Microsoft климаттық инновациялардың дамуына $1 млрд бөлмек

Компания өзі ауаға шығарған көміртек көлемін азайтуды жоспарлап отыр

Microsoft президенті Брэд Смит, бас қаржы директоры Эми Худ және бас директор Сатья Наделла Майкрософттың 2030 жылға қарай көміртек ізін жоятын технологияларды жариялауға дайындалуда
ФОТО: by Brian Smale
Microsoft президенті Брэд Смит, бас қаржы директоры Эми Худ және бас директор Сатья Наделла Майкрософттың 2030 жылға қарай көміртек ізін жоятын технологияларды жариялауға дайындалуда

Microsoft бас директоры Сатья Наделла және компанияның басқа да басты тұлғаларының бастамасымен 2030 жылға қарай компания көміртек эмиссиясын теріс деңгейге жеткізуді көздеп отыр, ал компанияның 1975 жылы негізі қаланғаннан бергі бүкіл уақыт ішінде ауаға таралған көміртек салдарын 2050 жылға қарай толығымен жоюды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Microsoft көміртек ізін жоятын технологияларды дамытуға $1 млрд инвестиция құюға және де өз клиенттеріне ауаға шығарылатын көміртекті азайтуға көмектесуге ниетті.

Көзделген мақсаттарға жету үшін компания 2025 жылға қарай барлық ғимараттар мен кампустарды, мәліметтерді өңдеу орталықтарын қалпына келетін қуат көздеріне өткізуді, сондай-ақ, ішкі көлік паркін электірмен толықтай қамтуға жоспарлап отыр. 2050 жылға қарай компания өзі қаланған сәтінен бастап тікелей шығарындылардан бөлінген және де электір қуатын тұтыну есебінен болған көміртек ізін толығымен жоюды жоспарлап отыр. Бұл үшін ормандарды отырғызу және қалпына келтіру, көміртекті секвестраттау (топырақтағы көміртекті аулау), көміртекті байланыстыру және сақтаумен байланысты биоэнергетика (BECCS) және ауаны тікелей «ұстап алу» (DAC) сынды бірқатар әдістер қолданылмақ.

Сондай-ақ, ауқымды жоспардың ішінде жаңа Климаттық инновациялар қоры аясында көміртек шығарындыларын алып тастауға және оларды ауадан алып тастауға болатын технологияларды дамытуға төрт жыл ішінде миллиард долларды бөлу көзделген.

Microsoft өзінің серіктестері мен клиенттеріне өз көміртек шығарындыларын қысқартуға көмектесетін технологияларды жасап шығарып, ендірумен айналыспақ. Атап айтқанда, Microsoft Sustainability Calculator жаңа құралы Power BI-дағы нәтижелерді визуализацияау арқылы Azure бұлтын қолданудан шыққан көміртек эмиссиясының көлемін болжай алады.

Бұл клиенттерге қазіргі шығарындылардың көлемін өлшеп, бұлтқа толықтай көшуден экологияға тиетін пайданың әлеуетін бағалауға көмектеспек. Келесі жылы Microsoft сатып алу және логистика үдерістеріне  экологиялық қағидаттарды интеграциялауға ниетті, бұл біздің жеткізушілердің шығаратын көміртек көлемін қысқартуға жағдай жасамақ.

Microsoft жыл сайын Environmental Sustainability Report есебін жариялауды жоспарлап отыр, бұл есепте жүргізілген жұмыс туралы статистика келтірілмек. Сондай-ақ, компания қызметкерлері климатты сақтау бойынша ортақ күш жұмсай алу үшін бүкіл жағдайларды жасауға ниетті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
12107 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
31 мая родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить