Неліктен жасанды интеллектті реттемесе, адам құқықтарының жаппай бұзушылығы басталады

14047

Заң мен технологияның тоғысында: жасанды интеллектті қалай, қайда және неге реттейді

Иллюстрация: Depositphotos.com/Jirsak

Қазірдің өзінде жасанды интеллект айналамыздағы әлемді және біздің өмір сүруімізді, оқуымызды және жұмыс жасауымызды белсенді түрде өзгерте бастады. Алайда, оны тиісті бақылауы мен реттеудің болмауы қазіргі қоғам үшін елеулі теріс салдарға әкелуі мүмкін. Қазіргі әлем ақпараттық технологиялар дәуіріне аяқ басқандықтан, көптеген елдердің болашағы жасанды интеллекттің (ЖИ) дамуы мен іске асырылу жылдамдығы мен ауқымына байланысты. Мәселен, бүгінгі таңда ЖИ саласында ұлы держава болып табылатын АҚШ пен Қытай өз ұлттық стратегияларын әзірлеп қойған. Бұл құжаттар осы елдердің осы саладағы одан әрі басым болуына және технологиялық әзірлемелерді ынталандыруға бағытталған. Сонымен бірге, көптеген сарапшылар мен кеңесшілер бірауыздан алдағы жылдары ЖИ бірқатар маман иелерін (мысалы, жүргізушілер, кассирлер және аудармашылар) жұмыссыз қалдырады деген ойды айтады.

ЖИ жылдам дамып жатқаны анық, дегенмен ол мүмкіндіктермен қатар қиындықтарды да әкелуде. Осыған байланысты негізгі мәселелердің бірі оны дұрыс реттеу мәселесі болып табылады, өйткені реттеусіз адам құқықтарының жаппай бұзушылығы қаупін арттырады. Мысалы, жеке деректерді жария ету, нәсіл бойынша кемсіту немесе жеке өмірге қол сұғушылық құқығы бұзушылақтары орын алуы мүмкін. Қазіргі уақытта біршама ел ғана ЖИ қолдануды реттейтін заңдар қабылдаған, бірақ осы алдыңғы қатарлы юрисдикциялы елдер тәжірибесін басқа елдердің заң шығару органдары жете зерттеп жатыр.

Мәселен, 2019 жылдың 1 шілдеден бастап АҚШ-тың Калифорния штатында тауарларды, немесе коммерциялық келісім қызметтерін сатып алу немесе сату кезінде, немесе сайлауда дауыс беру нәтижесіне әсер ету мақсатында Интернетте чатботты қолдануды шектеуге бағытталған заң күшіне енді. Заң сұхбаттасушыға оның адаммен емес, ботпен байланысқандығы туралы хабарлауды талап етеді. Олай болмаған жағдайда, Бас прокурор әр заң бұзушылық үшін 2 500 АҚШ долларға дейін айыппұл салуға, сондай-ақ заңды жүзінде қорғау құқықтарына ие.

Ал АҚШ-тың Иллинойс штатында қабылданған тағы бір заң қызметке алу барысында ЖИ-ті қолдануды реттейді. Осылайша, заңның ережелері Иллинойс штатында жұмысшыларды жалдайтын жұмыс берушілерге мыналарды міндеттейді: 1) кандидаттарды видеосұхбаттасу кезінде ЖИ-ті қолдану туралы алдын-ала хабарландыру; 2) кандидаттарға ЖИ-тің жұмысы және бағалаудың ерекшеліктері туралы ақпарат беру; 3) әңгімелесу басталғанға дейін кандидаттың жасанды интеллекттің баға беруіне келісімін алу. Сонымен қатар, заң жұмыс берушімен бейне сұхбат бөлісе алатын нақты тұлғаларды анықтайды, бұдан басқа, заң жұмыс берушіні және бейне сұхбат материалдарын иеленген басқа да тұлғаларды кандидаттан тиісті сұрау түскен күннен бастап 30 күн ішінде бейнематериалдарды жоюды міндеттейді.

Осы жылдың маусым айында Франция біршама даулы заңды қабылдаған болатын. Бұл заң француз судьяларының шешімдері туралы статистикалық ақпаратты жариялауға тыйым салған және осы заң бұзылған жағдайда бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгілеген. Осылайша бұл заң шын мәнінде сот істерін болжау мен талдауға маманданған компаниялардың сот шешімдеріне қатысты судьялардың жүріс-тұрысы туралы ашық жариялауына жол бермеуге арналған.

Ал ағымдағы жылдың мамыр айында «технологияларға жақын» болып саналатын АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында полиция мен басқа да мемлекеттік органдарға бет-әлпетті тану бағдарламасын қолдануына тыйым салған. Бір айдан кейін бұл үлгіні  Сомервилл (Массачусетс штаты) және Окленд (Калифорния штаты) қалалары жалғастырды. Көріп отырғаныңыздай, егер бұрын АҚШ-та ЖИ-ті қолдануды реттеу және шектеу туралы заңдарды жекелеген штаттар мен қалалар қабылдаған болса, енді жақын арада федералды заңның қабылдануы күтілуде. Мәселен, қазіргі уақытта Конгресс қарауында тұрғын үй және қала құрылысы Министрлігінен қаржылық қолдау алатын барлық мемлекеттік тұрғын үй ұйымдарына бет-әлпетті тану технологияларын қолдануға тыйым салатын заң жобасы жатқаны белгілі.

Кейінгі кездері заң шығарушы орындардың робототехника мен ЖИ-тің салаларын реттеуге тырысуы етек алып келеді. Алайда, шамадан тыс реттеу инновациялар мен технологиялардың дамуына және енгізілуіне кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өткен жөн. Мысалы, сот шешімдерін талдау және болжау туралы ақпараттардың жариялануын шектейтін Франция заңының қабылдануы түсінбестік тудырып, құқықтық қауымдастық тарапынан қатты сынға алынды. Бұл заң сот төрелігі саласындағы ашықтықты арттыруға бағытталған қадам ретінде де, құқық саласындағы инновациялық компаниялардың дамуын ынталандыратын шара ретінде де қарастырылмайды.

Мұндай шектеулер ЖИ мамандандырылған стартаптар мен компаниялардың өсуіне және дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін және инновациялар, салықтар және жаңа жұмыс орындарының басқа юрисдикцияларға кетуіне себеп болуы мүмкін. Екінші жағынан, тиісті реттеудің болмауы адам құқықтарының жаппай бұзылуына әкелуі мүмкін. Көріп отырғаныңыздай, заң мен технологияға қатысты мәселелер жақын арада бүкіл әлемде белсенді талқыланатын болады. Осыған байланысты, жақында заң шығарушы органдар ЖИ-ті реттеу деңгейінің шиеленісуіне тап болады. Сондықтан олар қоғамға да, жаңашылдарға да және үкіметке де қанағаттандыратын «алтын ортаны» табулары тиіс.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить