Оңтүстік Кореяда косметика бизнесінің негізін қалаған Галина Әлімова әлем нарығына шыға бастады

«Аna Global» компаниясының өнімдеріне деген сұраныс қалай артты, экспорт қай елдерге бағытталуда

Бұл туралы қазақстандық кәсіпкер Forbes.кz тілшісіне берген сұхбатында толық айтады.  

F: Галина ханым, Сіздің Оңтүстік Кореяда косметика бизнесін жолға қойғаныңызды білеміз. Кәсібіңіз  қаншалықты кеңейді?  Косметика түрлері мен оның көлемі қаншалықты артты?

- Оңтүстік Корея елінде ашқан бизнесім уақыт өткен сайын кеңейіп келе жатыр. «Ana Global» аталатын компаниямыз тек Кореяда ғана емес, әлем елдеріне таныла бастады. Себебі,  көптеген елдерден, компания өнімдерін  ерекше бағалайтын адамдардан көптеген хаттар алып тұрамыз.  Әр елден маска, эссенцияға қатысты көптеген ұсыныстар түсіп тұрады. Біз өз кезегімізде оларға  люкс санатындағы косметикаларды жасап берудеміз. Ал,  1-3 ай аралығындағы  тапсырыстың көлемін баяндап беретін болсам,  мысалы, Аinalayin 24k premium gold  бренді 25,000,  Аinalayin fgf snemcell peptidr complex 15,000,  White cream 5000, White body cream 5000, Whitenneg -anti - wrinkle, hydra mist 10,000, Lifting cream 100,000, Bubble mask 50,000, mask 120,0000, Bubble cream 25, 000, Modeling pack 150,0000, Ipstick 14,000.  Cleene set 15,000,  Curacel beauty(egf fgf stemcell) 15,000, Turmetic care mask 80,000,  Water proof pencil 15,000 дана көлемінде сатылды.  Бұл біз шағырып отырған өнім түрлері. Шынымды айтсам, тапсырыс көлемінің артқаны соншалық, оған тіпті өзім де сене алар емеспін.  Өйткені, түрлі компаниялар біздің өнімімізді бірден алып кетеді.

F: Мысалы, алтын қоспасы бар  «Айналайын» бренді туралы айтып өтіңізші, оның артықшылығы неде? Оған деген сұраныс неге артуда?

- Иә, Аinalayin  24K Premium Gold- аты айтып тұрғандай құрамында алтын бар  және онымен бірге FGF Snemcell peptidr complex өнімдерін  ханымдар көптеп қолданып келеді. Оның ерекшелігі неде?  Егер, оны ұзақ қолданатын болсаңыз, бетіңізге үнемі    жағып жүрсеңіз, онда  ботокс жасадың қажеті жоқ. Осы екі өнім беттің тығыздығынан, ылғалдануынан,  әжімдерден, терінің  зақымдануынан сақтайды, өлі клеткаларды, беттегі эпителия, эндотелия  және фибробласт клеткаларын жақсартады және хемотаксис  клеткасы мен ұлпаларды қалпына келтіреді. Ондағы өте ұсақ белок барлық бет клеткаларына сіңіп, нәтижесінде бет- әлпет ажарлана түседі, оны түбегейлі өзгертеді. Әсіресе, тамаша құрамымен ерекше осы бір өнімімізді Корей, Жапон,  Кытай, Франция  ханымдары көптеп алады.

F: Кәсіпті кеңету үшін технологияны жаңартуды қолға алған екенсіз. Бұл не үшін қажет? Тиімділігі неде? Олар қай мемлекеттің өнімдері?

- Әрбір іске сай болу үшін көптеген технологиялар  мен аппараттар  керек екен. Косметика түрлерін, ұнтақтарды,  маскаларды, кремдерге арналған пластиктерді,  шыны флакондарын шығару оларсыз мүмкін емес.   Өнімдердің сыртын орау, флаконды қаптау, таңбалау, сауда белгісін жабыстыру, бәрі автоматтандырылған  аппараттармен жасалады.  Зертхана  құралдары тағы бар. Әлі де көптеген технологиялар қажет. Оларды ретімен, асықпай алып жатырмыз. Бізге қажетті барлық техника құралдырын Кытай елінен алып жүрміз. Өзіміз арнайы барып, бәрін тексеріп, ісімізге сай келетін аппараттарды тапсырыспен аламыз. Өндірістің әрбір сатысына  әртүрлі аппараттар қажет. Әр техниканы алу үшін көптеген қаражат керек. «Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер» –деген бар. Осылай бір елмен, екінші елдің арасында істеп жатқан жайымыз бар. Қазіргі күні Кытай елінде де шағын зауытымыз жұмыс істеуде. Корей еліндегі компаниялардан да көптеген ұсыныстар алудамыз. Бір күндік маска құралдарын, косметика, флакон қорабтарын жасау бойынша тапсырыстар түсіп жатыр.

F: Жақында бірқатар елдердің кәсіпкерлерімен келісімге келгеніңізді білеміз. Қандай компаниялармен шарт жасадыңыз? Олар қандай елдерден? Сіздің өнімдеріңіз қандай елдерге бағыт алады?

Қазіргі кезде бізге көптеген кәсіпкерлер келуде.  Солардың ішінде мақсатымызға сай келетін компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз. Жуырда Вьетнам елінен іздеп келгендер болды. Нәтижесінде аталған ел бойынша  косметикамен айналысатын ең ірі деген 3 компаниямен келісімге қол қойып, ісімізді бастап кеттік.  Өте риза болдым. Себебі, бізді білмей, ісімізді ішінен көрмей, бірден сізбен жұмыс істеуге дайынбыз деп, алғашқы тапсырыстарын жасап кетті.  Ең қызығы олар іс құжаттары дайын болмай тұрып, Lifting Cream аталатын тауар белгісінің 100,000 данасына ақша төлеп,  алдымен 60% елдеріне жөнелтіп, қалған  40%   дайын болған кезде  алып кетеміз деп алаңсыз кете барды. Мен соған әлі күнге дейін таңқаламын, олар маған неліктен сенді, мен оларды бұрын көрген жоқпын, ол елге аяқ басып көрген емеспін, бұл қалай деген сауал көкейімнен кетпеді.  Кейін олармен  бір кездескен кезде осы бір сауалдарға  жауап алудың сәті түсті. Ал вьетнамдықтар өз кезегінде сізге сенбеу мүмкін емес, себебі әрбір сөзіңіз сезімге толы, жан дүниеңіз, болмысыңыз ерекше деп жылы жауап берді.    Осылайша бір- бірімізге сенім артып, келісімге қол қойып, жақсы оймен ісімізді бастап кеттік. Қазір олардан басқа да тапсырыстарды алудамыз.  Қазір біздің өнімдеріміз Вьетнам, Ресей, Кытай, Жапоня, АҚШ-қа экспортталуда және сол елдің компанияларымен бірлесіп жұмыс істеудеміз.

F: Кореяның косметология  саласындағы ең атақты емханалардың бірімен келісімге отырған екенсіз. Олар неліктен сіздерді таңдады? Келісім қай кезде жасалды? Онда қандай өнім түрлерін жеткізесіздер?

- Ойда жоқта Корея еліндегі JK Withme косметологиясымен келісімге отырдық. Бұған дейін олардың өкілдері «Сізбен жүздесуге  бола ма?»- деп қоңырау шалған болатын. Кейін кездестік, сөлестік, өзара келістік. Артынан косметика мен олардың қорабын, дизайнын және флакон жасайтымызды көріп, өз ұсыныстарын, тапсырыстарын берді. Біз флаконка қатысты  дизайн үлгісін бір сағаттың ішінде дайындап жібердік. Ал келесі күні  келісімге қол қойып, жоспарлаған ісімізді 2019 жылдың шілде айында бастап кеттік. Флакондардың бірінші партиясын  шығару үшін 20 күн уақыт кетті.  Сол уақытта  EGF (Epidermal Growth Factor)  мен  Remedy крем түрлерін шығару ісімен қатар айналыстық. Бұл таңертең және кешке бетке жағатын косметика. Крем құрамын JK Withme косметологиясының профессорларымен бірлесіп  жасадық. Оның құрамы өте бай. Ал оған деген сұраныс өте жоғары, оны интернеттен үнемі бақылап отырмын.

F: Сіз шығаратын косметика түрлерінің құрамы қаншалықты өзгерді? Қандай жаңартулар бар?

- Қазір біз шығарып жатқан косметика түрлерінің құрамы әртүрлі. Бұл негізінен тапсырысқа байланысты, кім қалай тапсырыс береді, солай жасаймыз.  Мысалы, Корея мен Жапония ханымдары EGF (Epidermal Growth Factor)   құрамын қалайды. Жоғарыда айтып кеткенімдей, олардың құрамы белоктарға бай.  Вьетнам ханымдары White cream ,White body cream  сауда белгілерін іздейді. Көптеген ханымдар Lifting-ті таңдайды, яғни,  бұл бетті тартып, әжім түсірмеу үшін, жас кезден бастап күтіну үшін қажет. Олар осылай жылдар өтсе де қазіргі әдемі қалпын сақтап қалғанды ұнатады. Косметика құрамы мен қоспасы ай сайын тексерліп тұрады. Ал одан сәтті өтсе, заңды түрде сатуға рұқсат беріледі. Өнімдердің құрамы жайлы мәліметтер сайттарға шығады, осылайша әр елдің ханымдары олардың қасиеті мен пайдасы туралы кеңінен мәлімет алып, қалағандарын сатып алып жатады. Бір айта кетері бұл жерде бәсеке өте жоғары. Сондықтан, біз үнемі жаңашылдықтарға талпынамыз, олардың жолын іздейміз, бұл компанияның негізгі ұстанымы.

F: Бүгінгі күні командаңызда кімдер бар? Өндірістен бөлек менеджмент, маркетингпен кімдер айналысады?

- Қазір компанияда төрт адам істейміз. Бірақ, төрт адам жиырма адамның ісін атқарады десем артық айтпағандық болар. Өзім бірнеше жұмысты істеймін. Корея мені еңбеқорлыққа үйретті.  Адам баласы қаласа, бәріне үлгереді екен. Бастысы ой мен білімің   жеткілікті болса болғаны. Мен үшін жұмыстың артығы жоқ. Зауытқа кіргенде жұмысшылармен бірге жұмыс істеп, білгенімді үйретіп, тексеріп, кейде  айналаны бірге жинастырып жүре беремін. «Еңбегің қатты болса, жегенің тәтті болар» -деген сияқты жұмыс талғамаймын. Маған әр ісім күш береді, қуат береді, қасымдағы жандар қандай болса, мен де сондай қарапайыммын.

F: Жақында заң саласы бойынша білім алып, емтиханды сәтті тапсырып шықтыңыз. Қайда оқыдыңыз, қанша уақыт? Корея заңнамалары кәсіп үшін қаншалықты маңызды?

- Оқуды жақсы көремін. Мектепке барған сәттен бастап қазірге дейін  оқуды бір сәтке тоқтатқан емеспін. Қазір  Кореяның Ministry of Justice (әділет министрлігінде) білім алып жүрмін. Бұл жерде бірінші емтиханды сәтті тапсырған соң,  жинаған баллыңа  қарай курска түсіп, оны жалғастыруға болады. Мен төрт курсты  оқып шықтым. Менде емтиханды жақсы тапсырамын деген ой болған жоқ еді. Төртінші курста 70% жоғары балл алу керек, сонда бесінші курска бара аласың. Егер көрсеткіш төмен болса, онда тиісті баллды  жинау үшін тағы оқуға тура келеді. Қазір мен бесінші курска түстім. Сенбі, жексенбі күндері білім аламын. Бір күнде сегіз жарым сағат оқып жүрмін. Заңды жан-жақты білгім келеді, себебі бұл ең алдымен өзім үшін керек. Кореяда заң қатал, сондықтан оны білу маңызды. Сонымен қатар, барлық зан құжаттарын өзіміз әзірлейміз. Барлық косметиканы, өзіміз шығарып жатқан өнімдерді Ministry of Food and Drug Safety-ға тіркейміз. Және өз дизайндарымызға патент, лицензия алу үшін Kipris Korea intellactual property rights information service тіркеп, сосын заң бойынша рұқсат береді. Әр ісім ұзағынан болғанды қалаймын, осы салада өзімнің өшпес қолтаңбамды қалдырғым келеді, себебі бұның бәрі өмірдің тарихы.

F: Косметика түрлерін Қазақстан нарығына шығару ойыңызда бар екенін айтып едіңіз. Елдің кәсіпкерлерімен байланыс бар ма? «Айналайын» бренді Қазақстанға қашан келеді? Бұл үшін не қажет?

- Қазақстан, Отаным, елім әрдайым менің  жүрегімде. Бұйырса, еліме барып,  онда зауыт ашу туралы ойым бар.  Осындағы бірнеше косметика компанияларын алып барсам  деп жоспарлаудамын. Оларға Қазақстанды кеңінен таныстырғым келеді. Қазірде осы мақсатыма жетуге қол ұшын беріп, қолдап жүрген жандар бар. Олар елге келген сайын, көрген сайын әрдайым жанымнан табылады. Мен оларға өте ризамын. «Айналайын»  бренді елде сатылып жатыр, бірақ оның көлемі көп емес. Менің өнімдерімді алып, қолданып жүрген жерлестеріме шын жүректен рахметімді айтқым келеді.

F: Сіздің өнімдеріңіздің бағасы қалай белгіленеді? Құны қандай? Қаншалықты қолжетімді? Кореядағы косметика бағаларымен салыстырғанда қандай?

- Біздің өнімдерімнің бағасы қымбаттау. Себебі, олардың сапасы жоғары, құрамы бай.  Барлық косметикалардың бағасы негізінен құрамына, ондағы қоспаларға  байланысты болып келеді. Біздің дизайындарымыз ерекше және люкс классындағы өнім  болғандықтан Корея косметикаларына қарағанда өз бағасына сай. Алдағы уақытта сапасы жақсы, құны қолжетімді косметикаларды шығарамын деген ойдамын. Қазір жаңа өнімдер жайында ойланып, оларды жасап жатырмыз. Біз қандай да бір косметика түрін шығармас бұрын, оларды алдымен өзіміз қолданып, сосын нарыққа шығарамыз.  Тағы бір айта кетері, әр халықтың бет клеткалары бөлек болып келеді,  сондықтан  өнімдеріміздің сапасы мен құрамы әр елдің тұтынушыларына  сай болуы тиіс. Біз осыған барынша мән береміз және сол бағытта жұмыс істеудеміз.

F: Сіз үшін бұл сала қаншалықты табысты? Болашақта инвестиция көлемін арттыру, өндірсті кеңейту ойда бар ма?

- Косметика шығару оңай шаруа емес. Бұл кәсіптің, бұл саланың жолы өте ауыр екенін айта кеткім келеді.  Иә, ісіміз сырт көзге әдемі көрінеді, бірақ оның артында қаншама еңбек, жұмсалған күш, төгілген тер жатыр. Себебі, сенің өніміңді халық сүйіп қабылдау үшін барыңды салуға тура келеді. Бірақ, еңбек еш кеткен жоқ, шүкір, мен әлі де барынша еңбектеніп, «Аna Global» компаниясын таныту үшін бар күш-жігерімді сала беремін.  Алдағы уақыта да асықпай, бәрін таразылап, ізгі ниетпен өндірісті арттыруға тырысамын. Әрине, мен бұның бәрін жалғыз істей алмаймын. Жанымда менің бастамаларыма әрдайым қолдау жасайтын  жолдасым бар. Ол маған жан - жақты көмек беріп келеді.

F: Бәрі қалай басталды? Өткенге бір көз жүгіртіп көрсек. Бастапқы салған ақша көлемі, өндіріс көлемі қандай болды, қазір қандай?

- Жастайымнан косметика саласына құмар болып өстім. Қатты қызықтым. Көп ізденісте болдым. SBC Small & medium Business Corporation корпорациясында жұмыс істеп жүргенде көптеген косметика компанияларын басқардым. Ал, арасында уақыттым болған кезде қосымша курстарға  барып, үйреніп жүрдім. Косметика бизнесіндегі әрбір  компанияның өз бағыты бар.  Осылай ізденіп жүргенде Skinad компаниясының президенті мен үшін көп нәрсеге жол ашты. Менің жұмысымды жоғары бағалаған  басшымыз Кытайдағы компанияны басқаруға ауысты, ал маған осы елдегі компанияны басқар деп, мекемені менің атыма аударды. Әрине, басында көп техника, қажетті аппараттар болмады. Осылай өз ісімді қолға алдым, өз брендімнің негізін қалауға мүмкіндік туды.  Қазір міне $500,000 бағаланатын технологияны алып жатырмын.

F: Қазақстан мен Корея арасындағы туризмді дамытумен, оның ішінде медициналық туризммен айналысып едіңіз. Бұл бағыттағы жұмысыңыздың нәтижесі қандай?

- Иә, мен бұл бастаманы шын ниетіммен қолға алдым. Себебі, менің өз халқыма жаным қатты ашиды. Өйткені  еліміздің тұрғындары көп ауырады. Көптеген дәрігерлер шет елге барып білім алғысы келеді. Мен осыған жол ашсам деген оймен біраз жұмыс атқардым. Елімізге ота жасау үшін  профессорлады алып бардым. Ал отандық дәрігерлерді Кореяға алып келдім.  Бірақ, әзірге бұл бастамам  тоқтап қалды. Бірақ, мен оны аяқсыз қалдырмаймын, істеймін, бірлесіп істейміз, бұйырса біздің еліміз де  осындай дамыған мемлекеттің  қатарына қосылады. Керісінше шет елдіктер біздің елге келіп емделетін уақыт болады әлі.  Жас ұрпақ өсіп келеді, оларға деген семін мол.  Қазір біздің өткенімізді, бүгінгі жетістіктерімізді әлемнің көп елі біле бастады. Себебі, жастарымыз ақылды, дарынды, оның үстіне қазақтың тарихына, мәдениетіне, өнеріне қызығушылық танытып жатқандардың көп екенін білемін. Бұған сыртта жүрген менің көзім толық жетті.

F: Өз ісін бастағысы келетін кәсіпкерлерге не айтасыз? Қандай кеңес бересіз?

- Байлықтың атасы –еңбек, анасы жер. Қай елде болмасын арманға жете білу керек. Асқақ арман, биік мақсат бәріне жол ашады. Жақсы ой тек жақсылыққа жеткізеді. Адам баласының болмысы мен бітімі әртүрлі болып келеді. Сол адамдардың ішінде жолыңды ашатын және керісінше жабатын жандар болады. Ең бастысы сондай адамдарды бір-бірінен ажырата білу керек.  Біріншіден, өзіңе сену қажет және сеніп қана қомай, бастаған істі соңына дейін жеткізген маңызды. Армандау керек. Арман мен жүрек алдамайды!

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2360 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
20 февраля родились
Курмет Оразаев
Председатель правления ЕТС
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить