Түрмедегі табыс: Түзеу мекемелерінде бизнес ашу мүмкін бе

Сотталғандар өз кәсібін қалай ашты, колонияларда жұмыспен қамту деңгейі қандай

Сотталғандар өз кәсібін қалай ашты, колонияларда жұмыспен қамту деңгейі қандай

Қазақстан бас бостандығынан айырылғандар арасында бизнесті қалай жолға қойды, темір тордың арғы жағында қанша табыс табуға болады, кәсіпкерлер онда жұмыс орнын ашуға қаншалықты ынталы, әлемдік тәжірибе қандай. Forbes.kz PRI Халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы аймақтық директоры Азамат Шамбиловтан сұхбат алды.

Колониялардағы бизнес бағдарламалар

Азамат Шамбиловтың айтуынша Қазақстан Орталық Азия бойынша сотталғандар арасында бизнесті дамыту мүмкіндігін қолға алған тұңғыш мемлекет. Оларды қайта әлеуметтендіру өзара байланысты бірқатар компоненттерден тұрады және солардың бірі жұмысқа орналастыру болып табылады, егер олай болмаған жағдайда босап шыққан азаматтардың қоғамнан өз орнын табуы қиын.

Азамат Шамбилов
Азамат Шамбилов

-2014 жылы Халықаралық түрме реформасы PRI және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ішкі істер министрлігімен бірге «Колонияларда жұмыспен қамту-2017» түрме реформасының 2-ші форумын өткізді, онда сотталғандарды жұмыспен қамтуға қатысты заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін бірқатар маңызды құжаттар мен ұсыныстар дайындалды. Осыдан кейін бизнес субъектілері колонияларда жұмыспен қамту мәселелеріне белсенді түрде қызығушылық білдіре бастады. Қазіргі таңда олардың саны 8 есеге артқан. Кәсіпкерлер 1800 сотталғанды жұмыспен қамтамасыз етті, бұл «Еңбек» РМК-ның жұмысқа тұру көрсеткішінің үштен бірін құрайды-дейді сұхбат беруші.

Қазіргі күні ІІМ сайтында «Колонияларда жұмыспен қамту» айдары ашылған. Сондай-ақ, әр колония бойынша баға ұсыныстары бар шығарылатын өнім және өндірістік қуат туралы ақпарат орналастырылған. Халыққа ҚАЖ мекемелерінің өндірістік мүмкіндіктері туралы, шағын және орта бизнесті тартуға жағдай жасау туралы ақпарат жарияланып отырады.

Сотталғандар өз кезегінде «Қамаудағыларға арналған 100 іс», «1000 бизнес-идея», «Бұрынғы қамаудағылардың табыс тарихы» сияқты оқыту-үйрету жобаларымен және басқа да пайдалы ақпаратпен танысып шықты.

Жалпы, колониялардағы инвестициялық жобалар жұмыстың күрделілігіне байланысты. Мәселен, шағын бизнес 5-25 млн теңгеге дейін, орта кәсіп 30-70 млн теңгеге дейін, ірі өндіріс 100 млн теңгеге дейін жетеді. Негізінен, металл, ағаш өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, құрылыс материалдарын жасау, тігін цехы жолға қойылған. Ал жалақы көлемі атқарылған жұмысқа байланысты 18-30 мың теңге аралығында.

Сотталғандар өз бизнесін қалай ашты?

Басты ұсыныстардың бірі түрмеде бизнес ашу мүмкіндігін қарастыру болған. Себебі, бұл қамаудағыларды кәсіп құруға үйретуге, қайта әлеуметтендіруге және әрі қарай қоғам қатарына қайта қосудың үздік жолдарының бірі болып табылады. Нәтижесі төмендегідей:

-Еңбек дағдыларын игерген 19 сотталушы түрме аумағында өз өндірісін ашты. Қазір құрал-саймандар, кәдесыйлар өндіреді, түрлі өндіріспен айналысады. 34 сотталған жеке кәсіпкер ретінден колонияларда өз өндірісін ұйымдастырып, 200 астам сотталушыны жұмысқа тартып отыр. Екі жыл ішінде түрмеге 246 шағын және орта бизнес субъектілері тартылды. Оларға түрме қызметін пайдаланбайтын өндірістік орындар жалға берілді. Осының есебінен ҚАЖК қазір шамамен 3000-нан астам сотталушыны жұмыспен қамтамасыз етіп отыр-дейді Азамат Шамбилов.

PRI өкілінің айтуынша бұл бағдарламалардың маңызы зор. Себебі, бұл сотталғандар үшін артықшылықтар береді, оларға бостандыққа шыққанда қажет болады. Мәліметтерге сүйенсек, қазіргі күні колонияларда 35 219  адам жазасын өтеуде. Оның ішінде 12 655-і жұмыспен қамтылған. Бұл жалпы түрме халқының 35% құрайды.

-Біріншіден, жазасын өтеу кезінде жеке бизнесін жүргізу арқылы сот үкім еткен материалдық шығынды өтеу мүмкіндігін алады.

-Екіншіден, абақтыда бастаған бизнесті бостандықта да жалғастыруға болады, бұл бұрынғы сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау қаупін азайтады.

-Үшіншіден, бұл бұрынғы сотталғандар арасында жұмыссыздық және қоғам тарапынан стигмаға душар болу деңгейін төмендетеді. Өкінішке орай, қоғамымыздың басым көпшілігі, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар да, бұрынғы сотталғандарға күдікпен қарайды-дейді ұйымның аймақтық директоры.

Шетелдік тәжірибе

Жалпы, БҰҰ қамаудағыларға қараудың ең төменгі жаңа стандарты қамаудағылардың қауіпсіздігі және адами жағдай жасалуын қамтамасыз ету мақсатын ескереді және түзеу мекемелерінің жұмысындағы соңғы ғылыми жетістіктермен және үздік тәжірибемен өлшенеді.

-Ұлыбританияда Virgin Group (Virgin Records, Virgin Airlines және т.с.с. бірлестіктер тиесілі) сияқты компаниялар қамаудағыларды жазасын өтеп жатқанда оқытып, кейін бостандыққа шыққанда жұмыс ұсынады. Аяқ-киім жөндеу шеберханалары, наубайханалар және т.б. да жұмыс берушілер болып табылады. Мен өзім Ұлыбританиядағы бір түрме мейрамханасында тамақтандым, оны ең танымал аспаз Гордон Рамзи ашыпты, ол сотталушыларды оқытқан, ал сол сотталушылар мейрамхананы қазір өздері басқарады. Австралияда түрмеде өндірілген бұйымдар халықаралық ISO үлгілі тауар сапасына ие және ел ішінде де, шетелде де нарықта кез келген басқа өнімнен кем түспейді-деп түсіндірді Азамат Шамбилов

Оның айтуынша азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт бұрынғы сотталғандарды қоғам қатарына қосу стандарттарын қарастырады. Онда қылмыстық жүйені реформамен және бұрынғы сотталушыларды қоғамға қайтарумен қамтамасыз ету қажет делінген.

-Норвегия колонияларында әр камера бір адамға арналған. Онда теледидар, радио, душ және бірнеше камераға арналған дәретхана бар. Сотталушылар ас үйде өз бетінше тамақ дайындай алады. Спортпен айналысуға керемет жағдай жасалған. Өндірістік база жақсы дамыған. Колонияда азық-түлік дүкендері жұмыс істейді, сотталушылар ол жерден өздері тапқан ақшаға тауар сатып ала алады. Басты мақсат – сотталушының жеке бюджетін қалыптастыру дағдыларын жоғалтпау. Отбасымен кездесулерге ерекше мән беріледі. Сотталушыларды жақсы ата-ана болуға үйрететін арнайы бағдарламалар ұйымдастырылады-дейді сұхбат беруші.

Халықаралық ұйымның Орталық Азиядағы өкілі 2017 жылы Қырғызстанда екі сынама жобаның аяқталғанын айтады. Бірінші жобада Шу облысында 5-15 жыл аралығында жазасын өтеген 10 адамды таптық. Олар бизнес жүргізу және бостандықта ақша табу бойынша бастапқы тренингтен өтіп, тігін фабрикасын ашып, өзге азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етті, қазір бизнестері сәтті дамып келеді, түрлі компаниялардан өте жақсы тапсырыстар түседі. Екінші жобада Ыстықкөл облысында 10 бұрынғы сотталушыдан топ құрдық, оларға құжаттарын қалпына келтіруде, зейнетақы немесе мүгедектікті рәсімдеуде әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетілді, 7 адам шағын кәсіпорындарын және шағын бизнесін ашты.

- Біреуі шаштараз болды, екіншісі ұсталық цех ашты және т.б. Қазір Талас және Жалал-Абад облыстарында екі жобаны қолға алдық. Таласта мэрия пробация қызметімен және үкіметтік емес ұйыммен бірге бұрынғы сотталушыларға қайта әлеуметтенуге көмек көрсетіп жатыр, олар бизнес жүргізу бойынша мамандандырылған тренингтерден өтті, сонымен қатар, цехтарда жұмыс жасайды. Жалал-Абадтағы колонияда тігін цехын аштық, онда 20 астам сотталушы оқытылып, тұңғыш түрме Арт-клубын аштық, ол жерде сотталушылар агрессиямен күрес және әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіру бағдарламаларына қатысады. Менің ойымша бизнес түрмеден қорықпауы тиіс, бостандықтан айыру орындарында кәсіпорын ашудан пайда көре алады, бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға үлес қосуына мүмкіндік береді-дейді Шамбилов

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5511 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
26 апреля родились
Именинников сегодня нет
Хроники бизнесменов. Владимир Ким

На чём зарабатывает своё состояние №1 списка 50 богатейших бизнесменов Казахстана по версии Forbes Kazakhstan

Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить