Әлемнің ең бай адамдары

8338

Әлем бойынша құнды қағаздардың бағасы құлдыраған әрі жайсыз болған өткен жыл ішінде, Forbes-тің 36-рейтингіне кірген миллиардерлер саны 87 адамға азайып, 2668-ді құрады

Барлық қатысушылардың жиынтық дәулеті $12,7 трлн құрайды, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 13,1 трлн доллардан азайған. Ең дәулетті адамдардың басым көпшілігі АҚШ-та – 735 адам. Одан кейін 607 миллиардермен Қытай (Гонконг пен Макаоны қосқанда) тұр. Әр қатысушының капиталын есептеу үшін акциялардың 2022 жылдың 11 наурызына сәйкес бағалары пайдаланылды. Толық рейтинг пен әдістемені forbes.com/billionaires сайтынан оқуға болады.

Илон Маск
ФОТО: © MARTIN SCHOELLER/AUGUST
Илон Маск

1. Илон Маск
Дәулеті: $219 млрд • Табыс көзі: TESLA, SPACEX
Жасы: 50 • Азаматтығы: АҚШ

Наурызда әлемнің ең бай адамы қазіргі уақытта АҚШ-тың екінші орындағы ең қымбат жалғызмүйіз-компаниясы болып отырған SpaceX Украинаға телекоммуникациялық құрылғыларын жібере бастағаннан кейін бірнеше күн өткен соң Владимир Путинді (кейбіреулердің сөзінше, оның дәулеті де осы шамада) жекпе-жекке шақырды. Қазіргі уақытта SpaceX. Өткен жылдың екі айы ішінде Tesla басшысы ең танымал электромобиль өндірушісінің акцияларын жиынтығымен санағанда $16 млрд-қа сатты. Мұның бір жыл ішінде жеке тұлғадан түскен ең үлкен салық төлемі болуына негіз бар. Бірақ Маск үшін не айырмашылығы бар еді? Өткен жыл ішінде ол $68 млрд-қа байыды.

2. Джефф Безос
$171 млрд • Amazon • 58 • АҚШ

Соңғы төрт жыл ішінде алғаш рет Безос әлемдегі ең бай адам статусын иелене алмай қалды. Оның байлығы $6 млрд-қа азайды, оған Amazon акцияларының 3%-ға төмендеуі себеп болды. Өткен жылы шілдеде бас директор қызметін тастағаннан бері Безос өзінің қызығушылықтары мен жобаларын кеңейтті. Өзінің Blue Origin компаниясы жасаған ғарыш аппаратының бортында ғарышқа ұшты, тіпті суперяхта сатып алған деседі. Қайырымдылық белсенділігін де едәуір арттырды. Мәселен, 2021 жылы ғана Барак Обама қорына және қоршаған ортаны қорғау мәселесімен айналысатын басқа да ұйымдарға $1 млрд астам қаражат аударды.

3. Бернар Арно отбасымен
$158 млрд • LVMH • 73 • Франция

Пандемия Louis Vuitton және Dior-дың қаржылық қорытындысына күтпеген жерден жақсы әсер етіп, Арноның дәулеті $8 млрд-қа көбейді. Осы табысқа риза болған холдингтің бұрыннан ауыспай келе жатқан жетекшісі өз өкілеттігінің уақытын созуды қарастырып жатыр. Француз конгломераты акционерлерден бас директордың рұқсат етілген жасын 75-тен 80-ге дейін ұзартуға келісім беруін сұрады. Бұл қосымша уақыт Арноға бес баласының ішінен мұрагерін таңдау үшін керек сияқты.

4. Билл Гейтс
$129 млрд • MICROSOFT • 66 • АҚШ

Ажырасу процесін аяқтаған соң Microsoft негізін қалаушысы шығармашылыққа бет бұрды. Өткен жылы климаттың өзгерісіне қалай қарсы тұру керектігі туралы кітабын шығарды. Ал пандемияның қалай алдын алуға болатыны туралы екінші кітабы мамырда жарық көреді деп жоспарланған. Наурызда Билл және Мелинда Гейтс қоры әлемге қауіп төндіретін инфекциялармен күресу үшін эксперименттік дәрі-дәрмек әзірлейтін қорлар тобы мен ғылыми-зерттеу бірлестіктеріне қосылды.

5. Уоррен Баффет
$118 млрд • BERKSHIRE HATHAWAY • 91 • АҚШ

Berkshire Hathaway акциялары бірнеше сәтті мәміленің арқасында рекордты жоғары көрсеткішке жетті. Өткен жылы күзде Баффет Activision Blizzard-қа дер кезінде ден қойып, бұл ойын әзірлеушісінің акцияларын $1,1 млрд-қа сатып алды. Үш ай өткен соң Microsoft компанияны $69 млрд-қа сатып алуға келісті. Омахадан шыққан Оракул шамамен тағы $7 млрд Occidental Petroleum компаниясына салды, бұл мұнай бағасы көтерілген сәтте болған еді. Наурызда ол тарихындағы ең ірі мәмілеге отырып, Alleghany сақтандыру компаниясын қолма-қол $11,6 млрд-қа сатып алды.

6. Ларри Пейдж
$111 млрд • ALPHABET • 49 • АҚШ
7. Сергей Брин
$107 млрд • ALPHABET • 48 • АҚШ

Google негізін қалаушыларының екеуі акциялардың бақылау пакетіне ие, Alphabet сервисінің еншілес компаниясының директорлар кеңесінің құрамына кіреді. Өткен жылдан бастап 2017 жылдан бері бірінші рет акциялар сата бастады. Нәтижесінде, Forbes-тың бағалауынша, 2021 жылдың мамырынан бастап екеуінің әрқайсысы қолма-қол $1 млрд иеленген.

8. Ларри Эллисон
$106 млрд • ORACLE • 77 • АҚШ

Oracle директорлар кеңесінің төрағасы және бұрынғы бас директоры өткен жылы шамамен $10 млрд-қа байыды, оған акционерлердің компанияның бұлтты технологияларға өтуіне деген жақсы көзқарасы себеп болды. Қыркүйекте Эллисон $345 млн-ға Тахо өзенінің жағасында орналасқан курортты сатып алды. Оның жылжымайтын мүлік ауқымды портфелінде 2012 жылы $300 млн-ға алынған Гавайдағы Ланаи аралы және Малибудағы ең сәнді Карбон-Бич жағажайынан кем дегенде 10 жер учаскесі бар.

9. Стив Балмер
$91,4 млрд • MICROSOFT • 65 • АҚШ

Los Angeles Clippers баскетбол командасын Microsoft-тың бұрынғы басшысы сегіз жыл бұрын таңғалдырарлық $2 млрд-қа сатып алды. Бүгінде Forbes оны $3,3 млн деп бағалап отыр. Неткен кірістілік десеңізші! Дегенмен Балмердің дәулетін көбейтуге себеп болған Microsoft акциялары. Тура сол аралықта олардың құны 600%-дан аса қымбаттап, оған $65 млрд әкелді.

10. Мукеш Амбани
$90,7 млрд • Әртарапты бизнес• 64 • Үндістан

Мұнай-газ магнатына Гуджарат штатындағы әлемдегі ең ірі мұнай өңдеу кешені бар Reliance Industries компаниясы тиесілі. Өткен жылы ол қалпына келетін энергия көздеріне назар аудара бастады. Reliance өкілдерінің сөзінше, алдағы 10–15 жыл ішінде компания жасыл энергетикаға $80 млрд инвестиция салмақшы, оның $10 млрд дәл сондай энергия түрімен жұмыс істейтін төрт ірі зауыттың құрылысына бағытталатын болады. Қаңтарда компания Манхэттендегі Mandarin Oriental Hotel қонақүйі акцияларының бақылау пакеті үшін $98 млн төлеуге ниетті екенін мәлімдеді.

Гаутам Адани
ФОТО: © ADANI GROUP
Гаутам Адани

11. Гаутам Адани с семьей 
$90 млрд • Инфрақұрылым, шикізат тауарлары • 59 • Үндістан

Өткен жылдан бері Адани капиталы $40 млрд жуық (ал 2020 жылдан бері үш есеге жуық) өсті, оған жариялы компанияларының акцияларының кірістің көбеюі жағдайында едәуір нығаюы себеп болды. Олардың арасында күн энергиясы саласында жұмыс істейтін Adani Green Energy компаниясын ерекше атап өту керек. Адани қалпына келетін энергияға $70 млрд салуға ниетті, 2030 жылға қарай әлемдегі ең ірі жасыл энергия тасымалдаушы болуды жоспарлап отыр. Жас кезінде Адани колледжді және әкесінің тоқыма бұйымдар дүкеніндегі жұмысты 1988 жылы шикізат экспорттаушы компаниясын ашу үшін тастап кеткен. Қазір оның қызығушылықтары аясына теңіз порттары және әуежайлар да кіреді.

12. Майкл Блумберг
$82 млрд • BLOOMBERG LP • 80 • АҚШ

Бұл кісінің терминалдары Уолл-стриттің тоқтаусыз әрі тиімді жұмысының негіздерінің бірі. Ол қарашада есірткімен күреске $120 млн, ал желтоқсанда тәуелсіз мектептерді қолдау үшін $750 млн қайырымдылыққа бөлді. Нью-Йорктың бұрынғы мэрі Демократиялық партияға жәрдем ретінде $1,2 млрд (оның ішінде 2020 жылы өзінің сәтсіз болған президенттік кампаниясына $1 млрд астам) қаражат бағыттады. Бірақ 2022 жылдан аса ешнәрсе күтпейді. Жақында Блумберг егер бағытын дереу өзгертпесе, қарашада партия үлкең жеңіліске ұшырайды деп мәлімдеді.

13. Карлос Слим Элу
$81,2 млрд • Телекоммуникациялар • 82 • Мексика

Телекоммуникацииялық алпауыт иесі América Móvil акцияларының 44%-ға өскендігінің арқасында $18,4 млрд-қа баи түсті. Слим 2020 жылдың соңында New York Times-тегі өзінің он пайыздық үлесін сатып жіберді, ол кезде газет акцияларының бір данасы $40 жоғары деп бағаналған еді (2015 жылы ол осы акцияларды бар болғаны $6 сатып алу құқығын пайдаланды).

14. Франсуаза Беттанкур-Майерс с семьей
$74,8 млрд • L’ORÉAL • 68 • Франция

Әлемдегі ең бай әйел бүгінде L’Oréal ең ірі косметикалық компаниясының директорлар кеңесінің вице-төрайымы қызметін иеленеді. Бұл брендтің негізін 1909 жылы оның химик атасы қалаған. L’Oréal-ға тиесілі ең жаңа брендтердің бірі – желтоқсанда сатып алған лос-анджелестік Youth to the People бет күтіміне арналған сұйықтықтар өндірушісі.

15. Марк Цукерберг
$67,3 млрд • META • 37 • АҚШ

Қазанда Facebook атауын Meta Platforms деп өзгертті, бұл Цукербергтің «метаәлем» деп аталатын техтопияны (технологиялық утопия) құру ниетін аңғартады. Бірақ мұның не екені қалың көпшілікке соңына дейін әлі түсінікті болмай отыр. Цукербергтің шынайы әлемнен қашып кетуіне де себеп бар, бұл әлемде Meta акциялары қыркүйектегі ең жоғары бағасымен салыстырғанда 50%-ға құлдырады. Алты жылда бірінші рет Цукерберге ең бай адамдардың тізімінің алғашқы ондығында орын табылмады.

16. Джим Уолтон
$66,2 млрд • WALMART • 73 • АҚШ

Walmart негізін қалаушысы Сэма Уолтонның ұлы қазір отбасылық Arvest Bank-тің (активтері $27 млрд) директорлар кеңесін басқарады.

17. Чжун Шаньшань
$65,7 млрд • Сусындар, фармацевтика • 67 • Қытай

Тіпті бастауыш сыныпты да бітірмеген Чжун қатарынан екінші жыл Қытайдың ең бай өкілі аталып жатыр. 1996 жылы ол Nongfu Spring деген атау беріп, бөтелкедегі сусын өндірісін ашты. Өткен жылы оның акциялары өз құнынан 15%-дан астам арзандады. Бірақ Beijing Wantai Biological Pharmacy фармацевтикалық компаниясының акцияларының бағасының өсуіне байланысты бұл шығынның бір бөлігі қайтты. Бұл жерде Шаньшаньға 75% көлемінде үлес тиесілі.

18. Элис Уолтон
$65,3 млрд • WALMART • 72 • АҚШ

Сэм Уолтонның жалғыз қызы Арканзас штаты, Бентонвилльде Crystal Bridges Museum америкалық өнер музейін ашты. Оның немере інісінің әйелі Оливия Уолтон музей кеңесінің төрайымы қызметінде тәтесінің орнын басса да, Элис кеңес мүшелігіндегі орнын сақтап қалды.

19. Роб Уолтон
$65 млрд • WALMART • 77 • АҚШ

Роб Уолтон 23 жыл бойы Walmart директорлар кеңесін басқарып келді, тек 2015 жылы ғана қызметінен кетті. Уолтон, оның ағасы мен әпкесі өткен жылдан бері $7 млрд астам меншік акцияларын сатты, соған қарамастан, дүкендер желісінің негізін қалаушысының ұрпақтары әлі де оны ең ірі акционерлері болып қалуда.

19. Чанпэн Чжао
$65 млрд • Криптовалюталар • 46 • Канада

Чжао – криптоиндустрияның ең бай өкілі. Бұл оның Binance криптобиржасындағы жетпіс пайыздық үлеске ие болғандығының арқасында. Компанияның бас директоры ретінде Чжао (CZ атымен де танымал) қызметін 2017 жылы ғана бастаған Binance-ті мәміле көлемі бойынша әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасына айналдыра алды. Қаңтарда Чжао Forbes-тың, журнал SPAC-компаниялар көмегімен биржаға шыға бастағанда, миноритарлық үлесін сатып алу үшін $200 млн бөлуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

21. Чарльз Кох
$60 млрд • KOCH INDUSTRIES • 86 • АҚШ
21. Джулия Кох с семьей
$60 млрд • KOCH INDUSTRIES • 59 • АҚШ

Ресейде өзінің жұмысын аяқтаған немесе тоқтата тұрған трансұлттық компаниялар көп, бірақ ол Чарльз Кох басқаратын Koch Industries-ке қатысты емес. Сатылымнан табысы $115 млрд құрайтын конгломератқа 600 адам еңбектеніп жатқан екі шыны зауыты та тиесілі. Компанияның мәлімдеуінше, ол ресейлік жұмысшыларын тастамайды, сондай-ақ өзінің өндіріс алаңдарын Кремльге бермейді. Чарльз және кіші інісі Дэвидтің (2019 жылы қайтыс болды) жесірі Джулия Кохтың отбасы әрқайсысы Koch Industries акцияларының 42%-на иелік етеді.

23. Амансио Ортега
$59,6 млрд • ZARA • 86 • Испания

Zara сән бренді арқылы танымал Inditex компаниялар тобының негізін қалаушысы Ортега қарашада ең кіші қызын әлемдік «жылдам сән» нарығының көшбасшысы болып отырған компаниясының директорлар кеңесінің төрайымы етіп тағайындады. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін жақында Ресейдегі 502 дүкені жабылып, Inditex тобының акциялары арзандады. Ал 2021 жылы Ортега Испания мен Португалиядағы электр желілері операторлары компаниялардың акцияларын сатып алуға шамамен $700 млн жұмсады.

24. Майкл Делл
$55,1 млрд • DELL • 57 • АҚШ

2021 жыл Dell Technologies тарихындағы ең үздік жыл болды. Компьютер сатылымы рекордтық көрсеткіштерден асып түсті. Компанияның акциялары 20%-ға қымбаттап, оның негізін қалаушы мен бас директорының капиталына тағы $10 млрд қосты. Делл әйелі Сьюзанмен бірге жақында украиналық отбасыларды қолдауға $15 млн бөлдій.

Чжан Имин
ФОТО: © IMAGINE CHINA/NEWSCOM
Чжан Имин

25. Чжан Имин 
$50 млрд • TIKTOK • 38 • Қытай

ByteDance – әлемдегі ең ірі жалғызмүйіз компания, көпшілікке қысқа видеоларды жүктеп көруге арналған TikTok қосымшасымен танымал. Сервистің белсенді қолданушылар саны айына бір млрд адамға жетеді. Өткен жылы қарашада Чжан директорлар кеңесі төрағасы қызметінен кетті. Ол әлеуметтік желілерге мемлекеттің қысымы арта түскен тұста қызметінен кеткен қытайлық технологиялық компаниялардың жетекшілерінің бірі болды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить