Ку Хонг-Сок: Қазақстан «Жаңа Солтүстік саясат» бағдарламасының негізгі серіктесі

12735

2020 жыл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынасқа қалай ықпал етті

Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ку Хонг-сок айтып берді.

F: Құрметті Елші мырза! Сіз 2020 жылдың 1 шілдесінде ҚР президентіне салтанатты түрде сенім грамотасын табыстап, ресми түрде дипломатиялық қызметіңізге кірістіңіз. Қазақстанға келген кездегі алғашқы әсеріңіз қандай болды, пандемия кезіндегі жұмысыңыз қалай басталды?

- Маған ең алдымен ел аумағының орасан кеңдігі, оның көлемі және сол сияқты қазақ халқының көп қырлы ынтымақтастығы ерекше әсер етті. Мені көпұлтты Қазақстандағы отбасылық  үйлесім мен ерекше әлеуметтік атмосфера таңқалдырды. Мен мұны елшіліктің жергілікті қызметкерлері арқылы, сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан корей диаспорасының өкілдері арқылы терең сезіне алдым. Ал коронавирустық пандемия кезінде, әдетте дипломатиялық іс-шаралар қатаң түрде шектелген уақытта, біздің елшілік екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты  дамыту бағытында  белсенділік танытты және осы салаға барынша басымдық берді. Білесіздер, Корея Республикасы індетпен күресуде үлкен тәжірибе жинады, ол әлемде  «вирустық инфекциялардың таралуын алдын алудағы корей әдісі» деп аталды. Оңтүстік Кореяның Алматыда орналасқан «MPC clinic» клиникасы өзінің керемет диагностикалық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, Қазақстандағы коронавируспен күресте маңызды рөл атқарады. 2020 жылдың мамыр айында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барған сапарында осы клиниканың жұмысымен танысқан еді. Сонымен қатар, Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарынан кейін денсаулық сақтау саласында жұмыс тобы құрылған еді. Қазір осы бойынша тұрақты түрде талқылаулар болып тұрады, оынң ішінде Кореяның коронавирусқа індетіне сандық технологияларды қолдана отырып қарсы тұру жобасы бойынша және басқа да бағдарламалар аясында белсенді жұмыс жүруде. Корея Үкіметі мен осы жерде бизнеспен айналысатын компаниялар Қазақстанға тұрақты түрде гуманитарлық көмек көрсетуде. Сонымен бірге біздің елшілік пандемия кезінде қиындыққа тап болған азаматтарға қолдау көрсетумен келеді.

F: Сіз бұған дейін қандай елдерде қызмет еттіңіз? Қазақстан мемлекетінің, халқының қандай ерекшеліктерін айрықша атап өтер едіңіз?

Ку Хонг-сок
Ку Хонг-сок

- Мен Қазақстандағы қызметімді бастамас бұрын Жапония, Қытай, Бруней және т.б елдерде жұмыс істедім. Қазақстан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен 30 жыл ішінде айтарлықтай дамуға, оның ішінде саяси және экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірден нарықтық экономикаға көшіп, шетелдік инвестицияларды белсенді түрде тартты және бұл қазіргі жетістіктердің негізі болды, сонымен қатар, Орталық Азияның басқа елдері үшін үлгі болды. Сонымен бірге, біз Қазақстанның өз еркімен ядролық арсеналынан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық полигонды жапқанын жоғары бағалаймыз. Содан бері Қазақстан халықаралық аренада ядросыз әлем қалыптастыруда жетекші рөл атқарып келеді. Елдің ядролық қарудан бас тарту жөніндегі тәжірибесі  Солтүстік Кореяны ядролық қарудан азат етуді мақсат етіп отыған Корея Республикасы үшін өте маңызды және бұл бағытта Керея мен Қазақстан арасында жуырда ғана форум өтті, тақырыпқа қатысты тұрақты түрде талқылаулар өтіп тұрады және олар жалғаса береді. Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан бейбітшілік пен келісім саясатын табысты жүргізіп келе жатқан мемлекет. Біздің үкіметіміз 100 мыңнан астам корей ұлтының өкілі тұратын Қазақстанның бейбіт саясатын жоғары бағалайды және оның сақталуына мүдделі. Мен Елші ретінде Қазақстан Үкіметіне Қазақстанда тұрып жатқан корей диаспорасына жасаған қамқорлығы мен қолдауы үшін ризашылығымды білдіремін!

F: Қызметіңізге кіріскеннен кейін алғаш болып  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесу өткіздіңіз. Қандай мәселелер талқыланды, алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастық қай бағыттарды қамтиды?

- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов  қазақстандық тараптан Корея-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының төрағасы қызметін қоса атқарады. Біз министрлікке қатысты жобалардан бөлек, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жағдайын бағаладық, сонымен бірге елшілкпен бірлесіп  арадағы ынтымақтастықты дамыту бойынша біртқатар мәселелерді талқыладық. Атап айтқанда, министр болашақта корея тарапымен бірге басымдық беруге болатын бағыттарды, оның ішінде өндіріс, құрылыс, ресурстарды дамыту, көлік және логистика, электр энергетикасы, қоршаған орта, денсаулық сақтау сияқты әртүрлі салалардағы жобалар бойынша толық ақпарат бергенін атап өткім келеді. Айта кетерлігі, Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық, мысалыға кейбір елдер сияқты тек энергетикалық ресурстарды дамыту немесе саудамен ғана шектелмейді, арадағы қатынас әр түрлі саланы қамтиды, сонысымен  ерекшеленеді. Қазіргі күні Корея өзінің дамыған өндірістік технологиясымен және пандемиядан туындаған жаһандық экономикалық жағдайдан шығу үшін жаңа жасыл (green new deal) бағдарламаны ұсынуда, сондықтан менің ойымша, индустриялық және экологиялық жаңғыру саласында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік көп. Бұған Қазақстан үкіметі ерекше мән беріп отыр. Ал Корея мен Қазақстан  арасындағы үкіметаралық комиссия екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жалпы жағдайын бағалау арқылы болашақтың  байланысы мен бағытын айқындап отырады. Өткен жылы Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға жасаған  мемлекеттік сапары кезінде екі елдің үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыты болып табылатын «Жаңа самал жел» бағдарламасына қол қойылды, ал үкіметаралық комиссия оны жүзеге асыратын арналардың бірі болып табылады. Әсіресе, тараптар пандемия жағдайында онлайн байланыс орнату арқылы арадағы ынқымақтастықтың қозғаушы күшін сақтап қана қоймай, жаңа жолдарды табуға тырысты, Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың сапарына қатысты дайындықты пысықтады. Комиссия отырысы 2020 жылдың 17 қарашасында  өтті.

F: 2019 жылы екі елдің тауар айналымы  $6,5  млрд-қа жетіпті, ал пандемияға қарамастан 2020 жылдың басынан бергі көрсеткіш те  оң динамиканы көрсетуде екен. Бұл неге байланысты,  қай салаларда  оң нәтиже байқалуда?

- Иә, 2019 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі рекордтық деңгейге (Корея статистикасы  $4,2 млрд, Қазақстан статистикасы $6,5 млрджетті. Алайда, биылға болжанған көрсеткіш барынша төмендетілгенімен, сауда көлемі жоғары деңгейде (Корея статистикасы - $2,7 млрд долларды, Қазақстан статистикасы бойынша тамыз айына дейін  $4,3 млрд) қалды. Менің ойымша, осындай қолайсыз жағдайларда да екі ел арасындағы сауда көлемі келесі факторлардың әсерінен тұрақты деңгейде қалады: екі ел арасындағы экономикалық алмасу бірін-бірі толықтыратын түрде жүзеге асырылады, экономикалық ынтымақтастық қандай да бір нақты саламен шектелмейді, барлық бағыттарды қамитды. Корея Қазақстанға әртүрлі жабдықтар мен өнімдерді экспорттайды, сәйкесінше Қазақстаннан үлкен көлемде шикі мұнай импорттайды, осылайша екі ел бірін-бірі толықтыратын сауда көлемін көрсетеді. Қазір түрлі салалар бойынша, оның ішінде тауарлар мен жабдықтар саудасынан бөлек, құрылыс саласындағы жобалар жүзеге асуда. Мысалы, Теңіз мұнай кенішін кеңейтуге арналған ауқымды жобаға кореялық компаниялар қатысатыды, яғни, арадағы қатынас уақытша өзгерістерге қарамастан тоқтамайды және дами береді деп айтуға болады.

F: Екі мемлекет басшыларының Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған «Жаңа самал жел» бағдарламасы туралы айтып өтсеңіз. Олар қанша бағытты қамтиды, қазіргі нәтижесі қандай?

- Иә, «Жаңа самал жел» екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағдарламасы болып табылады. Бұл бірнеше бағыттағы емес, экономикалық ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды. Мемлекет басшылары бұл келісімге қол қойғаннан кейін, екі ел арасындағы тауар айналымы едәуір өсті. Мысалы, «Hyundai» автомобильдерін шығаратын зауыт іске қосылды, Алматыда БАКАД құрылысы сияқты маңызды әрі бірлескен жобаларды ілгерілету күшейді. Әрине, пандемия басталғаннан кейін кейбір жобаларды қарау мен іске асыру кейінге шегерілгені өкінішті, бірақ мен 2021 жылы жағдай тұрақталып, одан да маңызды жобалар жүзеге асады деп үміттенемін.

F: Жалпы қазіргі күні Қазақстанда Корей капиталының қатысуымен қанша жоба іске асуда, олардың ішінде қандай компаниялар бар? Келешекте олардың саны қалай артады? Сіз оның дамуына қандай үлес қосуды көздеп отырсыз?

- Қазақстан Оңтүстік Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі серіктесі болып табылады, бұл аймақтағы корей инвестицияларының көлемі 70% құрайды. Бүгінгі күні 4,1 млрд  астам инвестиция құйылып, 320-ға жуық бірлескен инвестициялық компания құрылды. Қазақстан нарығында жұмыс істейтін негізгі кореялық компаниялар: «Донгиль Хайвил», «Урим» компаниясы (тұрғын үй құрылысы, жылжымайтын мүлікті дамыту), «Lotte» кондитерлік компаниясы, «Korea National Petroleum Corporation» (кен орындарын игеру), «SK E&C» компаниясы (жол құрылысы), «Shinhan Bank», «Shinhan Finance» (қаржылық қызметтер), «MRK» клиникасы (медициналық қызметтер) және т.б.  Қазақстан үкіметінің арқасында Қазақстандағы инвестициялық орта Орталық Азия мен ТМД аймағындағы ең қолайлы деп бағаланады, сондықтан «MRK» клиникасы сияқты кореялық компаниялар Қазақстанды ТМД елдерінің нарықтарына шығудың негізгі базасы ретінде таңдайды. Алайда кореялық компаниялардың Қазақстан нарығына  шығуда кейбір ережелер мен әкімшілік рәсімдер қиындық туғызып жатады. Егер Қазақстан үкіметі оларды бірлесіп шешіп, бұл туралы Корея және басқа да шет елдерге кеңінен жария етіп отырса, елге ағылған инвестициялар өсе береді деп сенеміз. Мен Елші ретінде кореялылық компанияларға тек елдің тартымдылығы туралы ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың осында туындаған проблемаларын шешу үшін Қазақстан үкіметімен тығыз жұмыс істеуге ниеттімін.

F: Сіз 2020 жылдың қыркүйегінде жергілікті журналистермен кездескен едіңіз. Онда Корея тарапынан ғылым, денсаулық сақтау, IT жобаларға басымдық берілетінін айтып едіңіз. Оның негізгі себебі қандай, бұл бағытта қандай жаңашылдықтар болуы мүмкін?

- Жаһандық экономика пандемия кезінде қашықтан жұмыс істеуге, яғни «қатынассыз экономикаға» көшуді тездетті, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту  ұлттық әрі маңызды мәселеге айналды. Ал ақпараттық технологиялар - бұл байланыссыз экономиканың негізгі өзегі, сонымен қатар оны өндіріс сияқты  экономиканың нақты салаларында ғана емес, денсаулық сақтау, білім және ғылым сияқты қоғамға  маңызды салаларда жаңаша қолдану жаңа міндетке айналып отыр деп ойлаймын. Мыслы, Кореяның денсаулық сақтау саласында қолданылған, коронавирустық пандемиямен күресуде табысты нәтижелерге алып келген 3T - тестілеу, қадағалау, емдеу  (Test, Trace, Treat негізінде)  халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланды.  Коронавирусты диагностикалау, бақылау және емдеу үшін қолданылатын  ақпараттық технологиялар корейлік шаралардың негізгі бағыты болып табылады. Егер Қазақстан Кореяның, оның ішінде  жаңа технологияларды  қолдану арқылы жасаған тәжірибесіне жүгінетін болса, онда коронавирус сияқты жұқпалы аурулардың таралуын басқаруда үлкен жаңалықтарға қол жеткізуге болады. Осыған байланысты кореялық тарап өз тәжірибесімен бөлісуді, Дүниежүзілік эпидемияның алдын алу платформасын пайдалану бойынша, оның ішінде жетекші оңтүстік кореялық КТ ІТ компаниясы әзірлеген (KT's GEPP, Global Epidemic Prevention Platform)  жобаны іске асыруды ұсынып отыр. 

F: Жуырда Корея мемлекеті Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдаған болатын. Сіздің ел біздің елге қандай қолдау көрсетті?

- Пандемия кезінде Корея Республикасының Үкіметі мен Оңтүстік Кореяның бизнес қауымдастығы Қазақстанға белсенді  түрде қолдау көрсетеді. Қазақстанда жұмыс істейтін кореялық компаниялар осы жылдың бірінші жартыжылдығында $400 000  көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Сондай-ақ, Корея Республикасының Үкіметі $800 000 көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Корея Үкіметі жолдаған ПТР түріндегі гуманирарлық көмектің алғашқы партиясы, құны $425000 болатын сынақ жиынтықтары Қазақстанға қазан айында  жеткізіліп, ел аймақтарына таратылды. Корея тарапы көрсеткен қолдау туралы Қазақстан азаматтарына кеңінен жария ету үшін оны салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, оған Корея Республикасының Елшілігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қатысты. Ал желтоқсан  айында  гуманитарлық көмектің (оттегі концентраторлары, пациенттерге арналған мониторлар ) екінші партиясы жеткізілді. Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының ғаламдық желісі арқылы (WHO global supply chain) сатып алынды және жеткізілді, жүктің жалпы құны $300 000. Сонымен қатар, медициналық жабдықтар түріндегі гуманитарлық көмектің соңғы партиясы келді, бұл FFP2 стандартты медициналық маска-респираторлар, оның  жалпы құны $75 000.

F: Пандемияға байланысты ҚР президенті Қ. Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға жоспарлаған сапары кейінге қалған болатын. Корея Қазақстан президентін қай кезде қарсы алуы мүмкін?

- Иә, өздеріңіз білетіндей, былтыр Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары сәтті жүзеге асты, ал биылғы жылы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жоспарлаған мемлекеттік сапарына дайындық жұмыстары жүргізілді. Алайда ол пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Корея және Қазақстан Үкіметі бұл сапарды жуық арада жоспарлау бойынша жұмыс жүргізуде.  Сапардың уақыты екі елдегі коронавирус пандемиясының жағдайына байланысты белгілі болады.

F: Сондай- ақ орсы сапар аясында Қызылорда жерленген Корея Республиксының генералы  Хон Бом Доның сүйегін тарихи отанына жеткізу жоспарланған еді. Бұл бастама қалай болды? Қазақ  жерінде жерленген корей қаһарманының сүйегін жеткізу қай кезге жоспарланған? 

  -Иә, 2020 жылдың қазан айында президент Мун Чжэ Ин мен президент Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлескен болатын. Өзара әңгімелесу барысында Қ. Тоқаев Кореяның ұлттық батыры - генерал Хон Бом Доның сүйегін тарихи отанына жеткізу үшін  барлық жағдайды жасауға дайын екенін және пандемияға байланысты ахуал тұрақтанған кезде генералдың сүйегін Корея Республикасына қайтаруға арналған салтанатты рәсім өтетінін айтты. Ал президент Мун Чжэ Ин өзінің жауабында Қ. Тоқаевқа ұлттық қаһарманның  сүйегін жеткізу туралы шешімі үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ ол Корея Республикасына жоспарланған  ресми сапарды күтіп отырғанын және осы кезде генерал құрметіне арналған  Кореядағы іс-шараға бірге қатысуға ниетті екенін жеткізді. Айта кететін жәйт, мен осы жылдың қараша айында Қызылорда қаласына жұмыс сапарымен бардым, онда генерал Хон Бом Доның мемориалына соғып, оның есімін еске алдым. Сондай-ақ сапар барысында Қызылорда облысының әкімімен және онда тұратын корей қауымдастығының өкілдерімен кездестім және  генералдың сүйгін қайтаруға қатысты дайындық талқыланды.

F: Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы байланысты нығайту, қос елдің арасындағы жаңа экономикалық картаны жүзеге асыру мәселесінде қандайда бір өзгеріс бар ма? Бұл бағытта нақты қандай қадамдар қажет деп ойлайсыз?

- Биылғы жылы корейаралық қатынастарды  қиындатқан бірнеше  оқиға тіркелді. Мысалы, Солтүстік Кореямен байланыс жөніндегі кореяаралық  кеңсенің жарылуы, Батыс теңізінде Солтүстік Кореяның әскери күштері Оңтүстік Корея азаматын өтірді. Жалпы, Оңтүстік Корея  Солтүстік Кореяның арандатушылық әрекеттері үшін қатаң тергеуді және жауапкершілікті талап еткенімен, бұл жағдай арадағы байланыстың шиеленісуіне әкеліп соқпауы керек және біз қиын жолмен орнатылған корейаралық қатынастардың бастапқы деңгейін сақтап қалуымыз керек. Корея  Үкіметі Оңтүстік пен Солтүстік тап болып отырған  қиындықтарға сабырлы түрде жауап беріп, оларды диалог пен ынтымақтастық арқылы шешуге мүдделі.  Корей үкіметі «Корей түбегінің  жаңа экономикалық картасы» жобасы аясында, яғни Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық интеграцияны жақсарту арқылы Солтүстік-Шығыс Азияда бейбітшілік пен өркендеуге жол ашуды көздейді. Бұл бастаманың басты мақсаты - Солтүстік Кореяның ядролық проблемасын шешу мәселелерін ілгерілету, сол мүмкіндікті пайдалана отырып корейаралық экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, бұл үшін дамудың жаңа тетіктерін қарастырып, екі Кореяның  өркендеуіне және ортақ мақсаттарды айқындау арқылы экономикалық тұрғыда өзара бірігуге негіз жасау болып табылады. Сонымен қатар, біз бейбітшілік пен қолайлы экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін көршілермен және Корея түбегінен тыс жатқан елдермен өзара ынтымақтастықты дамытуға, ортақ мүдделерге негізделген өркендеуге жол ашу үшін жаңа мүмкіндіктер шеңберін құруға тырысамыз. Бұл бағдарлама бойынша Қазақстанмен ынтымақтасу өте маңызды екенін айта кетуіміз керек, өйткені Қазақстан «Жаңа Солтүстік саясат» деп аталатын ынтымақтастық бағдарласы бойынша негізгі серіктес болып табылады. Атап айтқанда, Корея үкіметі Корея түбегінің айналасындағы экономикалық аймақтарды Шығыс теңіз аймағы, Батыс теңіз аймағы және Солтүстік-Оңтүстік шекара аймақтарына бөледі. Шығыс теңіз аймағында энергетика мен ресурстар саласында көпжақты ынтымақтастық орнатылды, Батыс теңіз аймағында логистика мен өнеркәсіптің экономикалық белдеуі қалыптасты. Солтүстік және Оңтүстік Кореяның шекаралас аймағында кореяаралық ынтымақтастықты дамыту жоспары бар, мысалы, су және орман қорларын бірлесіп басқару, жұқпалы аурулармен бірлесіп күресу және т.б.

F: Нұр-Сұлтан қаласындағы демалыс күндеріңіз қалай өтеді? Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып көрдіңіз бе?

- Мен пандемия кезінде карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, мүмкіндік болған кезде қазақ тағамдарының дәмін татып, Қазақстанның сұлулығын көруге тырысамын. Сонымен қатар, Қазақ елі туралы кітаптар, теледидар мен YouTube арқылы көп ақпарат алудамын. Ал демалыс кезінде отбасыммен дәстүрлі қазақ тағамдары бар жергілікті мейрамханаларға барғанды ​​жақсы көреміз. Мен түрлі қазақ тағамдарының ішінен жылқы етін, қазы, Еуразия аймағындағы басқа да елдердің,оның ішінде лағман, кәуап және манты, сондай-ақ палау сияқты тағамдарын ұнатамын.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить