«Субконтракт биржасы-2019» алаңында 16,3 млрд теңгенің келісімшарттары жасалды

7829

«QazIndustry» бастамасы қандай нәтиже беруде, отандық өндірушілерге қандай қолдау жасалуда

Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов айтып берді.  

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұйымдастырған «Субконтракт биржасы-2019» осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Іс-шараға қазақстандық ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, жүйе құрушы кәсіпорындар, сондай-ақ, даму институттары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және мүдделі мемлекеттік органдар қатысты. Биржаның негізгі мақсаты -жергілікті қамту үлесін ұлғайту, қазақстандық бизнесті қолдау, дамыту және ішкі нарықта олардың әлеуетін ашуға ықпал ететін тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісінің мәселелері бойынша кооперациялық байланыс орнату үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында тиімді B2B кездесулер ұйымдастыру болып табылады.

Тұрар Жолмағамбетов
Тұрар Жолмағамбетов

-2019 жылдан бастап Президент, Үкімет басшысы жергілікті қамтуды артыруды бірнеше рет көтерген болатын. Нақтырақ айтсақ, еліміздегі сатып алу процесіне қатысушылар, бұл негізінен мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар және ірі компаниялар және квазимемлекеттік сектор бар. Қазірде олардың сатып алу көлемі 17 трлн теңгеге дейін жетеді. Біз біз соның тек жартысын ғана қамтамасыз етіп отырмыз, яғни жартысы отандық кәсіпорындар, ал ақалғандары шет елдерден келіп жатыр. Бұл -өнімдер,тауарлар, қызметтер. Мақсат-50 пайыздық көрсеткішті одан сайын арттыру, оны жоғары нәтижеге жеткізу. Бұл дегеніміз- бизнесті дамыту, қамтамасыз етуші компаниялардың пайдасын еселеу, жұмыс орындарын арттыру, бір сөзбен айтқанда бизнестің айналасындағы салық төлейтін бенефициарлардың санын көтеру-деді Жолмағамбетов.

Қазіргі күні биржа қатысушыларының арасында – «Еуразиялық топ», «Қазцинк», «Қазақмыс корпорациясы», «Қазтеміртранс», North Caspian Operating Company N.V., KAZ Minerals тобы, Karachaganak Petroleum Operating B.V., PSA Kazakhstan, «АрселорМиттал Теміртау», «АгромашХолдинг KZ», «Қостанай минералдары», «Қазақалтын ТКК» және машина жасау, тау-кен металлургия, химия, мұнай, жеңіл өнеркәсіп және басқа да салалардың отандық тауар өндірушілері бар.

-Бұл саясатты дамытудың бірнеше тармағы бар. Біз бүгін осының бір тармағын қарадық. Бұл шағын компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы байланысты дамыту.  Әрине, мұнда бірқатар проблемалар бар. Шағын компаниялар өндіретін тауарлардың бағасы жоғары, сапасы төмен болып келеді немесе уақытында  жеткізбейді. Ал қамтамасыз етушілер болса басқа проблеманы айтуда, олар керісінше тапсырыс берушілер уақытылы төлемейді, сұраныстары өте жоғары немесе бағалары төмен дегенді айтуда-дейді спикер.

Жалпы, биржа өткізілген үш жылда  «Субконтракт биржасы» өзін ірі, орта және шағын бизнес субъектілерінің өзара іс-қимылының маңызды алаңы ретінде көрсеткен. 2017 жылы «Астана ЭКСПО-2017» алаңында ұйымдастырылған Биржада отандық компаниялар арасында 6 кооперациялық келісім жасалды. 2018 жылы отандық өндірушілердің тауарларын ішкі нарықта жылжыту және импорт алмастырушы өндірістерді дамытуға жәрдемдесу мақсаты болып табылатын 6 үш тарапты келісім мен
2 екі тарапты меморандумға қол қойылды.

-Біздің мақсат- сатып алушы мен жеткізушіні бір жерге отырғызып, олардың  бір келісімге келуіне ықпал ету.  Яғни, жеткізушінің тауарының сапасы төмен болса, ол өзіне міндет алады, мысалы, алдағы 2 жылда сапаны жоғарылатады,  ал екінші тарап оны сатып алуға кепіл береді. Себебі, кәсіпкерлер сапаны жақсарту үшін, технологияны жаңарту үшін қосымша шығын шығарады, несие алады. Осылалай екі жақ алдын ала келісіп, меморандумға қол қояды-деді төраға орынбасары.

Ал, Биржа-2019 қорытындысы бойынша KAZ Minerals тобы («ВостокЦветМет» ЖШС,  «ҚАЗ Минералз Ақтоғай» ЖШС және «ҚАЗ Минералз Бозшакөл» ЖШС) кәсіпорындары және отандық тауар өндірушілер «Новопек» ЖШС, «ComTrade Product» ЖШС  және «IC textile» ЖШС арасында жалпы сомасы 16,3 млрд теңге келісімшарттарға қол қойылды.

-Тағы бір келісімнің түрі бар, Off-take Contract. Бұл ұзақ мерзімді контракт. Ал онда ақша көлемі, уақыт мерзімі нақты көрсетіледі. Бүгін сатып алу саласында даму барын көреміз, қазір соның куәсі болып отырмыз.   Қазір осындай келісімдердің жалпы сомасы 16,3 млрд теңгеге қол қойдық. Бұған дейін Қарағандыда Off-take Contract  бойынша қол қойған болатынбыз, бұл 3,1 млрд теңге болды. Бұл жүйенің бір ерекшелігі, олар ұсынатын тауарлар бұрын-соңды шығарылмаған. Мысалы, елімізде өндірілмейтін кейбір тауарлар бар, ал біз осындай өнімді шығара алатын компанияны табамыз және  компаниялар оған тапсырыс береді. Мысалы, металлургия саласында қолданылатын аяқ киімді алайық, оларды бір компания жылына 500 млн теңгеге сатып алып отыр. Ал әлгі компания бұл аяқ киімдерді жасап шығаруға әзір екенін айтып және алда 2 жылда шығаруға міндеттеме алады.  Бұл үшін технология керек, мамандарды даярлау керек, ал осының бәріне ақша қажет, шамамен 250 млн  теңге қажет деп есептейік. Ал тапсырыс беруші бұл ақшаны қазір төлейді, ал шағын бизнес оны екі жылдан кейін тауар ретінде қайтарады.  Ал одан кейін бизнес процес кәдімгідей жалғаса береді. Яғни, осындай келісімшарттар арқылы жергілікті қамтудың үлесін арттыру көзделеді. Бұл осы ұлттық саясатты одан әрі дамытуды ойлаймыз-деді «QazIndustry» өкілі.

«QazIndustry» ҚИЭО» Басқарма төрағасы Әлішер Әбдіқадыров  келісімшарттар жасауға және мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал ететін іс-шаралар Орталықпен тұрақты негізде жүргізілетіндігін атап өтті және «Субконтракт биржасы» іскери байланыс орнату мен кооперациялық байланыс құру үшін маңызды құрал болып табылатынын айтты. Қазақстандық өндірушілер үшін үлкен маңызы бар «QazIndustry» бастамаларының ішінде Басқарма төрағасы Дүниежүзілік банкпен бірлескен жоба – Жеткізушілерді дамыту қызметінің іске қосылғандығын атап өтті. Бұл жоба біріншіден отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған және  экономиканың шикізат және өңдеу секторында ірі тапсырыс берушілер үшін әлеуетті жеткізушілер болуға мүмкіндік береді.

-Бізде пилоттық жоба іске асып жатыр. Оны Дүниежүзілік банкпен серіктес бола  отырып, екі жылда жүзеге асырамыз. Мақсат қандай? Біз еліміз бойынша 100 шағын бизнесті іріктеп аламыз, оларды оқытамыз, кадрлық саясатты дамытуға, технологияларды енгізуге қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар, олар халықаралық стандарттарға сай сай болуы тиіс. Ал ол деген үлкен шығын. American Petroleum Institute деген бар, стандарт беретін, ал онад бір ғана қарапайым өнімді стантарттау үшін $30 мы қажетң, ал жалпы сол кәсіпорынның технологиясын, менеджментін стандарттау үшін $150-200 кетеді. Егер, қазақстандық компания сол стандарттан өтсе, сол қаржыны шығындаса, біз, яғни қамтамасыз етуші  қызмет оның 70%-ын қайтарып береді, мысалы $200 мың болса, шамамен $140 жабылады.  Яғни, бұл олар үшін үлкен шығынды төмендетеді.  Ал сол 100 кәсіпорынды екі жылдан кейін отандық компаниялармен кемінде $25 млн-ға келісім жасауы тиіс. Бұл алға қойып отырған негізгі мақсат. Ал пилоттық жоба сәтті іске асатын болса, онда келешекте 100 компанияның санын көбейтіп, ары қарай жұмысты жалғастыра береміз-деді сұхбат беруші.

Сондай-ақ, қазір «Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және  технология трансфері желісі» жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, онда ғылым мен бизнесті, жаңа өнімді жасауға берілген тапсырыстар нәтижесінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылауға арналған виртуалды алаңдар көзделген. Еуразиялық субконтрактация желісін құру және оның толық жұмыс жасауы ЕЭО мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқыны мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

-Мысалы, тағы бір  мәселе, егер «Теңізшевройл» компаниясы Қазақстанда ғана емес әлем елдерінде жұмыс істейді. Ал біздің компания ТШО-ның қамтамасыз етушісі болса, ол автоматты түрде басқа да елдердегі сатып алуларға қатыса алады. Бұл дегеніміз- экспорт. Ал мемлекет міндеттеп отырғандай елімізді индустрияландыру экспортттық бағыт болуы тиіс. Бұл жерде екі ұтымды бағыт бар: жергілікті қамту және экспортты ұлғайту-деп түйіндеді Жолмағамбетов.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить