Қазақстандық жас ғалымдар сиыр сүтінен қалай синбиотик сусынын жасап шығарды

Ғылымды қаржыландыру және коммерцияландыру қалай жолға қойылды

Идея қалай пайда болды, синбиотик дегеніміз не, құрамында не бар, өнім өзін ақтай ала ма, командада кімдер бар, тағы қандай жобалар қолға алынуда? Бұл сауалдарға Forbes.kz тілшісі жауап іздеді.

 Қазақстан нарығында алғаш пайда болған «Нәр» сусынының теориялық тарихы 2011-2014 жылдар аралығын қамтиды. Яғни, осы аралықта Ғылым және білім министрілігі атынан ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтерді қаржыландыруға грант бөлініп, 2016 жылы Ғылым қорының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін коммерциялау байқауына қатысып, аталған өнімнің өндірісін жолға қоюға мүмкіндік туды және 2018 жылы нарыққа шығып үлгерді. Жоба аясында ғалымдар мен өндірушілер командасы құрылды. Жобаға Назарбаев университетіндегі National Laboratory Astana орталығының сол кездегі жетекші ғылыми қызметкері, қазірде «Өмір туралы ғылым» орталығының директоры қызметіндегі Алмагүл Кушугулова жетекшілік етті.

- Бұл тамақ өнімдерінің отандық нарығына өнеркәсiптiк өндiрiсіне шыққан қазақстандық ғылымның алғашқы және бірегей өнімі. National Laboratory Astana жобасын жүзеге асыру ең алдымен Ғылым қорының қолдауымен және оның төрағасы Ануарбек Сұлтанғазиннің, сонымен қатар барлық тәуекелді өз мойнына алып, инновациялық жобаны енгізуді қолға алған «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры Иван Сауэр ерекше үлес қосты. Қазақстан нарығында бұндай өнімнің аналогы жоқ. Зерттеушілер өз кезегінде көп еңбекті талап ететін жұмыстары атқарып, синбиотикалық өнімінің өңделген технологиялық өндірісін жаңа технологиялық желі базасында өнеркәсіптік сынамадан өткізді. Барлық технологиялық режимдер игерілді, технологиялық персоналдың өзара әрекеттесуі бойынша шаралар реттелді. Өнеркәсіптік сынық өткізілген соң тұтынушылар үшін өнімнің тартымдылғын ұлғайту мақсатында өнім қаптамасының дизайнын жетілдіру бойынша жұмыстар басталды - дейді Кушугулова.

 Команда құрамында болған зерттеушілердің бірі Аяулым Нұрғожина. Ол 2015 жылы Назарбаев Университетін биолог мамандығы бойынша бітірді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде оқуын жалғастыруға мүмкіндік туғанша біраз уақыт Алматыда жұмыс істеді. Қарағандылық қыз осыдан кейін әлемдегі үздік колледждердің жиырмалығына кіретін Лондон корольдік колледжіне түсті. Жас ғалым үлкен ғылым есігін ашпай жатып, көшбасшы бағыт саналатын биомедицина мен молекуляр биологияны таңдады. Кейін магистрлік диссертациясын тін жасушаларына арнады. Ал Қазақстанға қайтып оралған соң зерттеулерін Назарбаев Университетнің қабырғасында жалғастырды.

- Алдымен «синбиотик өнім» деген не екеніне тоқтала кетсек. Біздің синбиотиктің құрамына пробиотик бактериялар мен инулин, пектин және коллаген секілді өте маңызды компонент енген. Коллаген көтеген өнімдерде кездеседі, бірақ балық коллагені бұл заттектің керемет қайнар көзі болып табылады. Неге? Өйткені ол басқаларымен салыстырғанда бір жарым есе жақсы сіңеді, мәселен шошқа коллагенімен салыстырғанда. Балық коллагенінің молекулярлық массасы мен көлемі ірі қара малдан қарағанда әлдеқайда аз және бұл өз кезегінде аталған ақуыздың әлдеқайда сапалы сіңуіне жағдай жасайды. Сондықтан ол қанға тез тарайды, кейін ағзаның әрбір клеткасына жетеді. Ал бұл тері мен сүйек және буын тіндеріне аса қажетті заттектердің түзілуіне мүмкіндік береді. Біз ойлап тапқан формула иммунитетті көтеріп, қандағы холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі. Сусынды ішектегі микроб тепе-теңдігі бұзылған жағдайда пайдалы. Кез келген жастағы адам іше алады. Өсімдік талшықтары мен Жапонияда шығарылған коллагеннің арқасында біздің ағзамыз маңызды амин қышқылдары мен минералдарды қабылдайды - дейді Аяулым.

Синбиотик оның жалғыз жетістігі емес. Ғылымды коммерциаландыру жобасы аясында жас зерттеуші «Саумал» метабиотигімен қатар айналысып жатыр. Білім және ғылым министрлігі мен Назарбаев Университеті қаржыландыратын басқа да бағыттарға атсалысып келеді. Аяулымның айутынша әлемдік нарықта синбиотик саналатын биопрепарат пен өнімдер бар. Соңғы деректер бойынша олардың дүниежүзі нарығындағы жылдық үлесі 36,6 млрдтан асқан. Бірақ отандық сусынның құрамы олардан өзгеше екен.

 - Бұл формуланың патенті Назарбаев Университетке тиесілі. Ал Қор бізді грантқа байланысты көптеген мәселелерде қолдап отыр. Тек қана қаржыландыру емес, отандық және шет елдік нарыққа шығаруда да септігі тиді. Ең бастысы Ғылым қоры өндіріс ошақтарымен өзара қарым-қатынасты жолға қоюға көмектесіп жатыр. Ал жас ғалымдарға айтарым, әрине, алғашқы жетістікке малданбай, жобаны түрлі байлауларға ұсыну керек. Шет елдік әріптестермен байланыста болудың да көмегі көп. Қазақстанда ғалым болу оңай емес, бірақ қызық жағы да көп - дейді «Болашақ» түлегі.

Дерек бойынша қазірде Қазақстанда сүт өнімдерін шығарумен айналысатын 250 астам компания бар екен. Бірақ аталған сауда белгісіне негізгі бәсекелестер отандық емес, сырттан жеткізілетін өнімдер болып отыр екен. Дегенмен, жоба авторлары аталған сусын салынған қаражатты толығымен ақтайды және жуық арада танымал тауар белгісіне айналады деген сенімде.

- National Laboratory Astana орталығында жасалған бірінші функционалды тағам өнімі бірқатар бірегей қасиеттерге ие: иммунитетті нығайтады және белсенді ұзақ өмір сүру қабілетіне септігін тигізеді. Қант диабеті, артериалды гипертензиясы, семіздік пен артық салмағы, метаболизмдік сендромы және кардиоваскулярлық дерттері бар адамдарға бұл өнімнің терапевтік тиімділігі клиникалық тұрғыда дәлелденген. Онкологиялық аурулардың, оның ішінде колоректальді қатерлі ісіктің алдын алуға таптырмайтын өнім - дейді жоба жетекшісі Алмагүл Кушугулова.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше Қазақстанда ғылыми жобаларды қаржыландыруда айтарлықтай нәтиже бар. Стататистика бойынша Ғылым қоры арқылы 2016 жылы 25 жоба, 2017 жылы 72 жоба қаржыландырылған.

- Жалпы алғанда, отандық ғылымның алға жылжуы мен дамуында оң өзгеріс бар деп айта аламын. Тіпті шет елдіктерден де қалыспаймыз деуге болады. Шет елде білім алуымның арқасында мен ғылыми процестің позитив тұстарына байтарап қарауға үйрендім. Шынымды айтсам біздегі мүмкіндіктерге таң қалдым. Болашаққа деген нық сенім болмаса біздің зертхана грантқа қол жеткізе алмас еді - дейді Аяулым Нұрғожина.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4427 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
18 февраля родились
Именинников сегодня нет
Самые высокооплачиваемые диджеи мира

Все цифры отражают доходы за период с июня 2017 по июнь 2018 года до вычета налогов

Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить