ТЖ кезіндегі медицинаны қаржыландыру мәселелері

   Коронавирус и Казахстан
11760

Қазақстанда Covid-19-дың алғашқы толқыны кезінде қалыптасқан жағдайға дәрігерлерді жиі кінәлайды. Алайда басты қиындық туғызған фактролардың бірі бұл - медициналық ұйымдарды қаржыландыру кезіндегі олқылықтар

ФОТО: Depositphotos.com/Viviamo

Медицинаны қаржыландыру денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы ауысқаннан кейін ғана, шілде айынан бастап теңестіріле бастады деп сеніммен айтуға болады. Алдыңғы кезеңге келетін болсақ, COVID-19 қиындықтарына дер кезінде көңіл бөлмеу медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына қауіп төндірді және олардың қаржылық-экономикалық қызметіне нұқсан келтірді. Біз тек бірнеше фактілерді келтіріп өтейік.

COVID-19-ды емдеу тарифтері ағымдағы жылдың 2 сәуірінде ғана бекітілді, яғни ТЖ режимі енгізілгеннен кейін екі аптадан астам уақыт өткен соң ғана. Бұл ретте, бұл тарифтер ауруханалардағы жатын орындардың қуатын өрістетіп,қайта бейіндеу үшін бастапқы кезеңде активтерді қалыптастыруға арналған күрделі қаражат жоспарын көздемейді. Бұл жағдайда тарифтің өзі ауруханада өткізетін бір күндік жатын орын үшін белгіленген төлемге негізделген, яғни ең қарапайым тәсілге негізделген.

Медициналық ұйымның пациентті емдеуге нақты шығындарын көрсететін неғұрлым жетілдірілген тарифтер (клиникалық-шығынды топтар бойынша) қазір ғана бекітілуге жақындап келеді. Жалғыз ғана оң көзқарасты факт – шілде айында стационарда КВИ-ді емдеу тарифі 1 күндік жатын орынға есептегенде екі есеге артты. Медициналық ұйымдарға қосымша аванс беру жүргізілген жоқ. Мұнымен қоса, тіпті жыл сайынғы аванс беру 2, тіпті 3 айдай уақытқа айтарлықтай кешіріктіріліп берілді. Қарапайым тілмен айтқанда, емханалар мен ауруханаларға коронавирустық инфекцияны болдырмауға жүйелі дайындық жасау түгілі, дәрі-дәрмектер, шығын материалдары мен ЖҚҚ сатып алуға, жалақы төлеуге және т.б. үшін мүмкіндігі болған жоқ.

Үлкен қателіктердің бірі - жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуды ұзақ уақытқа кідірте тұру болды. Емдеуге жатқызуды тоқтата тұрумен және стационарлық көмектің тиісті көлемдерін «тоқтатумен» клиникалық құрамдас бөліктен (пациенттердің жай-күйінің ауырлауы, дәрі-дәрмектік терапия схемаларының бұзылуы) басқа стационарлар емделген жағдай үшін ақы төлеуді көздейтін клиникалық-шығынды топтар механизмі бойынша қаржыландыру алуды тоқтатты. Нәтижесінде көптеген медицина қызметкерлері ақы төленбейтін демалысқа жіберілді, ал ауруханаларда ішкі кредиторлық қарыздар пайда болды. Бұдан басқа, пациенттің бағытын анықтау үшін уәкілетті органның ПТР әдісімен зертханалық зерттеулерді тапсыру қажеттілігі туралы жаңадан енгізілген талабы қаржыландырумен қамтамасыз етуді талап етті.

Алайда, мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысы (МБСДҚ) да, басқа құжаттар да шығындарды өтеудің қосымша көздерін анықтап берген жоқ. Басқаша айтқанда, МБСДҚ денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін қаржыгерлердің қолдауынсыз, өз әлемінде өзімен-өзі өмір сүріп жатты. Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде эпидемиологиялық талаптар, медициналық көмекті ұйымдастыру және қаржыландыру арасында синхрондаудың болмауы көмек көрсетудегі іркілістерге әкеліп соқты. Көріп отырғанымыздай, денсаулық сақтау жүйесінің дұрыс дәрежеде жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалмады.

Жағдайды теңестіру үшін ТЖ кезінде медициналық көмекті қаржыландырудың ерекше тәртібін бекіту талап етіледі. Тәртіп қаржылық қажеттіліктерді қайта бағалау және ресурстарды қайта бөлу тетіктерін көздеуі тиіс, бұл өз кезегінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – ӘМСҚ) мен медициналық қызметтерді жеткізушілер арасындағы сатып алу, шарттарды қайта қарау жоспарларына өзгерістер енгізудің, аванс берудің жолға қойылған рәсімдерінің болуын білдіреді. Бұдан басқа, ӘМСҚ резервтерін пайдалану тетіктерін, шарттарын және жеделдігін жетілдіру талап етіледі. Төтенше жағдайлар кезінде ӘМСҚ резервтерін пайдалану туралы нақты ақпарат бізде әлі жоқ, дегенмен дәл осы құралдар осындай жағдайлар үшін мақсатты болып табылады.

Соңында, дағдарыс жағдайында медициналық қызметтерге ақы төлеудің тиісті әдістерін қолдану қажет. Мүмкін, тіпті шығындар сметасы бойынша қаржыландыруды, ал төлемді нақты шығындар бойынша жасауды пайдалану керек шығар. 2012 жылдан бастап денсаулық сақтау төлем жасаудың неғұрлым тиімді әдістерін енгізу жағына қарай жылжып келе жатқанына қарамастан (соңғы жылдары бәсеңдеумен), ТЖ –  бұл ТЖ екенін мойындау керек, сондай-ақ бұл кезеңде тиімділік пен мотивацияға емес, жүйенің барлық деңгейлерде өмір сүруіне бағдарланған өзге де қағидалар бойынша өмір сүру үшін, бірінші кезекте-медицина қызметкерлері үшін кепілдіктер және медициналық ұйымдарды ресурстық қамтамасыз ету екенін мойындау керек.

Все материалы по теме «Коронавирус и Казахстан» вы можете посмотреть по этой ссылке.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube