Пандемия кезінде тамақтанудағы 5 маңызды әдет

5304

Күнделікті рацион ағзаның тезірек сауығуына қаншалықты көмектеседі немесе ауруды асқындырып жіберуі мүмкін бе?

ФОТО: pixabay.com

COVID-19 жұқтырып, стационарда емделіп шыққан кезде сауығу үшін тамақтанудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім. 

Ковид ауруханасындағы стандартты мәзір: таңғы асқа сүт пен қант қосылған бидай ботқасы, түсте макарон мен сорпа, кешкі асқа тауық еті мен арпа жармасы. Мәзірде көмірсулардың тым көптігі, ал көкөністердің мүлде жоқтығы ағзадағы қабыну процесін одан сайын асқындыра түседі. Ұн өнімдеріндегі глютен мен сүт инфекциямен күресуге бар күшін жұмсап жатқан иммунды жүйеге одан сайын қосымша жүк түсіреді. Қант асқазандағы бактерия мен вирустарды одан сайын көбейте түседі. Ал жеміс-жидек пен көкөністерді көбірек жемесе, ауру кезінде ағзаға тезірек айығуға көмектесетін пайдалы микроорганизмдер де мүлде болмайды.

Тамақтану – денсаулық сақтаудағы ең маңызды фактор. Біздің ағзамыз біз жейтін тағамнан құралады. Ересек адамның иммунитетін ретке келтіретін – асқазан-ішек.

Пандемия кезінде төмендегідей кеңестерді ұстансаңыз, тамақтану режиміңіз де айтарлықтай өзгереді:

Су ішу режимі. Ағазаға ең бірінші шай-кофе немесе шырын емес су керек. Күніне бір келі салмаққа 30 мл су ішу керек. Егер сіз суды аз ішсеңіз, қан қоюлана түседі, яғни ағзаның оттегі және энергия алуы азаяды.

Ақуыз пайдалану. Протеин – ағзадағы жасушалардың құрылыс материалы, ал вирусты инфекция кезінде ол антидене қалыптастыру үшін өте қажет. Орта физикалық жүктемеде тәулігіне бір келіге 1–1,2 грамм ақуыз қажет. Сіздің рационыңызда 50% жануар (ет, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе) және 50% өсімдік (нут, маш, жасымық) ақуызы болғаны жөн.

Қарапайым көмірсуларды күрделі түріне алмастыру. Ақ нан, картоп, тәтті және ұн өнімдері ағзадағы қант құрамын тым көбейтіп, қандағы инсулинді арттырып жібереді. Мүмкіндігінше қарақұмық, сұлы жармасы, қоңыр күріш, бұршақ жармасы және балғын көкөністерді көбірек жеңіз. Ауыр көмірсулар қандағы глюкоза құрамын көбейтпейді және өзіңізді ұзақ уақыт тоқ сезінесіз.

Көкөніс пен жеміс-жидек жеуді көбейту. Бұл жерде 80/20 деген ереже өте жақсы жұмыс істейді. Табақтың 80%-ын көкөніс, жеміс-жидектермен (шикі, буда пісірілген, бұқтырылған), ал 20%-ын ақуыз және пайдалы майлармен (ет, балық, авокадо, жаңғақ) толтырыңыз. Табақта кемпірқосақтың барлық түрлері тәрізді тағамдар болуына назар аударыңыз. Олар мүмкіндігінше органикалық және маусымдық болғаны дұрыс. Пигмент түсі тым қоңыр болған сайын, сіз қабынуға қарсы фитонутриенттерді көбірек аласыз.

Мәзірден аллергенді және глютені көп қант, сүт, ашытқы тәрізді тағамдарды алып тастаңыз. Олар иммунды жүйеге қосымша жүктеме беріп, асқазан-ішек жүйесін зақымдап, қанға түсіп, аутоиммунды аурулар тудыруы мүмкін.

Дұрыс тамақтану – тек трендтегі диета ғана емес, ол әрдайым ұстанып жүру керек өмір салты. Егер бұрын денсаулыққа көңіл бөлу тек қарттардың ғана мәселесі болса, қазір бұл әлемдік трендке айналды. Жас адамдардың өзі жетістікке жету үшін дұрыс тамақтану мен саламатты өмір салты маңызды екенін түсініп жатыр. Әрдайым ресурста болу үшін дұрыс әдеттерді ұстану керек. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить