Жасанды интеллектті денсаулық сақтауда, заң және ауыл шаруашылығында қалай тиімді пайдалануға болады?

Бұл сұрақтың жауабы эстониялықтарға белгілі

ФОТО: Depositphotos.com/vitaliy_sokol

Эстония, 1.3 миллион халқы бар Балтық елі, бүгінде ең дамыған елдердің бірі болып саналады. Ол өзінің құны $ 1 млрд-тан асатын төрт біртұтас (Skype, Playtech, TransferWise және Bolt) стартап-компаниялар арқасында ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект (ЖИ) белсенді түрде енгізіп отырған үкіметінің арқасында технологиялық жағынан дамыған елдердің бірі ретінде танымал.

Эстония үкіметінің деректерді басқару және мемлекеттік сектордағы деректер туралы ғылымды қадағалайтын бас директоры Отт Велсберг Алмас Серікұлының LIFT (заң, инновация, қаржы және технология) бағдарламасы бойынша сұхбаттасуға шақырылды. Спикер Эстонияда мемлекеттік және жеке меншік секторларда ЖИ-ті қолдану туралы, қызу талқыланатын судья-робот және технологиялық тұрғыдан аз дамыған елдер қалай дамыған елдерді қуып жете алатыны туралы айтып берді.

Отт Велсберг
Отт Велсберг

Эстония - үкіметтік деңгейдегі бас директоры бар әлемдегі жалғыз ел болмаса, санаулы елдердің бірі. Өз жұмысыңыз туралы айтып бере аласыз ба?

Мен бұл жұмысты былтыр тамыз айында бастадым, және өзіңіз атап өткендей, елде деректер туралы ғылымды қадағалайтын алғашқы бас директор болып табыламын. Мен деректермен байланысты барлық мәселелерге жауап беремін: деректерді басқарудан бастап олардың ғылымына дейін. Бұл екі аймақ айтарлықтай өте кең. Деректерді басқару мәліметтер сапасынан метамәліметтерге, семантикаларға және сол секілді ары қарай өзгере береді. Деректер туралы ғылым тәжірибелік, қолданбалы тұрғыдан қарастырылады. Егер біз жасанды интеллект туралы айтатын болсақ, онда мұнда қарапайым аналитика да, білім де, зерттеу де бар. Көріп отырғаныңыздай, тақырыптар өте ауқымды. Деректер өрісінің өзі өте кең және мүмкіншілігі мол, алайда айтарлықтай дамымаған, тіпті Эстонияда да.

Сіз жақында берген сұхбатыңыздың бірінде Эстония үкіметі 2020 жылдың соңына дейін ЖИ-ті қолданатын жобалардың санын 50-ге жеткізу туралы үлкен мақсат қойғаны жайлы айтқан болатынсыз. Олардың кейбіреулері туралы айта аласыз ба?

- Бүгінгі таңда бізде ЖИ-ті мемлекеттік секторда тәжірибелік қолданудың 23 мысалы бар. Мысалы, біз шабындықтардың орылғанын немесе орылмағанын анықтау үшін машиналық оқытуды қолданамыз. Біз фермерлерге шамамен 200 миллион еуро субсидия бөлеміз және олар жылына кемінде бір рет шабындықтарды орады деп күтеміз. Бұрын біз талдауды сол жерде жасайтын едік, яғни фермаға барып шөп шабылғанын тексеретінбіз. Енді біз мұны спутниктік суреттің арқасында жасай аламыз.

Сондай-ақ, спутниктік кескіндердің және әуе лидар өлшемдерінің мәліметтері арқылы орманда қандай ағаштың өсетінін анықтай аламыз. Сонымен қатар, X-road арқасында әртүрлі ауытқулар мен оқиғаларды анықтаймыз - бұл әртүрлі ақпараттық жүйелер арасында мәліметтер алмасуға арналған хаттамамыз. Одан басқа, әртүрлі жолдардағы автомобильдер санын есептеу үшін бейне-талдауды қолданамыз.

Науқасты ауруханаға қашан жеткізу керектігін және оның медициналық қажеттіліктерін түсіну үшін денсаулық сақтау саласында ЖИ-ті қолданамыз. Бұл жоба Дүниежүзілік банктің бастамасымен қаржыландырылды. Чат боттары сияқты басқа қарапайым заттар бар. ЖИ-ті дыбысты мәтінге түрлендіруде; әр түрлі құжаттарды жеке ақпараттан тазартуда қолданамыз, өйткені қазіргі әлемде бұл өте маңызды және жеке ақпараттың көпшілікке қол жетімді болғанын қаламаймыз.

Алмас Серікұлы
Алмас Серікұлы

Осы жаңартылулардың барысында қанша жұмыс орны босатылатыны туралы болжамыңыз бар ма?

- Мұны болжау қиын, өйткені біз барлық жұмысты емес, тек оның белгілі бір бөлігін ғана автоматтандырамыз. Мысалы, егер адам қазір A, B және C функцияларын орындайтын болса, онда біз тек А бөлігін автоматтандырамыз. Осылайша, қызметкерлер қазір автоматтандыру қиын мәселелерге баса назар аудара алады. Қанша жұмыс орнын автоматтандыруға болатындығын болжау қиын, өйткені үкіметтің өзінде адамдар басқа неғұрлым күрделі жұмыстарды орындай алатындығын көрудеміз.

Бұл жобаларға мемлекеттік инвестициялар қандай?

- Тұтастай алғанда ЖИ-ке (сонымен бірге машиналық оқыту, мәліметтер туралы ғылым да бар) алдағы үш жылда шамамен 10 миллион еуро инвестициялаймыз. Бұған ЖИ-ке тікелей қатысы жоқ кейбір басқа заттар да кіреді. Мәселен, «Мәлімет туралы ғылым» магистрлік бағдарламасы келесі жылы іске қосылады. Бұл студенттер үшін кәсіби құзіреттілікті қалыптастырады. Біз сонымен өқатар үкімет тарапынан атқаралытын зерттеулерді де қолдаймыз.

Жақында үлкен танымалдылыққа ие болған жобалардың бірі - ЖИ судьясын құру. Осы жоба туралы толығырақ айтып берсеңіз?

- Қазір бұл жоба туралы көп нәрсе айту мүмкін емес, ол бойынша жұмыс әлі жалғасуда. Шын мәнінде, мұнда тапсырыс өндірісін толық автоматтандыру көзделуде (ақшаны өндіріп алу бойынша сот процестері - F). Бүгінде ол жартылай автоматтандырылған.

Бұл жоба ешкімнің жұмысын тартып алмайды, өйткені жұмыстың жартысынан көбі автоматтандырылған, ал қалған жұмыс референтпен, яғни судьяға көмектесетін адаммен, жүзеге асырылуда. Бұл сот істерінде дәлелдемелер емес, тек фактілер ғана қарастырылады. Мысалы, шағым белгіленген ең жоғары қаржылық лимитке сәйкес келе ме. Мүмкін осы себептермен Эстонияда бұл жоба құқықтық қауымдастықтың көңілін аудармады, негізінен қызығушылық көбінен шетелдік тараптан болды.

Эстонияда мемлекет ЖИ-ті енгізу қарқыны бойынша бизнестен озып тұр, әлде жеке инвестициялардың осындай әсерлі мысалдары бар ма?

Жеке меншік секторды таныстыратын көптеген керемет компаниялары бар. Бірақ, мысалдарға көшпестен бұрын, Эстония үкіметі бұл тұрғыда жеке сектордан біршама алда тұрғанын атап өтемін. Бүкіл әлемде Эстония мемлекеттік секторы ЖИ-ті белсенді түрде жүзеге асыратын ел ретінде ерекшеленеді. Сонымен қатар, жеке секторлар да курьерлік роботтарды ойлап тапқан Cleveron компаниясымен; Uber-дің қарсыласы Bolt компаниясымен мақтана алады. Тіпті мен бұрын жоғарыда атап өткен спутниктік суреттерге қатысты шешім – SATIKAS-тың өзі жеке меншік сектормен ұсынылып отыр. Үкімет жасайтын барлық әрекеттер әрқашан жеке сектормен бірлесіп жасалады. Бізде шынында әр түрлі қызықты мысалдар саны біршама. Осындай мысалдардың бірі - Starship Technologies.

Эстонияда бар-жоғы 1,3 миллион халық бар, бірақ оның өзінде 4 біртұтас үлкен компаниясы бар. Сіздің ойыңызша, сәттіліктің кілті неде?

- Менің ойымша, бұл жерде менталитеттің рөлі үлкен болды. Эстондықтар тұтастай алғанда кәсіпкерлік ойларға ие, олар жаңа нәрселерді көруге дайын. Сонымен бірге, мемлекеттік сектор әрқашан жеке секторға сүйенеді. Бізде жеке меншік сектор күш салып, түрлі жобаларға қатысуы керек деген ой қалыптасқан. Мемлекеттік сектор қандай-да бір себептермен жеке сектор қол жеткізе алмаса, немесе үкіметтің қоғамға пайдасы тиетін болса ғана бірдеңе жасауы керек.

Технологиялық тұрғыдан жетілмеген елдерге қандай кеңес бере аласыз?

- Ол елдер туралы білмей жатып жауап беру қиын. Мен эстондық модель басқа елдерде міндетті дүрде жұмыс істеп кетеді деп санамаймын, өйткені біз бастапқы ұстанымдарымыздан бастадық. Мысалы, егер біз кейбір Африканың елдері туралы айтатын болсақ, бізде сол кезде болған мұра оларда қазіргі таңда болмауы мүмкін. Бірақ олар нөлден бастап, үлкен секіріс жасауы мүмкін. Сөз ЖИ жайлы қозғалғанда, әр жобаны бастамас бұрын, біз өзімізден алдын ала: ол не үшін қажет? сәтті бола ма?- деп сұраймыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7073 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
22 ноября родились
Айбек Байзаков
председатель правления (генеральный директор) ТОО «КазРосГаз»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить