Жыл басынан бері 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 4 502 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды

ФОТО: © Depositphotos.com\aaftab.sheikh@gmail.com

Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 92,4 мың этникалық қазақ оралған.

Үстіміздегі жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан (68,2%), Қытайдан (9,8%-ы), Түркіменстаннан (10,4%-ы), Моңғолиядан (2,6%-ы)  және басқа да елдерден (9,2%-ы) қоныс аударған.

Тарихи отанына келіп тұрақтаған этникалық қазақтар, негізінен, Алматы (30,3%), Маңғыстау (20,1%), Түркістан (10,8%) және Жамбыл (6,0%) облыстарын, сондай-ақ Алматы (5,8%), Нұр-Сұлтан (6,8%) және Шымкент (7,6%) қалаларын таңдаған.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанға қоныс аударған еңбекке қабілетті қандастар саны 63,1%-ды, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендер саны 23%-ды, зейнеткер жасындағылар – 13,9%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде 10,9%-ы жоғары білімді, 40,7%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді болса, 1,7%-ның білімі жоқ.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
20973 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить