Нью-Йоркте заң компаниясының негізін қалаған Әйгерім Берекешова Қазақстан нарығына қалайша инвестиция тартуда

10230

Қанша және қандай компаниялар келді, олар қай салаларға қаржы салуда?

Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне «ILF Adilet & Alem» компаниясының негізін қалаушы Әйгерім Берекешова айтады.

F: Айгерім, Сіздер Нью-Йорктан ашқан заң компаниясы қалай жұмыс істеп жатыр? Америкадағы қызметтеріңіз қалай басталды?

- Өте жақсы! Биылғы жыл өте пайдалы және бұл әртүрлі бизнестің беріктілігін айқындаған кезең болды. Біз негізі оффлайн жағдайына үйреніп қалған едік, сондықтан, командамыздың күндегі жиналыстар мен жұмысқа деген көзқарасын өзгертуге тура келді. Дегенмен, әлемдегі пандемияға қарамастан біз өте жақсы нәтижеге қол жеткізіп, АҚШ-тағы тәжірибеміз бен қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік алдық.

F: Сіздер негізінен қызмет көрсететін компаниялар кімдер? Қай салаларда қызмет етеді? Бұл АҚШ компаниялары ма, әлде қазақстандық бизнестің өкілдері ме?

- Біздің заңгерлер негізінен келіссөздерге қатысып, тараптар арасында келісімшарттарды бекітумен, сол арқылы өндіріс, құрылыс, инвестиция, электронды коммерция, логистика, фармацевтика, ақпараттық технологиялар және басқа да салаларда жұмыс істейтін қазақстандық және шетелдік компаниялардың мүдделеріне өкілдік етеді. Сондай-ақ түрлі жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Бізбен жұмыс істейтіндердің басым бөлігі негізінен Батыс компаниялары, сонымен қатар Мәскеу және ТМД елдерінің клиенттері.

Әйгерім Берекешова
Әйгерім Берекешова

F: Сіздер арқылы Қазақстан нарығына шығып жатқан инвесторлар бар екен. Бұл нәтижеге қалай жеттіңіздер, олар кімдер, қай салаларға қаржы салуды жоспарлап отыр?

- Біз инвестицияларды қолдау нарығында 2014 жылдан бастап жұмыс істейміз. Осы жылдар ішінде біз біраз белесті бағындырдық, әрине оңай болмады, осы жолда қайсарлық пен өжеттілік танытуға талпындық, сол қасиеттерді бойымызға сіңірдік. Өйткені, біз инвестиция тарту кезінде заңнамадан бастап, қарапайым техникалық мәселелерге дейінгі әртүрлі кедергілерге тап болдық. Тіпті, кейбір мәселелер бойынша өзімізге сарапшы болуға тура келді. Ал АҚШ инвесторларына келетін болсақ, оларда басты назар -өнеркәсіптік жобалар мен IT технологияларға аударылады.

F: Сіздер әлем елдеріндегі Халықаралық қаржы институттарымен, орталықтармен жұмыс істеп келеді екенсіздер. Сіздер арқылы «Астана» Халықаралық қаржы орталығына тіркелген компаниялар бар ма?

- Иә, әрине. Шын мәнінде, бұл Қазақстан мен ТМД аумағында қаржы нарығын дамытуға бағытталған бірегей қадам болды, бұл инвестициялық климатқа оң әсер етеді. Көптеген шет елдік және көршілес елдер бұл алаңды өзара әрекеттесу мен ынтымақтастықты оңтайландырудың стратегиялық жолы әрі жаңа бір буыны ретінде пайдалануға дайын. Сондықтан біз АХҚО-мен тығыз жұмыс істейміз. Мысалы, Қазақстанға келген 50 компания біз арқылы сонда тіркеледі және Қазақстан аумағында істейді. Себебі онда ағылшын құқы енгізілген, шарттар осы құқық бойынша жасалады, инвесторлардың бәрі осы құқық принципін таңдайды. Яғни, бұл орталық сырт елден келетін компаниялар үшін өз алдына бір «арнайы қақпа» істеттес.

F: Енді «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығына қызығушылық танытқан инвесторлар туралы толығырақ айтып өтсеңіздер. Бұл қандай компаниялар, олар қай салаларға қаржы салмақ?

- «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметіне халықаралық бизнестің, трансұлттық компаниялардың, сонымен қатар, шетелдік инвесторлармен бірге отандық компаниялардың қызығушылығы жоғары. Себебі онда кәсіпкерлерге ерекше жағдай жасалған, арнайы экономикалық аймақ өзінің либералды тәртібімен тартымды. Комапниялар үшін нарықтық шығындар барынша қысқарған, әкімшілік кедергілер жоқ. Әсіресе бұл елдегі орта және шағын бизнестің тұрақты әрі табысты дамуы үшін таптырмайтын алаң деуге болады. Бұл Қытай нарығана шыққысы келетін компаниялардың келісім алаңы, Қытай мен Қазақстан шекарасындағы іскерлік кездесулер мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын орын. Осындай компаниялардың ішінде Қазақстан нарығында өз қызметін ұсынып отырған «Qosil Limited» компаниясы бар. Оның басқарушы директоры Фарук Хантер. Олар салааралық оқыту үшін орталықтандырылған талдау және мега-деректерді пайдалану, маңызды шешімдер қабылдау бойынша бірқатар қызметтер ұсынады. «Qosil Limited» - бұл Еуразия және Африка нарығында қызмет көрсететін жетекші ақпараттық-технологиялық компания ғана емес, сонымен қатар, американдық «FREEDOM BUILDERS» құрылыс фирмасының басқарушысы болып табылады. Бұл компания «Еркін елдімекен» («Freedom village») аталатын жобаны әзірлеген, құрылыс және оны цифрландыру саласындағы үздік компаниялардың бірі болып саналады. «Еркін елдімекен» дегеніміз- бүкіл әлем бойынша айрықша жобаланған, қазіргі және болашақ дизайн элементтері өзара үйлесім тапқан, энергияны үнемдейтін сауда кенттері, «ақылды қалалар». Онда жайлы өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасалған, олар негізгінен әлемдік серіктестер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өте ыңғайлы елдімекендер. «Smart Home» технологиясына негізделген көпфункционалды сауда және тұрғын үй кешендері автоматтандырылған жүйемен басқарылады, бәрі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған, тұрғындарға қажеттінің бәрі бар. Қорғастағы жоба «LIVE AND WORK» принципіне негізделген және сол бойынша жүзеге асады. Бұл идея Нью-Йорк, Барселона, Атланта және тағы басқа қалаларда коммерциялық тұрғыдан ақталған, дәлірек айтсақ бұл бизнесмендер мен әлемнің жетекші компанияларының өкілдері тұратын әрі жұмыс істейтін шағын аудандар. Мысалы, автономды аудандағы ғимараттардың бірінші қабаты сауда алаңы ретінде пайдаланылады, ал жоғарғы қабаттарында қызметкерлерге немесе компания өкілдеріне арналған үйлер орналасқан. Қорғаста осындай жобаның жүзеге асуына ең алдымен бизнесмендерге арналған визалық жеңілдіктер өз ықпалын тигізді. Бұл бизнесті дамытуға, жобаларды монетизациялауға, халықаралық іскерлік байланыс үшін керемет мүмкіндік. Қазақстан әлемнің 58 астам елі үшін визасыз режим енгізді, бұл Қытайға қиындықсыз кіруге, шығуға, қылаптасқан кедергілерден құтылуға, сондай-ақ қытайлық кәсіпкерлермен кездесулерді жеңілдетуге жол ашуда. Осылайша Қорғас аумағына ақысыз және визасыз кіру арқылы онда шоу-румдар өткізуге болады. Бұл ШЫХО жобасының басты мақсаты, бұл Жібек жолы бағдарламасы аясындағы халықаралық әрі трансшекаралық ынтымақтастық. Сондықтан бұл тек Фарук Хантедің компаниялары үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның түрлі саладағы имиджі үшін өте маңызды деп санаймыз. Қазақстан аумағындағы «ақылды» деп аталатын үйлердің салынуы болашақта ел экономикасын жақсартып, құрылыс деңгейін арттырады. Сонымен бірге «Qosil Limited» компаниясы менеджмент жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру үшін ақпараттық технологияларға негізделген қазақстандық холдингтердің бірімен келісімшарт жасады. Айта кетері, Хантер мырза, АҚШ аумағында, Атланта мен Джорджия штаттарында орналасқан «Genius Consulting Support Services» төрағасы болып табылады. Ал «GeniusCo» мен «Qosil Limited» бірлесіп бүкіл әлем бойынша $1,6 млрд-тан астам қаржыға бағаланатын жобаларды басқарады.

F: Сіздер құқықтық қолдау көрсетіп жатқан «Qosil Limited» компаниясы, оның басшысы Хакин Фарук Хантер әлем нарығында қаншалықты белсенді? Қазақстанда бұрын істеген бе, әлде алғаш келіп отыр ма?

Фарук Хантер әлем елдерінде IT компаниялары бар, бірқатар елдерде басқарушы фирмаларға иелелік ететін жалғыз афроамерикандық ретінде танымал. Ол әйгілі «Black Enterprise» журналында танымал, технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастық тақырыбы бойынша 24 елде өткен 50-ден астам халықаралық алаңдарда шыққан. Олардың ішінде «South by SouthWest», «Georgia Tech Impact Speaker Series», «SouthWest» бар. Ол инвестор және кәсіпкер ретінде әлемнің 80-нен астам елінде жұмыс істейді, әлемнің көптеген компанияларымен серіктестік қарым-қатынаста. Мысалы, ірі жобалардың бірін атап өтер болсақ, ол бұған дейін оңтүстік кореялық «Dream Hub» фирмасымен бір жобаны жасады. Атланта, Саванна және Африкада, Джибутияның еркін сауда аймағында көптеген жобалары бар. Ал Қазақстан аумағындағы қызметіне келсек, қазір ол өзінің командасымен бірге Павлодар облысында ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша ірі жобалардың бірін басқарады және Қазақстан-Қытай шекарасындағы жобаны қолға алуда.

F: Жалпы осы күнге дейін қол қойылған келісім-шарттар мен Қазақстанға бағытталатын инвестиция көлемі туралы айтуға бола ма?

- Қазірде дейін біздің компания Қазақстан аумағындағы 20-дан астам жобаға қызмет көрсетті. Бұдан бөлек, көптеген жобалар қолға алынуда. Әрине, жобаларға қатысты нақты соманы көрсету арадағы ақпаратты жария ету, келісімді бұзу болып табылады. Дегенмен, инвестицияның жалпы көлемі қазірде $500 млн-нан. асады

F: Сіздердің Қытайдан өкілдік ашу туралы ойларыңыз бар екен. Бұл қажеттілік неден туындап отыр?

- Бұл ең алдымен сұраныстан туындап отыр. Бизнес ашуға нарықтағы сұраныс себеп. Қазіргі күні Қытай Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Бірақ екі ел арасындағы сауда айналымы уақыт өткен сайын өсіп отырғанымен, бұл екі елдің арасындағы өзара сауда көлемінің нақты мүмкіндіктерін көрсетпейді. Яғни, тұтастай алғанда арадағы әлеует одан жоғары. Біз Қытайдан өкілдік ашу арқылы қытайлық компаниялармен іскерлік байланысты дамытып қана қомай, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал еткіміз келеді. Қытайда бизнес жүргізу үшін бұл қадам өте маңызды және бәрін осылай құқықтық тұрғыдан бастаған абзал.

F: Қазіргі күні Қазақстан нарығына шығуды көздеп отырған өзге компаниялар бар ма? Олардың негізінен қай салалар қызықтырады?

- Біз күн сайын Қазақстанға келгісі келетін, елде жұмыс істегісі келетін көптеген шетелдік компаниялармен кездесулер өткіземіз. Ал экономикадағы бағыттар әртүрлі. Бұл соя бұршағын терең өңдеуден бастап, карбон биржасына квота бөлуге дейінгі жобалар. Ал олардың әрқайсысының өміршеңдігі мен болашағы мұқият сараланады.

F: Сіздер қолға алған «Sirius» құқықтың жобасы туралы айтып өтсеңіз. Бұл бастаманың мақсаты қандай?

- Біз «ILC 24/7» құқықтық полисін одан әрі дамыту бағдарламасы бойынша «SIRIUS» аталатын жобаны жариялаған едік. Бұл жасанды интеллект болып табылады. Оның сынақ түріндегі сатылымы 2021 жылдың 15 сәуірінде Ресейде жоспарланған. Одан кейін, Қазақстан, Колумбия, Италия Үндістанға шығады, артынша Еуропа мен Америка нарығына шығу жоспарлануда. Бұл жобаның теңдесі жоқ. Ерекшелігі осында. Біздің жобамыз нейрондар желісіне негізделіп жасалды және ол адамның миы сияқты үнемі дамып отырады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить