Ағымдағы жылдың наурызы мен сәуірінде елімізден $671 мыңды қолма-қол алып өтпекші болған

Барлық тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 551 және 545-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ФОТО: pexels.com/Tima Miroshnichenko

Мемлекеттік кірістер комитетімен 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671000 АҚШ долларына тең келетін қолма-қол ақша қаражатын заңсыз өткізудің 40 фактісін анықтады.

Барлық тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 551 және 545-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде, шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салу күшіне енген соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 000 АҚШ долларын құрайтын қолма-қол ақшаны кедендік шекара арқылы алып кетпек болған 21 факт анықталған.  Барлық орын алған жағдайлар Нұр-Сұлтан (6 факт) және Алматы (15 факт) қалаларының халықаралық әуежайларында орналасқан кеден бекеттерінде тіркелді.   

«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен Қазақстан Республикасынан:

- 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және «ALTYN BARYS» алтынынан және «KÚMIS BARYS» күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынғанын еске саламыз», - деп атап өтті МКК-де.

Мемлекеттік кірістер комитетінде шетелге шығуды жоспарлаған азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау қажет екенін еске салды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
28670 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить