Ertis Cinema: Павлодарда өткен алғашқы халықаралық фестивальдің нәтижесі қандай

Қандай мемлекеттер қатысты, қандай туындылар қаралды, негізгі номиниациялар қандай

Forbes.kz шараға қатысқан кинотанушы Дана Әмірбековадан сұхбат алды.

Павлодар.  2018 жылдың 11-14-ші шілдесі аралығында қазақтың ұлы өнер майталманы, режиссер және актер Шәкен  Аймановтың туған жері Павлодар қаласында алғаш рет Халықаралық «Ertis Cinema» қысқаметрлі көркем және деректі фильмдер фестивальі өтті. Кинотанушының айтуынша  онда елімізбен бірге бірқатар шет мемлекеттердің киногерлері қатысты.

-Кинофестивальдің негізгі номинациялары болды. Олар «Үздік қысқаметрлі деректі фильм», «Үздік қысқаметрлі көркемсуретті фильм», «Қазылар алқасының арнайы марапаты», «Көрермен көзайымы». Отандық фильмдерден тыс Австралия, Армения, Белорусь, Греция, Грузия, Үндістан, Иран, Ирак, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен фильмдер қабылданған аталмыш кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына 19 деректі, 48 көркемсуретті фильмдер енсе, конкурстан тыс бағдарламада 26 көркемсуретті, 5 деректі фильм көрсетіледі-дейді шараға қатысқан  кинотанушы.

Дана Әмірбекованың  айтуынша  ұсынылған еңбектерді  қазылар алқасының құрамында болған танымал киногерлер бағалады. Олардың ішінде ҚР кинематографисттер ұйымының төрағасы, кинорежиссер, жазушы Ермек Тұрсынов,  РФ халық әртісі, кинорежиссер, актер, ВГИК профессоры Владимир Хатиненко, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сламбек Тәуекел, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кинорежиссер, драматург, жазушы Сатыбалды Нарымбетов,  ҚазҰӨУ «Театр, кино және Телевизия» факультетінің деканы, ТМД және Балтия елдері конфедерациясының мүшесі Талғат Тайшанов, киноактер Фархат Әбдірайымов, актер Асхат Кучинчиреков және  еліміздің өзге де белді өнер қайраткерлері бар.

   -Алуан тақырып пен түрлі жанрларда түсірілген жас киногерлердің фильмдерін көре отырып, әр мемлекеттің кино түсіру ерекшелігін байқауға болады. Бұл тұрғыда Австралия, Греция,Үндістан мемлекеттерінен қатысқан фильмдері техникалық тұрғыда мінсіз орындалса, Грузия, Иран, Ирак, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінің фильмдері отанға, адамзатқа деген махаббат іспеттес тақырыптарды көтеруімен жалпы адамзат үшін мәңгі болып табылатын тақырыптарды көтерулерімен, ал, Ресей киносы негізгі акцентті сюжетке қойып, кино тіліне қарағанда театрға жақындау фильмдерімен таңдандырды-дейді Дана.

 Оның пікірінше отандық жас киногерлеріміздің фильмдері мазмұндық, драматургиялық, техникалық, жалпы кино тілі тұрғысынан сайысқа түскен шетел фильмдерінен артық болмаса кем теспейтіндігі көңілге қуаныш сыйлаған.

-Фестивальдің үздік туындылары ретінде режиссер Евгений Лумповтың «Жол» (деректі), Жайық Белқожаевтың «Мен оралдым» (деректі), Шұғыла Сержанның «Самал» (көркемсуретті) фильмдерін айтуға болады. Қазақ киносының болашағы да осы есімдермен тікелей байланыста боларына сенімім мол-дейді Әмірбекова.

Сонымен қатар, айтулы шара тек үздіктерді анықтаумен ғана шектелген жоқ.   Онда Ермек Тұрсынов, Владимир Хотиненко, Сатыбалды Нарымбетов, Болат Нүсімбеков, Талғат Тайшанов, Асхат Кучинчиреков, Фархат Әбдіраимов сынды Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің белді киногерлерімен арнайы кездесулер мен дәрістер сағаттары  ұйымдастырылды.

-Кездесулерде киноға енді ғана қадам басқан жас кинорежиссерлер мен актерлерге, кинотанушылар пен болашақ кинооператорларға, суретшілерге арнайы фильмдер көрсетіліп, кино тілінің өзіндік ерекшеліктері жайлы дәрістер өткізіліп, кино теориясын тәжірибеде қалай іске асыруға болатыны жайлы айтылды. Қызу талқыға түскен бұндай кездесулер мен дәріс сағаттарының болашақ киногерлер үшін берері зор, әрине.  Кино өнерінің ертеңі қандай болатынын білгің келсе, бүгінгі жастар киносын көру керек-дейді кинотанушы.

Сұхбат беруші алыс-жақын мемлекеттер мен отандық кинематографиямыздың болашағын бағамдауға зор мүмкіндік сыйлаған I Халықаралық «Ertis Cinema» кинофестивалі сәтті өткенін айтады.  Оның қорытындысы да белгілі болды. Жалпы, 16 номинация бойынша үздіктер анықталып, арнайы дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.  Оның ішінде қос гран-приді қазақстандықтар иеленгенін атап өту керек.  «Үздік көркемсурет» номинациясы бойынша режиссер Шұғыла Сержаның «Самал» туындысы бас жүлде алса, «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша  «Путь» туындысының режиссері Евгений Лумпов биіктен көрінді. Бұдан өзге номинациялар ішінде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Иран, Тәжікстан, Сербия авторларының еңбектері лайықты бағасын алған.   

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3844 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
17 декабря родились
Нурлан Аханзарипов
руководитель АО "Интергаз Центральная Азия"
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить