ясы қаласының ең көне бөлігі екенін дәлелдеді. Аймақтан табылған «крест тәрізді» ғибадатхана және б.з. бірінші ғасырлармен белгіленген бірқатар сәулет құрылыстарын анықтау Ясы қаласының құрылу уақытын жарты мыңжылға жылжытуға және Ұлы Даланың тарихи-мәдени ландшафтын қалыптастыратын көптеген аспектілерді қайта қарауға мүмкіндік берді.

Күлтөбе қалашығы   ғалымдар назарын 2017 жылы тағы да өзіне аудартты. Бұл кезде  зерттеу жұмыстары ҚазҒЗИ басшылығы әзірлеген шағын ғылыми жоба аясында жүрді. Ал нысанды толық зерттеу 2019 жылдан басталды. Қаражат жұмыс жоспарына сәйкес бөлінуде және бұл толыққанды зерттеулерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді-дейді жоба басшысы.

Бізге ұсынылған мәлімет бойынша, «Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру» бағдарламасы Eуразиялық топтың жалғыз әлеуметтік жобасы емес. Аталған компанияның жалпы соңғы бес жылда республикадағы түрлі іс-шараларға салған әлеуметтік инвестицияларының көлемі 107 млрд.теңгеден асқан.

Бұған дейін Қазақстанда археологиялық объектілер мен тарихи-мәдени және діни маңызы бар  артефактілерді кәсіби сараптауды қамтитын және Күлтөбе-Ясы қалашығына жасалған  күрделі зерттеулер мен толыққанды археологиялық зерттеулер жүргізілмеген.

Жалпы, Күлтөбе қашалығы 4 кезеңді қамтиды:

- ерте кезең (II – IV ғғ.)-сармат – қаңлы дәуірі-діни және рухани орталық;

- екінші кезең (VII – IX ғғ.) – Түркі дәуірі-шағын бекініс қонысы;

- үшінші кезең (X–XIII ғғ.) – ортағасырлық кезең (қала мәдениетінің өркендеуі және Қожа Ахмет Ясауи дәуірі);

- төртінші кезең (XVI–XIX ғғ.) - қазақ хандығының кезеңі (маңызды саяси-экономикалық орталық, мәдениет қиылысы, Түркістан – Қазақ хандығының астанасы, қазақ-жоңғар соғыстары кезінде құлдырауға түскен  толыққанды қалалық инфрақұрылым) - деді Хазбулатов.

Айта кетейік, «Күлтөбе»- Қазақстанның оңтүстігіндегі  көне қаланың орны болып табылады.  Қазіргі облыс орталығы-Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын орналасқан тарихи қалашық.   Бұдан бұрын Күлтөбе қалашығындағы ғылыми ізденістердің нәтижелері Бакудегі Дүниежүзілік мұра комитетінің отырыстарында, Парижде және Түркістандағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде талқыланған болатын. Ғалымардың пікірінше алдағы уақытта бұл қалашық тарихи маңызы бар нысын ретіне белгілі болып қана қомай, Қазақстан және әлем елдерінің туристері көптеп келетін бірегей орынға айналады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
14269 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
9 апреля родились
Болат Акчулаков
генеральный директор ассоциации Kazenergy
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить