Әмір Қуат АҚШ пен Италия тарапынан жасалған ұсыныстан неге бас тартты?

14192

Қазақстандық жас кәсіпкер әрі ғалымның инновациялық жобалары кімдердің тарапынан қолдау тапты

Әмір Қуат-жас ғалым, өнертапқыш, кәсіпкер, «БИОВ» ЖШС жетекшісі. 14 жасынан бастап ғылымға қызығушылық танытып, Қазақстанда зияткерлік меншіктік объектісін 15 жасында тіркеген ең жас ғалым болып есептеледі. Көптеген халықаралық және мемлекеттік деңгейдегі медицина, ұшу қауіпсіздігі, адами фактор және өнеркәсіп қауіпсізідігі сияқты ғылыми-практикалық мақалалардың авторы. Әлемдегі бірінші адами фактордың тәуекелдігінің ықтималдығын басқару жүйесінің авторы.

F: Әмір, сен алғашында музыкамен айналысқан екенсің. Ал, бизнеске қалай келдің?

-Иә, музыкамен айналысқаным рас, 5 жасымнан бастап фортепианоны үйрене бастадым, уақыт өте домбыра класына бардым. Содан кейн гитара, баян, шаңқобыз, сазсырнай деген аспаптарды да үйреніп алдым. Ал, мектептен кейін консерваторияға түскім келді. Бірақ,әкем музыканы емес, ғылым жолын таңдағаның жөн деген кеңес берді. Осылайша 8 сыныптан бері ғылыми жобамның жетекшісі - биология ғылымының докторы, профессор, академик Бегалиев Айтқожа болды. С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетіне биотехнология мамандығын бітіріп шықтым. Осыдан кейін қорғаныс министірлігінде жұмыс істедім. Сол жерде өзімнің ғылыми жобамның адами фактордың алдын алуда әсері өте жоғары екенін көре отырып, соны бизнеске айналдыруды ойладым. Менің жүйем толықтай қолдан жасалалғандықтан, оны автоматтандыру қажет еді. Ақша болмады, инвесторлар іздедім, бірақ идеямды көбі түсінбеді, бәрі бас тартты. Кейін ақша да, оны жасайтын IT-маманыда табылды.

F: «БИОВ» деген қандай жоба? Ол қалай дүниеге келді, оның өндірістік қауіпсіздікке қандай қатысы бар? Түсіндіре кетсең.

-Әрине, «БИОВ» жүйесі - ол менің зерттеген ғылыми жобамның негізінде құрылған дүние. Бұл жүйені автоматтандырып 2010 жылы Санкт-Петербургта өткен, 90 елдің өкілдері қатысқан VIII Халықаралық өндірістік қауіпсіздік форумында баяндама жасадым. Осы форумда АҚШ-тан ұсыныс түсті және Бритиш Петролеум компаниясы қызығушулық танытты. Мысал келтірейін, компанияда 65 мың адам жұмыс жасайды дейікші, алдағы жұмыс жоспарын жоспарлап жатқанда, жүйе сол 65 мың адамды есептеп, бәріне анализ жасап береді. Сол анализге сүйеніп, жұмыс жоспарын және жұмыс кестесін құрастырады. Тәжірибе көрсеткендей сол жүйені қолданған компаниялар кем дегенде 43%-ға адам өлімімен зақымдану санын азайтқан.

F: Жүйе қалай жұмыс істейді? Қалай есептейсің?

-Арнайы бағдарламаға адамның туған күні мен айы, жылы енгізіледі. Сол ақпаратқа жүгініп бағдарлама графика құрады, онда біз адамның ағзасындағы негізгі интеллектуалдық, эмоционалдық және физикалық био ырғақтықтарды көреміз. Олар ағзадағы адамның жарыққа келгенде CRY- ақуызы жарықпен қоздырынып TIM және PER- гендарымен қадағаланады. Сол жүйе циркадтық (био) ритмдердің кризистық күндері мен магниттық дауыл күндерінің сәйкес келгенін анықтап, алдын ала сараптама беріп отырады, соған сүйене отырып 3,6,12 ай бұрын адамның қолайсыз күндерін біліп отыруған мүмкіндік береді.

F: Айтуыңша бұл дәлелденген ғылым екен. Жобаң қолданысқа енгізілді ме? Қаншалықты қолдау тапты? Қай салаларда?

-Расындада, АҚШ профессорлары: Майкл Росбаш, Майкл Янг, Джеффри сол мәселені зерттеп 2017 жылы Нобель лауреаттары атанды. Олар циркадтық (био) ритмдердің адам ағзасында расында да бар екенін және олар генетикалық тұрғыдан қадағаланатынын және жұмыс жасау принциптерін дәлелдеген. Иә, жүйе өзінің қолданысын айтып кеткендей Қорғаныс министірлігінде әуе аппатарының алдын алуға қолданылған, сонымен қатар «KEGOC» Ұлттық Компаниясының филиалдарында, Британ-Ресей ТНК-ВР компаниясында колданысын тапқан және ERG компаниясында пилоттық түрде еңгізілген. Бұл жүйе басқа салаларда да өзінің тиімділігін көрсетті. Ол, медицина - онкология мен нейрохирургия және профилактикалық медицинада қолданысын тапты. Айта кетсек, эпилепсия дертіне шалдыққан пациенттердің 90%-ына операция жасау мүмкін емес, біз солардың приступтарының заңдылығын тауып оны алдын ала болжау мүмкіндігіміз бар. Ол пациенттің өмірінің сапасын көтереді, өйткені адам приступтың қашан болатынын біліп отырады және керекті дәрілерін күнде емес тек приступтың ықтималдығы жоғарлағанда ғана ішу мүмкіншілігін береді.

F: Спорт саласына қалай қолдандың?

-Бұл жүйе өзінің тиімділігін спорттада дәлелдеген. 2000 жылдардың басынан бастап спортшыларға көмек көрсетіп келеміз. Ең жарық мысалдарымыз- ол Генадий Головкин, Садриддин Ахмедов және 2008 жылығы Пекин олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон олимпиадасы десек болады. Сонымен қатар, мысалға таэквондодан Арман Чилмановтың Пекин олимпиадасындағы қарсыластарының биопотенциалдар жағынан кемшіліктерін есептеп, соған байланысты тактика мен стратегия құрастырып отырдық. Есіңізде болса, соңғы қарсыласы Анхель Матос ұтып келе жатып арбитрды аяғымен басынан теуіп олимпиададан шектетілген болатын. Бұл берілген ақпаратты дұрыс қолданудың негізінде қарсыласты эмоционалдық тепе-теңдіктен шығару стратегиясы деп аталады.

F: Қанша қаржы салдың? Кімдер қолдау білдірді? Бастапқы инвестицияны қайдан алдың?

-Барлық салынған қаржыны дәл кәзір айту қиын. Өйткені, бәрі есептелген жоқ. Қолдау көрсеткендердің ішінен Дәулет Тұрлыханов, Тастанбек Есентаев, Ермахан Ыбраимов, Мақсұт Нарбаев және т.б. бар.

F: Бұдан бөлек тағы екі жобаң бар екен. Бірі су үнемдеуге қатысты. Бұл қалай жүзеге асады? Қолданысқа қашан енеді?

-Қазіргі күні тұрмыстық саладағы ауыз судың ұқыпты пайдалану технологиясына патент алуға ұсыныс беріп қойдым.Ол судың пайдалануын 200 есеге төмендететін технология. Қазргі кезде бір машинаны жууға 300 литрден 1000 литрге дейін су жұмсалады. Біздің технология бойынша бір машинаның іші-сыртын, моторын қоса жуғанда небәрі 4 литр су жұмсалады. Компьютерге зияны тимейді. Қашан қолданысқа енетіні туралы айтатын болсақ ол жобаға қазір инвестиция іздеудеміз.

F: Енді құрғақ модульді трансформатор жайында айтып кетсең. Оның жаңалығы неде?

-2018 жылы электр энергиясының жоғарғы кернеу желідегі ысырабын 600 есеге азайтатын құрғақ модульді сыртқа қондырылатын трансформаторға патент алынғанбыз және соны қазіргі кезде өндіріске қоюдамыз. Оның жаңалығы басқаларына қарағанда -50 градустан +50 градусқа ауа температурасы күрт өзгергенде жарылмайды және көлемі мен салмағы жағынан жақын аналогтарына қарағанда 2-3 есе аз, ал ол болса бағанаға тікелей қондыруға мүмкіншілік береді. Бизнеске пайдасы мол. Кәсіпкер өндіріс ашқысы келгенде оған электр қуаты қажет болады. Ол Электркомпаниясының жаңа трансформаторды қондыруын күтпей-ақ өзі сатып алып техникалық шартты жасап тікелей жоғарғы кернеу желісіне қосылып жұмысты бастай беруге өте ыңғайлы.

F: Саған Италия мен АҚШ тарапынан ұсыныстар болған екен. Не ұсынды? Неге барамадың?

Иә, біздің жүйе қарсыластың қандай күйде екенін біліп отыуға мүмкіншілік береді, Бұл дегеніміз ұтымдылыққа ие болып, қарсыласыңның алдында артықшылық жағдайға ие болу деген сөз, жеңіске жетудің жолын жеңілдетеді. Сондықтан олар соны түсініп, ұсыныс жасады миллиондаған ақша ұсынған. Жұмысқа шақырды. Бармаған себебім ата бабаларымыз айтып кеткендей, туған жерге туыңды тік деген сөз бар. Олар менің жүйеме қолжеткізіп, ертең сол елдің өнімі ретінде нарыққа шығарып, ақша табады. Сосын ол ешқашан да Қазақстандікі болмай қалады. Қандай қиыншылықтар болса да, мен өз елімнің атын шығарсам деп ойлаймын. Бірақ, қолдаушылырым әзірге аз. Ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге қолдау білдіремін дегендерге әрдайым ашықпын.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить