Сақтандыру нарығы: Бәсеке айтарлықтай жоғары

15229

Үстіміздегі аптада Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы еліміздің сақтандыру нарығына қатысты кезекті шолуын жария етті

ФОТО: pixabay.com

Сарапшылардың мәліметінше, 2022 жылдың І тоқсаны бойынша жалпы сақтандырумен айналысатын отандық компаниялардың рентабельділігі әртүрлі деңгейде қалыптасуда: минус 19%-дан, плюс 15%-ға дейінгі аралықта.

Негізгі тенденциялар

• 2022 жылдың І тоқсанында отандық жалпы сақтандыру нарығындағы барлық негізгі көрсеткіштер біршама өскенімен, бөлінбеген табыс көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға төмендеп кеткен.

• Үстіміздегі жылдың І тоқсанында секторға тиесілі активтер 1 133,0 млрд теңгеге дейін (8%-ға) өскен, бұл – сақтандыру нарығы активтерінің 59%-ы. Активтердің өсуі сақтандыру сыйлықақылары (+71% немесе 36,8 млрд теңгеге) мен қайта сақтандыру активтері (+43% немесе 23,7 млрд теңгеге) есебінен мүмкін болған.

• «Кері РЕПО» операцияларының өсуі (3,1 есе немесе 48,7 млрд теңгеге) және ақшалай қаражаттың өсуі (+86% немесе 17,1 млрд теңгеге) салымдардың қысқаруы (-53% немесе на 67,5 млрд теңгеге) негізінде қайтадан реттеліп, бір деңгейге келтірілген.

• Сектор активтерінің 77%-ы бұрынғысынша нарық ішіндегі негізгі бес ойыншыға тиесілі, олар: Еуразия СК (37%), Халық (14%), KazakhExport (13%), Виктория (9%) және Қазақмыс (4%). Айта кету керек, аталған кезеңде кей ойыншылардың активтері айтарлықтай өскен, мысалы, Sinoasia B&R (+59%), Лондон-Алматы (+29%) және Basel (+23%) компанияларының.

• 2022 жылдың І тоқсанында жалпы сақтандырумен айналысатын отандық компаниялардың резервтері 19%-ға өскен, негізінен, еңбексіз табылған сыйлықақы резервтерінің 19%-ға немесе 68,8 млрд теңгеге ұлғаюы есебінен.

• Мүлікті сақтандыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілік және өзге де қаржылық шығындар бойынша сақтандыру өнімдері мен ауру-сырқаудан және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға деген сұраныстың өсуі негізінде сақтандыру сыйлықақыларының ауқымы 20%-ға, яғни 153,5 млрд теңгеге дейін өскен.

• Жалпы сақтандыру нарығындағы төлемдердің сыйлықақыларға шаққандағы арақатынасы 18%-ды құрайды (2021 ж. І тоқсандағы көрсеткіш 16%). Айтқандай, осы кезеңде сақтандыру төлемдерінің өсу қарқыны сақтандыру сыйлықақыларынан асып түскен. Бұл мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві мен орын алған, бірақ мәлім етілмеген шығындар резервінің ұлғаюын қоса алғанда, жалпы сақтандырумен айналысатын компаниялардың табыс пайдасының төмендеуіне алып келген.

• 2022 жылдың І тоқсанында төленген төлемдердің 79%-ы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін өтеуге (39%), ауру-сырқаудан сақтандыру жағдайларына (20%) және мүлікті сақтандыруға (20%) тура келген.

• Орташа өлшенген меншікті капиталдың рентабельділігі (RoAE) нарық бойынша 5%-ды құраған (2021 ж. І тоқсанында 3% болатын). Бұл тұрғыда мейлінше тартымды көрсеткіштер ТрансОйл СК (15,4%), НОМАД (15,3%) және Қазақмыс (12,9%) компанияларына тиесілі.

• Әлем бойынша және жергілікті деңгейде бағалардың өсуін, және пайыздық мөлшерлемелердің жоғары болуы мен экономикалық дамудың бәсеңсуін есепке алсақ, жалпы сақтандырумен айналысатын отандық компаниялардың көрсеткіштері биыл 2021 жылдың деңгейінен төмен болуы ықтимал.

ФОТО: © ҚҚҚ

 

ФОТО: © ҚҚҚ
ФОТО: © ҚҚҚ
ФОТО: © ҚҚҚ
ФОТО: © ҚҚҚ
ФОТО: © ҚҚҚ

 

ФОТО: © ҚҚҚ

Кезең бойынша қысқаша түйін

• 2022 жылдың 1 тоқсанында жалпы сақтандыру секторы кірістерінің 36%-ға өсуі сақтандыру қызметінен түскен кіріс пен шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер негізінде қамтамасыз етілді.

• Қаңтар оқиғасының салдары анықталып, антиковидтік шектеулер алынған соң, ел ішінде іскерлік белсенділік қалыпқа келе бастады. Осы тұста мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша резервтер мен орын алған, бірақ мәлім етілмеген шығындардың резервтері айтарлықтай өскені байқалды. Соған сәйкес сектор ішіндегі жиынтық шығыс көлемі 63%-ға артты, бұл жалпы сақтандыру секторындағы таза кіріс 2021 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 8%-ға төмендеп кеткенін көрсетеді.

• Сектор бойынша орташа өлшенген меншікті капиталдың рентабельділігі (RoAE) нарық бойынша, орта есеппен алғанда, 5%-ды құрайды (2021 жылғы 1 тоқсанға қарағанда 2 п. п. жоғары көрсеткіш).

Осы арада айта кету керек – жалпы сақтандыру нарығындағы ойыншылардың арасындағы рентабельділік көрсеткіші әркелкі: минус 19%-дан плюс 15%-ға дейін. Бұл, негізінен, бірқатар ойыншылардың бағалы қағаздары мен валюталық активтерін қайта бағалау есебінен орын алды.

• Нарық бұрынғысынша орташа шоғырлану деңгейінде қалып отыр, ойыншылардың арасындағы бәсекелестік айтарлықтай жоғары. 2022 жылдың І тоқсанында шетелдік ойыншылардың Қазақстан нарығына шығуы байқалған жоқ; шетелдік капиталдың қатысуымен бір компания жұмыс істеуде (Sinoasia B&R).

• Алдағы уақытта отандық сақтандыру нарығына Парламентте қарастырылып жатқан сақтандыру нарығын реттеу және дамыту жөніндегі заң жобасы қосымша серпін беруі мүмкін. Онда көлікті міндетті сақтандыруды (оның ішінде баға белгілеуді) жетілдірумен қатар, сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу (Еуропротокол) және сақтандыру секторын әрі қарай цифрландыру жоспарлануда.

• Жалпы сақтандырумен айналысатын қазақстандық компаниялар үшін бүгінгі таңдағы негізгі келеңсіз фактор – Ресей-Украин қақтығысы. Бұл тұрғыдағы түйінді мәселелер ішінде, әсіресе, автокөліктер мен олардың бөлшектерінің, құрал-саймандардың қымбаттауын, құрылыс материалдары бағасының өсуін, т.б. мысал етуге болады. Сол сияқты, ел ішінде қолға алынған инфляцияны ауыздықтау шаралары да – тұтынушылық сұраныстың қысқаруы негізінде – сақтандыру секторының даму қарқынының төмендеуіне алып келуі ықтимал.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube