«Tau-Ken Mining» ЖШС жарғылық капиталына 100% қатысу үлесін иеліктен шығару

7541

Иеліктен шығарылатын объект: «Tau-Ken Mining» жарғылық капиталына 100% қатысу үлесі

1-келісімшарт

Қазақстан Республикасы Алматы облысы Тұйық-Темірлік алабындағы мысты, қорғасынды, баритті барлауға арналған 2013 жылғы 27 наурыздағы № 4196-ТПИ келісімшарт.

Жер қойнауын пайдалану құқығы иесі: «Tau-Ken Mining» ЖШС

Жер қойнауын пайдалану түрі: барлау

Пайдалы қазба түрі: қорғасын, мыс, барит

1-келісімшартты қолдану мерзімі: 6 жыл

2-келісімшарт

Қазақстан Республикасы Алматы облысындағы Тұйық кен орны барит-полиметалл рудасын және күмісті өндіруге арналған 2016 жылғы 4 наурыздағы  № 4796-ТПИ келісімшарт. 

Жер қойнауын пайдалану құқығы иесі: «Tau-Ken Mining» ЖШС

Жер қойнауын пайдалану түрі: өндіру

Пайдалы қазба түрі: қорғасын, мыс, күміс, барит

2-келісімшартты қолдану мерзімі: 25 жыл

«Tau-Ken Mining» ЖШС туралы қысқаша ақпарат

 «Tau-Ken Mining» ЖШС, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 8 мамырда, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 8, «Б» блок мекенжайы бойынша тіркелген.

Жер қойнауын пайдалану объектілері туралы қысқаша ақпарат

1.      Қазақстан Республикасы Алматы облысы Тұйық-Темірлік алабындағы мысты, қорғасынды, баритті барлауға арналған келісімшарт

Орналасқан жері және инфрақұрылымы

Тұйық-Темірлік кен алабы Алматы облысының оңтүстік шығыс бөлігінің шетінде, Ұйғыр және Райымбек аудандарының аумағында орналасқан. Алматы қаласы кенді алаптың батысында 200 км орналасқан, таяу елді мекен – аудан орталығы Кеген селосының оңтүстік батысына қарай 15 км. Тұйық кеніші кен алабының ортасынан орын тепкен. Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекара кен алабының шығысында 85 км, Қырғызстанмен шекара оның оңтүстік батысында 40 км жерден өтеді.

Электр беру желісі, телефон байланысы Алматы – Нарынқол автомагистралы бойындағы елді мекендерге шоғыраландырылған.

Ең жақын Алматы – Кеген – Нарынқол автомобиль тасжолы тікелей аудан арқылы өтеді.

Ауданға ең жақын теміржол станциясы Алматы қаласында (260 км) орналасқан.

Тұйық-Темірлік кен алабының шолу картасы
Тұйық-Темірлік кен алабының шолу картасы

Ауданның ең ірі географиялық бірлігі Кетмень жотасы, Қазақстан аумағы бойынша ендік бағытымен 150 км созылады және солтүстік шығысқа қарай шамалы бұрылыс жасап Қытай аумағынды жалғасады. Жота солтүстігінде Кеген тоғанының оңтүстігінен Іле тоқырауымен тұйықталады. Батыс бағытындағы соңы екі тармаққа бөлінеді, олар: солтүстігінде Құшанай және Құлұқтау таулары және оңтүстігінде Темірлік таулары.

Тұйық-Темірлік руда алабы тауаралық ойпатта, суайырғы 2800-2860 м белгі бойынша кен орнынан оңтүстікке қарай 2,5 ендік бағыттан өтетін, Тұйық тауының солтүстік бөктерінде орналасқан. Темірлік өзені 1550-1650 м арна белгісі бойынша Тұйық кен орнының солтүстігінде 5 км жерден солтүстік бағытқа қарай ағады. Толықтай алғанда, кен орны учаскесі солтүстік бағытқа қарай ашылатын және керісінше баытта тұйықталатын тауараплық тоған тәрізді болып келеді, орналасқан жері атауына сәйкес келеді («тұйық» - тұйықталған, тұйық тоған).

Аудандағы су желісі барынша мол және Балқаш көліне құятын өзенге тән қауырсын тәрізді болып келеді, кен орнының солтүстігінде 90 км қашықтықта ағып жатыр. Оның оң жақ саласы Шарын өзені, Темірлік және Құшанай тауларын айналып, кен орнының 30 км оңтүстік батысындаға Кеген және Қарқара өзендері құйлысынан пайда болады. Оның орташа жылдық шығыны 40 м3/сек, ең азы - 27 м3/сек. Кеген өзені Темірлік тауының етегімен, кен орнының оңтүстігінен 13 км өтеді. Орташа жылдық шығын - 28 м3/сек.  Ең азы - 18 м3/сек.  (қаңтар, ақпан).

Тұйық-Темірлік кен алабында 2013 –2016 жылдары орындалған жұмыстар көлемі:

  • Іздестіру ұңғымаларын бұрғылау –19 709 қ.м..;
  • Ұңғымаларды карталау бұрғылау – 4 552 қ.м.;
  • ДЭЗ-ВП пішінді электр барлама– 151,47 п. км;
  • Арықтар ұңғылау (тау жұмыстары) – 12 216,7 м3;
  • Шурфтар бұрғылау – 50 қ.м.;
  • Іздестіру маршруттары – 882,5 қ. км;
  • 35 элементтің ICP-AES геологиялық сынақты талдау – 10 762;
  • 4 элементтің  ICP-AES мөлшерлік қосымша шығынын талдау – 822;
  • Хим. талдау - 1 500;
  • 24 элементті жартылау мөлшерлік спектрлік талдау – 4 489.

2.      Қазақстан Республикасы Алматы облысындағы Тұйық кен орны барит-полиметалл рудасын және күмісті өндіруге арналған келісімшарт

Орналасқан жері және инфрақұрылымы

Тұйық кен орны Тұйық-Темірлік кен алабының келісімшарттық аумағының орталық бөлігінде, Қазақстан Республикасы Алматы облысының қиыр оңтүстік шығыс бөлігінде, Райымбек ауданы аумағында, оның Ұйғыр ауданына таяу  шекарасында орналасқан. Алматы қаласы кен орнынан батысқа қарай 200 км, Талдықорған – кен орнынан солтүстік-солтүстік-батысында 230 км, Қырғыз Республикасының Қаракөл қаласы – оңтүстік батысында 105 км. Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасы кен орнының шығысында 85 км өтеді, ал Қырғыз Республикасының шекарасы – оның оңтүстік батысында 40 км (барлық қашықтық түзу сызық бойынша). Абсолютты белгісі теңіз деңгейінен - 2170-2375 м.

Кен орны учаскесі Хан Тәңірі тау жүйесінің батыс бөлігінде, Кетмень жотасының батысқа қарай аяқталатын тұсында, Іле өзені – Балқаш көлі алабының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.

Кен орны ауданындағы географиялық және экономикалық жағдай қолайлы: климаты смалыстырмалы түрде жұмсақ, су-энергетикалық қоры мол, тас жолға жақын. Ауданның теміржолдан қашықтығы жағымсыз фактор болып табылады.

Ауданның негізгі көлік магистралы Тұйық кен орнының батысында 15 км өтетін Алматы – Кеген – Нарынқол тас жолы болып табылады.

Ауданның ауылшаруашылығы Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты соңғы жылдары қарқынды даму үстінде. Мұнда егін шаруашылығы, оның ішінде суармалы егістік үшін жақсы жағдай қалыптасқан. Сонымен бірге, Мал шұаруашылығы, негізінен қой шаруашылғы ерекше орын алады.

Кен орны ауданында жергілікті өнеркәсіптің дамуы әлсіз. Тау-кен саласы кеңінен дамымай отыр, дей тұрғанмен де геологиялық барлау жұмыстары барысында бірқатар тартымды және маңызды объектілер анықталды.

Тұйық кен орнының шолу картасы
Тұйық кен орнының шолу картасы

3.      Тұйық-Темірлік руда алабының запасы

Тұйық кен алабы

01.01.2017 жылғы жағдай бойынша Тұйық кен орны бойынша мемлекеттік балансқа мына запастар тіркелген:

Тұйық кен орнының геологиялық запасы

Пайдалы қазынды атауы

Өлшем бірлігі

Категориялар бойынша баланстық запасы

Баланстан тыс запасы

А

В

С1

А+В+С1

С2

кен

мың т

--

3 751,0

9 826,0

13 577,0

6 189,0

--

қорғасын

мың т

--

82,70

94,00

176,70

95,30

--

барит

мың т

--

1 059,0

5 811,0

6 870,0

3 403,0

--

күміс

мың т

--

 

182,00

182,0

--

--

2013-2016 жж. геологиялық барлау жұмыстары нәтижесі бойынша, кен орнының шығыс қанатында қорғасын, мырыш және мыс кен қимасы анықталды. №3 ұңғыма бойынша (Шығыс учаске) 261-288 м аралықта, қуаты 27 м кен қимасы бар, орташа құрамы 8,5% дейін қорғасын, 2% - мырыш, 0,2% дейін мыс анықталды. TUK-007-16 ұңғымасы бойынша 297-334 м тереңдіктен, ұңғу қуаты 37 метр, орташа құрамы 1,8% қорғасыны және 2% мырышы бар, қорғасын-мырыш аралығы ашылды. 396-424 м аралықта ұңғу қуаты 28 метр, орташа құрамы 1,03% мысы бар, мыс аймағы айқындалды. TUK-009-16 ұңғымасы бойынша, орташа құрамы 1,6% дейін қорғасын, 1,9% - мырыш және 0,2% дейін мысы бар, қуаты 30 м дейінгі аралық қима анықталды. Аталған минералдану құламасы және жайылуы бойынша кескінделмеген.

2013-2014 жж. гелогиялық барлау нәтижесі бойынша, Тұйық кен орнының шығыс қанатында, кешенді барит-полиметалл рудасын айқындауға арналған әлеуетті перспективалы учаске белгіленді.

Оңтүстік блок шегіндегі мыстың болжанған қоры орташа құрамы шамамен 0,75% болатын орташа кен орнына сәкес келуі мүмкін.

Темірлік кен алабы

2013-2015 жж. гелогиялық барлау нәтижесі, сондай-ақ ізашарлар деректері бойынша, Тұйық-Темірлік кен алабы шегінде, Темірлік кен орны мысының запасын жедел есепке алу жүргізілді. Кен орнының запасы, кен орнының неғұрлым жақсы зерттелген орталық бөлігінде 150 м тереңдікке дейін, С2 категориясы бойынша авторлық нұсқамен бағаланды. Тік құлама блоктардағы (Шығыс, Батыс, Қиыр батыс) кендену, үстіңгі сирек арықтармен, құламасы және жайылуы бойынша 3-4 ұңғыма зерттелді. Рудалы аймақ толық зерттеліп болған жоқ. Бағаланған запасы Р1 категориялы болжанған ресурстарға сәйкеседі.

Темірлік кен орнының С2 категориялы запасы және  болжамды ресурсы

Категория

Руда, мың т

Металл

Құрамы

Мыс, мың т

Күміс, т

Мыс, (%)

Күміс, г/т

С2

10 372,4

68,8

210,0

0,66

20,3

Р1

5 552,3

25,1

77,8

0,45

14,0

3-кесте. Темірлік кен алабы бойынша болжамды ресурсы

Тектоникалық блок

Категория

Руда, мың т

Металл

Құрамы

Мыс, мың т

Күміс, т

Мыс, (%)

Күміс, г/т

Қиыр батыс 

Р1

75 712,0

310,4

1

0,41

13,86

Батыс    

Р1

7 795,2

113,7

0,4

0,7

21,7

 

Иеліктен алынатын объектіні сату процесі

«Tau-Ken Mining» ЖШС жарғылық капиталына 100% қатысу үлесін сату, Қазақстан Республикасының заңнамсына және "Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.  

Әлеуетті сатып алушыларға міндетті талаптар мыналар болып табылады:

  • Құрылтай және өзге де құжаттарды ұсыну;
  • Сатып алушының төлем қабілетін растайтын құжаттар.

Алдын ала квалификациялық іріктеу бойынша учаскеде құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні:  2018 жылғы 31 наурыз.

«Tau-Ken Mining» ЖШСжарғылық капиталына 100% қатысу үлесін сату процесінің кезеңдері

Р/с

Сату процесінің кезеңдері

Мерзімі

I

·      Әлеуетті сатып алушылардан иеліктен алынатын объектіні сатып алуға қызығушылығы туралы хабарламаны алу;

·      Әлеуетті сатып алушылармен құпиялылық туралы келісімді жасасу және Объект туралы шағын деректер базасына кіруге мүмкіндік жасау

10.01.2018 –

31.03.2018

II

Әлеуетті сатып алушылардың,  иеліктен алынатын объектіні сатып алуға қызығушылығы туралы өтінішін, мына ақпараттарды қоса тіркей отырып жолдауы:

- РК резиденттері үшін: құрылтайшы және басқа да құжаттар (жарғы, құрылтай шарт, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама, қол қою құқығын растайтын құжат);

- РК резиденті еместер үшін: легализованные (апостилированные) орыс тілінде нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттың көшірмесі (жарғы, құрылтай шарт, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама, қол қою құқығын растайтын құжат);

- Әлеуетті сатып алушылардың алдыңғы 3 жыл ішіндегі қаржы есептемесі (теңгерім, пайда және залал туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы, өзіндік капиталдық өзгерісі);

- өтініш берілген күні банктер және өзге де қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері туралы ақпарат;

- төлем қабілетін растайтын құжаттар;

- компания туралы ақпарат (тарихы, қызметінің сипаты және т.б.)

31.03.2018

III

Компанияның (немесе негізгі компанияның) қаржылық дербестігін, таукен-металлургия саласына қатыстылығына талдау жүргізу нәтижесі бойынша, алдын ала квалификациялық іріктеу қорытындылары

15.04.2018

IV

Әлеуетті жеткізушілерге иеліктен алынатын объект туралы үлкен деректер базасына қол жеткізуді ұсыну

15.04.2018 – 31.05.2018

V

Аукцион өткізу

31.05.2018

VI

Аукцион нәтижесін хабарлау

15.06.2018


Қазақстан Республикасының заңнамлық – құқықтық актілеріне сілтеме:     http://tks.kz/page/zakonodatelstvo (www.tks.kz/Инвесторам/Законодательство)

"Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ  почталық мекенжайы: Астана, 010000, Қазақстан Республикасы, Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі, 8, «Зүбәржан орамы» әкімшілік ғимаратты, «Б» блок, 13-қабат.

Кеңсе: Тел.: +7 (7172) 55-95-72, Факс: +7 (7172) 55-27-80, E-mail: info@tks.kz

Мәселе туындаған жағдайда байланысу:

Абсаметов Нариман

Инвестициялық департаменттің директоры

  + 7 (7172) 55-95-22

n.absametov@tks.kz

Максутова Айдана

Инвестиция жөніндегі маман

+7 (7172) 55-27-85

a.maksutova@tks.kz

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить