«Астана» халықаралық қаржы орталығының сотында алғашқы коммерциялық дау қарала бастады

Ағылшын құқық қағидаттарына негізделген тәуелсіз сот және арбитражды орталық қалай жұмыс істейді

Фото: Архив пресс-службы

Бұл туралы Forbes.kz сайтына сұхбат берген «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының және арбитражды орталығының тіркеушісі және аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт айтады.

F: Алғашқы талап арыз қай кезде түсті? Кімдердің тарапынан түсті? Процесс туралы айтуға бола ма?

- Бізде қазір алғашқы сот ісін қарау басталды. Жақында ғана алғашқы талап арыз берілді. Айта кету керек, бұл бір ерекше дау, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының форматы үшін күтпеген оқиға болды. Біздің құрылғанымызға 2 жылға жуық уақыт болды, енді міне бірінші коммерциялық процесс қарала бастады және іс халықаралық жоғарғы стандарттар негізінде өтіп жатыр. Әзірге, тараптар мен дау туралы жария етілмейді. Сот шешімі шыққан сәтте бірден орыс және ағылшын тілдерінде веб-сайтқа жарияланады және өзге істердің қорытындысы да осылай болады. Бұның бәрі халықаралық сот тәжірибесі негізінде жүзеге асады, себебі олар ашық әрі құпиясыз. Қоғам өкілдері сот шешімдерімен танысып қана қомайды, олардың қалай қаралып, қандай себептерге байланысты шешім шығарылғанын білетін болады және бұл өте маңызды.

Кристофер Кэмпбелл-Холт
Кристофер Кэмпбелл-Холт

F: Сіздер нақты қай кезден бастап іске кірістіңіздер? Тәуелсіз сот қалай құрылды?

- АХҚО соты мен арбитражды орталығы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап істеп келеді. Екі орган да тәуелсіз, бейтарап болып табылады. Олар құрылған сәттен бастап көптеген жұмыстар атқарылды, бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Сот жалпы ағылшын құқық қағидаттары бойынша жұмыс істейді. Ағылшын нормалары Қазақстанда жұмыс істеп жатқан немесе жұмыс істеуді жоспарлап отырған инвесторлардың құқы мен мүддесін қорғау үшін енгізілді. Яғни, осылайша сот жүйесі құрылып, халықаралық талаптарға сай арнайы платформа пайда болды және ең бастысы бұл жүйе бұған дейін Лондон, Сингапур сынды әлемдегі қаржы орталықтарында істеген инвесторларға кеңінен танымал. Бұл инвесторлардың сенімін арттырады, олар өздеріннің құқықтары толығымен қорғалатынына сенеді.

F: Ағылшын құқының ерекшелігі неде? Ұлттық, яғни жергілікті сот органдарынан айырмашылығы қандай?

- Біздің сотымызда 2 инстанция бар. Біріншісі шағын дауларды қарайтын рәсімдерден тұрады, ал екіншісі аппеляция. Ал енді бірінші инсанцияда бір судья жұмыс істейтін болса, екіншісінде 2 немесе 3 қазыға дейін болуы мүмкін. Әдетте, 3 судья болады. Сонымен қатар, аппеляциялық сот соңғы шешім шығарады және ол басқа органдарда қайта қаралмайды. Бұл ең алдымен соттың тәуелсіз болуын қамтамасыз ету үшін жасалған, ал инвесторлар өз құқықтары толығымен қорғалатынына сенімді болуы тиіс. Әрине, ағылшын нормаларының жергілікті сот органдарының қызметінен айырмашылығы көп. Бірақ, бұл халықаралық әрі коммерциялық сот өндірісінің үздік нормаларын сіңірген әлемдегі ең сенімді жүйе болып табылады.

F:  Судьялар құрамына тоқталсақ. Қазылар саны қанша?

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржы орталығының сотын әлемдік қоғамдастыққа кеңінен таныту принципін ұстану арқылы онда Англия мен Уэльс Жоғарғы сотының бұрынғы төрағасы Лорд Вульфты басшы ретінде тағайындады. Сонымен қатар, тағы 8 судья бар, олардың барлығы жалпы ағылшын құқық жүйесінің ортасынан келген, осындай принциптер мен нормалар бойынша істеген тәжірибелі қазылар. Ал ондай адамдардың тағайындалуы қаржы орталығының сотында әділдік, бейтараптық, тәуелсіздік сынды құндылықтар болатынына кепіл береді. Бұны ең алдымен инвесторлар түсінеді.

F: Судьялар белгілі, ал сот өндірісімен кімдер айналысады. Ұжым құрамында қазақстандықтар бар ма?

- Біз кәсіпқойлардан құралған команда жасақтадық. Яғни, біздің ұжымымыз Қазақстан азаматтарынан тұрады. Біз олардың кәсіби деңгейін арттырудамыз, оқыту бағдарламаларын, тернингтер өткіземіз. Ең алдымен сотқа дейінгі құжаттардың өндірісімен айналысатын кейс-менеджерлердің командасын және сот процесіндегі құжат айналымымен айналысатындарды оқытуға көңіл бөлудеміз. Бұның бәрі қаржы орталығы сотындағы күнделікті жұмыстың жоғарғы стандартын жасау үшін қажет.

F: Тәуелсіз соттың тараптар үшін тиімділігі неде?

- АХҚО сотының ағылшын құқына негізделген тәртіптік ережелерері бар. Сонымен қатар, талап арызының соммасы көп емес дауларды экономикалық тұрғыда тиімді әрі тез шешетін икемді жүйе жұмыс істейді. Біз оларды шағын даулар деп атаймыз. Бұл ережелер тек ағылшын құқына ғана негізделмеген, бұл жүйе әлем елдері қаржы орталықтарындағы коммерциялық соттардың стандарттары мен инновациялық нормаларын өзіне сіңдіре білді.

F: Дубай халықаралық қаржы орталығындағы даулар онлайн жүйе бойынша қаралады. Ал бұл формат Қазақстанда енгізіле ме?

- Иә, 2019 жылы АХҚО сотында электронды әділ сот жүйесі енгізілді. Бұл дегеніміз шағымданушылар әлемнің кез келген нүктесінен арыз бере алады деген сөз. Бұл үшін қаржы орталығының сотына келудің қажеті жоқ. Дәлірек айтсақ, бұл сот процесінің басынан, талап арыз түскен кезден бастап, сот шешімі шығарылғанға дейінгі процестің бәрін цифрлы форматқа көшіруге мүмкіндік берді.

F: Яғни, тараптар өз елдерінде отырып сотқа қатыса алады ма?

- Бұл біздің клиентеріміздің, инвесторлардың сенімін арттырып қана қомай, тараптарға қолайлы жағдай туғызады, қолжетімді етеді. Мысалы, қатысушылар қандай да бір жиындардан босай алмай, Қазақстанға ұшып келе алмаған жағдайда, арызды кез келген қашықтықтан электронды жүйе бойынша беріп, процесті әлемнің кез келген нүктесінен веб-сайт арқылы бақылап отыра алады.

F: Ал арбитражды орталық қалай қызмет етеді?

- Иә, АХҚО аумағында арбитражды орталық қызмет ететінін айта кету керек. Бұл соттан бөлек жеке дара орган, бірақ олар өзара бірлесіп, орындау, атқару бойынша өзара ықпалдастық жағдайына жұмыс істейді. Арбитражды орталықтың төрағасы Барбара Доманн болып табылады. Ол корольдік кеңесші, корольдік адвокат, өте тәжірибелі, жоғарғы дәрежелі арбитр, судья және медиатор. Халықаралық арбитражды орталық дауларды шешудің баламалы жолдарын ұсынады, бұл арбитраж және медиация. Егер, тараптар сотқа шағымданғылары келмесе арбитражды орталық қызметіне жүгіне алады.

F: Ал арбитражды орталық кімдерден құралған? Дауалрды кімдер қарайды?

- Халықаралық арбитражды орталықта өзінің алқасы, арбитрлар құрамы мен медиаторлар тобы бар. Олардың барлығы халықаралық дәрежедегі арбитрлар. Олардың ішінде Қазақстанның білікті заңгерлері және сонымен қатар Ресей мен Украина азаматтары бар. Ал сот немесе арбитражды орталыққа жүгінетіндер міндетті түрде қаржы орталығының қатысушысы немесе солардың бірімен бизнес жасаушы болуы міндетті емес. Олар кез келген елден болуы мүмкін, кез келген саланың өкілдері болуы ықтимал, ең бастысы олар арадағы келісімшарттарда болуы мүмкін дауларды қаржы орталығының сотында немесе арбитражында шешетіндерін көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, олар келісімде қандай материалдық құқықтары барын атап көрсетуі тиіс.

F: Енді арбитраждағы дауларды қарау тәртібін айтсаңыз. Қалай татуластырасыздар?

- Көбі арбитражды және медиация тәртібі қалай жүзеге асады деп сұрайды. Мен айтайын, бізде өз ережеміз бар, олар халықаралық арбитраж және медиацияның соңғы стандарттары бойынша түзілген. Бірақ,тараптар оларды қолдануға міндетті емес. Олар татуласудың өздері қалаған формасын пайдалана алады. Яғни, біз ең алдымен олар үшін дауды тиімді шешетін және осы ретте кез келген қызмет түрін пайдалануына мүмкіндік беретін платформа құруды ойладық.

F:  Тағы қандай қызметтер қарастырылған?

- Қаржы орталығының соты мен халықаралық арбитражды орталық әлемдік стандарттарға сай жаңа қызмет түрлерін ұсынатын болады. Мысалы, біз сот өндірісін үшінші тарап арқылы қаржыландыру мәселесін ойластырудамыз, бұл әлемде бар тәжірибе. Сонымен қатар, заң қызметтерін ақысыз негізде ұсынуды енгізбек ойдамыз, бұл процесс қатысушыларды қолдау үшін қажет. Алдағы уақытта құқықтық білім беруді жалғастыра береміз, бұл жергілікті, аймақтық заң қауымдастығының өкілдеріне және заң факультеттерінде оқып жатқан студенттерге бағытталады. Бұл ең алдымен ағылшын құқын және біздің қалай жұмыс істейтінімізді таныстыру үшін қажет.

F: Алдағы жоспар қандай? Сот пен арбитражды орталықты қандай өзгерістер күтіп тұр?

- Біз АХҚО мен арбитражды орталықтың құқықтық білім беру бағдарламасы бойынша алдағы уақытта британдық заңгер-барристерлерді алып келетін боламыз. Олар адвокаттық қызметтің дағдылары бойынша жергілікті заңгерлерге жалпы құқық тәртібіне негізделген сотта қалай жұмыс істеу керектігі туралы оқу-тренингтер өткізеді. Сонымен қатар, Лондондық орталықтың қатысуымен медиация курстары өткізіледі. Және де Кембридж университетінің профессоры келіп, коммерциялық және ағылшын құқы бойынша дәріс береді. Сондай- ақ, біз қазір мемлекеттік органдармен, компаниялармен жұмыс істеудеміз және өз бағдарламамызға сай оларға келісімшарттарда АХҚО құзіретін енгізуді ұсынудамыз. Яғни, бұл көбіне шет елдік және немесе екінші тарапы шет елдік болатын келісімдер. Болашақта ондай компаниялардың қатары көбейіп, дауалар қаржы орталығының сотында немесе арбитражды орталығында тиімді шешіледі деген ойдамыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6604 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
13 ноября родились
Тимур Турлов
генеральный директор ИК «Фридом Финанс»
Булат Утемуратов
бизнесмен, президент Федерации тенниса Казахстана, №3 в рейтинге 50 самых влиятельных бизнесменов Казахстана - 2019
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить