Цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызметтердің көлемін қалай өзгертеді

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және сотталғандығы болуы не болмауы туралы, сондай-ақ басқа анықтамаларды алып тастау жоспарлануда

ФОТО: Pixabay.com

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы барысында Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова мемлекетпен мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын цифрландыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлінуде екендігін атап өтті.

«Мәселен, соңғы 3 жылда электронды түрде көрсетілген қызмет түрлері 1,5 есе өсіп, бұл мемлекеттік органдарда қағаз түрінде көрсетілетін қызмет түрлерінің екі есе азаюына әкелген», - деді ол.

Алқа отырысы барысында мемлекеттік қызметтер Тізілімінен бірнеше анықтама түрлерін алып тастау ұсынылды.

Бүгінде Тізілімде басқа мекемелерге растайтын ақпарат ретінде ұсыну үшін қажетті 58 түрлі анықтамалар, көшірмелер және хабарламалар, сондай-ақ өзге де құжаттар бар. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтамасын, жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтамасын және сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтамасы кең сұранысқа ие.

«Қазіргі уақытта мекен-жай анықтамасын жою мәселесі жүзеге асырылды. Біз анықтамалардың басқа түрлерін беру жөніндегі рәсімдерді кешенді тексеру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз», - деді Анар Жаилғанова.

Бұл шаралар мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетіп, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттырады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, агенттіктің алқа отырысы президент әкімшілігінің өкілдерінің, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының және мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы, агенттік қызметкерлерінің, сондай-ақ агенттіктің аумақтық департаменттерінің бейнеконференцбайланысы арқылы қатысуымен өткізілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
13387 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
15 июля родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить