ITE & MICE Hong Kong 2018: Қазақстан Гонконгтағы халықаралық туризм көрмесінде ерекше бағдарлама ұсынды

6594

«Kazakh Tourism» және отандық операторлар әзірлеген «Bleisure» тақырыбы бизнес және демалыс туризмі үшін не береді

Көрмеге Қазақстаннан қанша оператор қатысуда, қандай мәдени бағдарламалар ұсынылды, Қазақстан мен Гонконг арасындағы туристік көрсеткіш қаншалықты өсті?  Forbes.kz  айтулы шараның бел ортасында жүрген  «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының бас менеджері  Даниел   Сержанұлынан сұхбат алды. 

ITE HK & MICE халықаралық туристік көрмесі 2018 жылдың 14-17 маусымы аралығында Hong Kong Convention & Exhibition Centre көрме орталығында өтуде. Бұл шара биыл 23-ші рет ұйымдастырылып отыр.  Азия мен Еуропаны біріктіретін әйгілі көрмеге 55 мемлекеттен 670 экспонент қатысуда. Алғашқы екі күн  b2b форматында жұмыс істейді, сонғы екі күні  барлық келем деушілерге  есік ашық. «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің тапсырысымен Қазақстандық стендт құрылды. Оның тақырыбы - «Bleisure», яғни іскерлік туризм мен демалыс және Қазақстанның этномәдени ерекшеліктерінің элементтері. 

-«Bleisure» - бұл әлемдік туристік салада іскерлік сапарлар мен демалысты біріктіретін ең бір тез өсіп келе жатқан сегмент және жаңа тренд. Басқа сөзбен айтқанда, business & leisure», - деп атап өтті Ұлттық компания өкілі.

Көрмеге Гонконг нарығына мамандандырылған отандық 11 туроператор қатысуда. Қазақстан мәдениетін  Берлин және Бейжің көрмелерінде әйгілі болған Арлан театрының батырлары таныстырды. Көрмеде ойын-сауық компоненттері мен оқиғалы іс-шаралар эко және этнотуризммен бірлесіп ұлттық туристік өнімнің негізін құратын «4е» концепциясы толық жүзеге  асырылуда.

-Сонымен қатар, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы және ҚР Гонконг қаласындағы Бас консулдығы қолдауымен Евразия туристік ассоциациясы шараның бірінші күні екі елдің 100-ге жуық бизнес және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан туризмінің кешін ұйымдастырды. Бұл кеш аясында Қазақстан мен өңірлердің туристік мүмкіншіліктерінің презентациясы, қазақстандық дизайнер Айгүл Жансерікованың сән көрсетілімі, ұлттық тағамдар дегустациясы және b2b кездесулер өтті-деп мәлімдеді бас менеджер. 

Қазақстан мен Гонконг арнайы іскерлік аймағы 2012 жылдан бастап  екі тарап азаматтары үшін  14 күнге дейін визасыз жүйе енгізгені белгілі. Бұл келісім бизнес туризмнің дамуына, Қазақстан мен Гонконг туристерінің көптеп қатынауына жағдай жасады. Қазіргі күні Алматы-Гонконг, Гонконг-Алматы бағытында тікелей және тұрақты әуе рейісі қатынайды. Бұл елімізге  келетін туристердің  қатарын арттырып отыр.   Мәселен, 2016 жылы Гонконгтан Қазақстанға 2330 адам келсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш екі есеге артып,  5737 туристке дейін жетті.  Ал, 2018 жылдың 1-ші тоқсанын өткен жылмен салыстырғанда олардың саны тағы 9% өскен. ITE HK & MICE алдағы уақыта бұл мәліметтердің артуына айтарлықтай ықпал етуі тиіс

-Гонконг  «Kazakh Tourism» маркетинг жоспарына сай алдыңғы нарықтардың бірі екендігін ескерсек,алдағы жылдары туристер саны одан сайын арта беретін болады.  Біз бұл көрмеде туристерді қызықтыру үшін Қазақстанға тегін саяхат жасайтын жолдама ойнатудамыз.  Әлемге әйгілі болған қазақтың  алып батырлармен суретке түсіп, Facebook парақшасында ең көп "лайк" жинаған адамға Алматыға барып қайту үшін Air Astana билетін және Rixos Almaty қонақ үйнде тұруға   сертификат беріледі-дейді Даниел.

International Travel Expo Hong Kong көрмесі 1986 жылдан бастап TKS Exhibition Services Ltd. компаниясымен Қытай Ұлттық туризм басқармасы, Гонконг туризм кеңесі, Макао туризм бойынша үкіметі, туристік және MICE ассоциациялар қолдауымен жыл сайын өтеді. 2017 жылы көрмеге 56 мемлекеттен 645 компания қатысып, оған 90 мың адам келген. Шараға қатысып жатқан Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаеваның айтуынша кейінгі жылдары Қазақстан оған тұрақты түрде қатысып келеді және бұл жолы оперторлар мен әуе компания бірігіп ерекше бағдарлама әзірлеген.

-Алғашы күні, яғни 14 маусымда Қазақстанның ресми кеші ұйымдастырылды.  «Kazakh Tourism», Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының презентациясы жасалды. Ұлттық үлгідегі сән өнері, ұлттық ән, ұлттық тағамдардың дегустациясы ұсынылды. Гонконгтағы 100 астам компания келді, олардың бізге деген қазығушылығы жоғары.  Біріншіден олар үшін біздің табиғат ерекше ұнайды,екіншіден Қазақстан, тікелей рейс қатынайтын Алматы оларға жақын, небары 6 сағатта жетеді, үшіншіден біздің ел «Бір белдеу-бір жол» жобасының картасындағы алғашқы мемлекет болып саналады.  Жалпы, Гонконг туристері сапарға көп шығады, жылына 1 емес, 2-3 рет саяхаттайды. Біз бұл мүмкіндікті пайдалануымыз керек және алда олардың саны артады деген сенімдеміз. Көрме 17-ші маусымға  дейін жалғасады. Қорытындысы бойынша бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткіземіз деген жоспарымыз бар-дейді қауымдастық басшысы.     

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить