«СК-Фармация» дәрі-дәрмектерге 9 айлық қажеттілікті сатып алады

62,5 млрд. теңге сомасына дәрі-дәрмектердің 488 атауы еліміздің халқын тегін қамтамасыз ету үшін тоғыз айлық қажеттілікті сатып алу жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор тендері шеңберінде көрсетіледі. Бүгінгі күні 2018 жылғы 04 қаңтарда дәрі-дәрмек заттарының әлеуетті өнім берушілерінен тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімі өтті

Фото: © Depositphotos.com/SergIllin

Тендер барысында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсететін стационарлар, сондай-ақ емханаларда диспансерлік есепте тұратын емделушілерді амбулаторлық қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сатып алынады.

Ашу рәсімі барысында әр өтінілген атауы бойынша әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстары аталды, бұл сатып алудың айқындылығын қамтамасыз етеді. Сатып алудың транспареттілігін қамтамасыз ету үшін ашу рәсімі сатып алу рәсімдерінің басқа кезеңдері сияқты Бірыңғай дистрибьютор сайтында және Фейсбуктің ресми парақшасында нақты уақыт режимінде көрсетіледі. Сонымен қатар бұған министрлік қызметкерлерінің тендерлік комиссияға қатысуы және ҮЕҰ мен бейінді қауымдастықтар өкілдерінің байқаушыларын тарту және әлеуметтік желілердегі комиссияның жұмысы туралы тұрақты фото есептері жәрдем болады.

33әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттамасы бар өтінімдер  берді. Енді, 18 қаңтарға дейін Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармацияның» негізгі қызметкерлері құрамындағы тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушілер ұсынған тендерлік құжаттаманы зерделейтін болады және өз ескертулерін айтады, оларды фармкомпаниялар 24 қаңтарға дейінгі мерзімде түзете алатын болады.  Тендерге қатысуға жіберілген қатысушылар арасында дәрі-дәрмек заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендетілген бағаларына деген аукцион 1 ақпанда өткізіледі және қандай компаниялар республиканың халқына тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін көрсету үшін дәрі-дәрмектерді жеткізетін болатындығын айқындайды. Ақпанда сатып алынған дәрі-дәрмектер Бірыңғай дистрибьютор қоймаларына жеткізіле басталуы жоспарлануда.

 «СК-Фармация» қоймаларына 2017 жылғы желтоқсаннан бастап-ақ отандық өндірушілермен жасасқан шарттар шеңберінде 450 дәрі-дәрмек атауы, тікелей шарттар бойынша шетел өндірушілерден 94 препарат және орфандық препараттарға тендерлер нәтижелері бойынша сатып алынған                  40 дәрі-дәрмек атауы жеткізілген болатын. Тағы ЮНИСЕФ және БҰҰДБ халықаралық ұйымдарымен шарт жасасу шеңберінде 15 дәрі-дәрмек атауы жеткізілетін болады.

2017 жылғы желтоқсанда 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін бір көзден 328 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым атауы сатып алынғандығы жөнінде еске саламыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7869 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
23 октября родились
Аскар Мамин
премьер-министр Республики Казахстан
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить