Бейбіт бітім: Қазақстанда медиацияның маңызы артып келеді

8668

Қарапайым жанжалдардан бастап үлкен бизнеске дейінгі, Қазақстаннан бастап халықаралық деңгейдегі даулардың шешімі қандай

Қайрат Тулеекев
Қайрат Тулекеев

«Медиатор» - латын тілінен аударғанды делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Қазақстанда медиация туралы заң 2011 жылы қабылданғанымен, бұл инситуттың қызметі кейінгі жылдары кеңінен қолданыла бастады. Бүгінгінің бітімгерлері кімдер, сот жүктемесі қаншалықты азайды, бейбіт келісімге келу қоғам, бизнес, мемлекет үшін несімен тиімді. Forbes.kz «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ құрылтайшысы Қайрат Тулекеев пен орталықтың басқарма мүшесі Салтанат Әбдіқадыровамен сұхбаттасты.

F: Дауларды сотқа дейін шешу тараптар үшін,мемлекет үшін несімен тиімді? Медиация қай салаларда көптеп қолданылады?

Қ: - Қазіргі күні медиация жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларда қолданылып келеді. Тиімділігі неде? Ең алдымен тараптардың өз уақыттары мен қаржыларының үнемделуінде, олардың өндіруде және шешім қабылдауға қатысуы, қатысушы азаматтардың арасындағы мейірімді қатынастардың сақталып қалуы, құпиялықтың сақталуы, медиаторларды өз еркімен таңдау құқында, мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қымбат тұратын қызметін қажет етпейтіндігінде.

F: Республикалық орталық осы күнге дейін қанша іске араласты? Қанша дауды шешті? Олар негізінен қандай істер?Аймақтардағы жағдай қандай?

Салтанат Әбдіқадырова
Салтанат Әбдіқадырова

С: - Республикалық орталық медиаторлары 2014-2017 жылдардың нәтижесі бойынша 24,147 істі медиация тәртібімен шешкен, оның ішінде негізінен көптеп кездесетіні - қылмыстық істер, азаматтық қатынастар; еңбек қатынастары, әкімшілік істер, мерзімінен шартты босатуда медиациямен көмек істері, атқарушылық іс жүргізу барысында медиация рәсімі сонымен қатар трансшекаралық даулар көптеп кездеседі. Белсенді аймақтар деп Астана, Алматы қалаларын, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарын айтуға болады, ол жақта біріншіден халық жиі шоғырланған, екіншіден медиаторлар саны басқа өңірлерге қарағанда басым. 

F: Статистикалық деректердің динамикасы қандай? Өсім бар ма?

Қ: - «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ тізілімінде – 700 аса кәсіби медиаторлар тіркелген, 14 облыс орталығында өкілдіктеріміз жұмыс жасап жатыр. Мәселен, 2014 жылы бізде 1096 іс болса, 2016 жылы 6143, ал 2017 жылы 14648 дейін жетті. Жалпы 24 147 болса, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш әлі өсетіні анық. Осының бәрі бізде арнайы дайындықтан өткен кәсіби, тараптарды татуластыра білетін медиаторлар шеберлігінің арқасы.

F:  Қандай жағдайда медиация қолданылмайды?

С: - Бұл туралы заңда нақты көрсетілген. Егер дауға қатысы бар мүдделі тұлға рәсімге қатыспаса, бір тарап мемлекеттік орган болып табылса, дәрежесі ауыр және аса ауыр қылмыс болса медиация қолданылмайды.

Дау болған жерде қаржы жүретіні белгілі. Жалпы өз тәжірибелеріңізде қайтарылған, өндірілген қаражат көлеміне қатысты мәлімет бар ма?

Қ: - Қазіргі таңда Республика бойынша 700 аса медиатор қызмет етіп жатқанын жоғарыда айттық. Олардың көмегімен 2015-2017 жылдар аралығында жалпы соммасы 7,828 млрд теңгені құраған істер жүргізді.

F: Медиаторлар орта және шағын бизнеске қаншалықты ықпал етуде, компаниялар арасындағы дауларға қаншалықты араласады? Ондай істердің нәтижесі қандай?

С: - Ондай істер көп. Кәсіпкерерлер мен Микро қаржы ұйымдарының арасында да медиация жасалған кездер болды. Мәселен, кәсіпкерлердің бірі өзінің және туыстарының жылжымайтын мүліктерін, яғни 5 үй, 1 жер телімін кепілге қойып, 47.000.000 теңге несие алған. Несиенің 40 000 000 төлеп, қалған қарызды төлейтін кезде оның кәсібі банкротқа ұшыраған. Іс сотқа жетіп, құжат сот орындаушының құзырына өтеді. Осы кезде кәсіпкер бізден көмек сұрады. Кәсіби метиатордың араласуымен бәрі оң шешімін тапты. Сатылудың алдында тұрған жылжымайтын мүліктің төртеуі кепілдіктен шығарылып қана қомай, сол мүлікті қайта кепілдікке қойып, жаңа кәсібіне қаржы алып, жаңа кәсіп бастап, алдыңғы қарыздан құтылды.

F: Демек бизнес тарапынан сіздерге жүгінетіндердің саны артуда ғой...

Қ: - Әрине, мәселен жуырда жол жөндеумен айналысатын компанияларының арасында үлкен сомаға 65 000 000 теңгеге дау туындаған. Бұл істі сот барысында тараптарға медиациямен келісімге келу ұсынылып, екі тарап өзара бітімгершілікпен, медиативтік келісім-шарт жасасты. Осылайша тараптар баж салығынан және артық шығындардан босатылды. Мәселен 11 ай шешімін таппаған тағы бір арыздың орындалуына ықлап еттік. Фирма басшыларының бірі тасымалдаумен айналысатын делдалға ақшасын төлеп, артынан алданып қалады. Біз оларды келісіртіріп қана қомай, әлгі іздеуде болған алаяқты заң орындарына ұстап беруге себепкер болдық. Қазір кәсіпкерлердің көбі қандай да бір дау туындамау үшін, алдын ала барлық келісім шарттарын кәсіби медиатордың мөрін қосып, үш жақты келісім шарт жасауға көшкен.

F: Халықаралық мәселелерге қаншалықты араласасыздар? Қазақстан мен шет мемлекеттер арасында қаралған істер болды ма? Бұл тәжірибе қаншалықты қолданылуда?

С: - Иә, халықаралық мәселелерде біршама медиация жүргізілді. Ол мәселелер негізінен мұрагерлік және бизнес салалары бойынша. Мәселен, 1990 жылдан кейін Қазақстаннан шетелге көшіп кетушілердің осында қалған туыстары бар, біздің жердегі мұрагерлікке қалған жылжымайтын мүлікті бөліп алу туралы мәселелері медиация тәртібімен өзара келісім жасалған жағдайлар болды. Жалпы, біз Израиль, Германия, Ресей,Чехия, Оңтүстік Корея, Беларусия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Қытай арасында туындаған бірқатар дауларды тиімді шештік.

F: Медиация кешегі билер институтының жалғасы деуге бола ма?

Қ: - Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ертедегі билердің халық ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен рөл атқарғаны баршамызға белгілі. Медиация туралы заңымыздың аты бөлек, жаңа термин болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы деуге толық негіз бар.

F: Медиаторлар үшін, медиация орталықтары үшін қандай пайда береді? Сіздердің табыс қалай белгіленеді?

С: - Заңда көрсетілгендей медиация рәсімі жасалмас бұрын медиатор сыйақысы тараптармен өзара келісіледі. Оған келіспейтіндер де болады. Бұл кезде медиация қолданылмайды. Бірақ, әлеуметтің әлсіз топтарына медиация тегін жүргізіледі.

F: Мемлекет қаншалықты қолдау білдіріп отыр. Құзырлы органдар қаншалықты мүдделі? Олардың жүктемесі қаншалықты азайды?

Қ: - Мемлекет тарапынан қолдау зор, себебі бұл ең алдымен дауларды дамыған елдердегідей бейбіт жолмен шешу үшін қажет. Заңдар жетілдірілді, медиацияның дамуына жағдай жасалды. Барлық соттарда медиация кабинеттері ашылған, ҚР Бас прокуратураның ғимаратында халыққа құқық қорғау қызметтерін көрсететін бірегей орталық жұмысын бастады. Соның ішінде медиаторлар да бар.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить