Энергетикалық жабдықтардың тозуы электр энергиясы тарифтерінің өсуіне әкелуі мүмкін

10030

Бұл туралы деп хабарлайды Қазақмыс Энерджи

ФОТО: КЗМС Энерджи

Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі - қазақстандықтарды толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне елде энергетикалық жабдықтардың тозу деңгейі жоғары болып отыр. 

Энергетикалық жабдықты ауыстыру қажеттілігі 2011 жылдың өзінде талқыға алынған болатын. Қазақстанның сол кездегі индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев өндіруші жабдықтар орта есеппен 83%-ға, электр желілері - 65%-ға, ал жылу желілері - 80%-ға тозғанын айтқан еді. Сонымен бірге, «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС мәліметтері бойынша, 10 жыл ішінде жылу электр станцияларындағы бұл мәселе сол күйі шешімін таппаған.

Жабдықтар зейнеткерлік жасқа жетті

«Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС құрамына екі жылу электр орталығы - Жезқазған және Балқаш орталығы кіреді.

Жезқазған ЖЭО 1956 жылы пайдалануға берілген. Станция құрамына кіретін жабдықтың орташа жасы 50 жылдан асады.

1939 жылдан бастап жылу мен электр энергиясын өндіріп келе жатқан Балқаш ЖЭО-да да осындай жағдай қалыптасып отыр.

Қазақмыс Энерджиде 85% жабдықтың рұқсат етілген пайдалану мерзімі нормативтік ресурстан 1,6 есеге асатынын айта кеткен жөн. Ал жеке/рұқсат етілген пайдалану мерзіміне қатысты негізгі жабдықтың тозуы шамамен 82-95% құрайды.

Электр жабдықтарының тозу себептері

Электр станциясында 50 жылдан астам уақыт қолданыста болған негізгі жабдықтардың физикалық және моральдық тұрғыдан тозығы жеткен.

«Kazakhmys Energy» ЖШС өндірістік бөлімінің басшысы Елена Яковенко энергетикада қолданыста болған негізгі өндірістік құралдардың физикалық тозуы жоғары температура, қысым және үлкен механикалық күштің жұмсалуы салдарынан металдың тозуына байланысты орын алатынын айтуда. Нәтижесінде коррозия пайда болады. Сонымен қатар, ашық қосалқы станциялардың құрылымдары, сауыттар мен кабельдік торламаларға табиғат күштері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды шығарындылары кері әсер етуде.

ФОТО: КЗМС Энерджи

Жабдықтың моральдық тұрғыда ескіргендігіне де назар аударған жөн. Елена Яковенконың айтуынша, уақыт өте келе әрі жаңа технологиялар пайда болған сайын, өндірісте қолданылатын жұмыс машиналары мен өзге де құралдар техникалық және экономикалық сипаттамалары тұрғысынан өзектілігін жоғалтады.

«Конструкциясы дәл сондай жабдықтарды өндіруді арзандату және жаңа, неғұрлым жетілдірілген машиналарды жасау сияқты факторлардың әсерінен ескілері техникалық тұрғыдан артта қалады және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болады. Моральдық тозу формасы техникалық-экономикалық сипаттамалары жақсырақ жаңа буын жабдықтарының пайда болуына байланысты болып отыр. Бүгінде Ресейде де, Қазақстанда да қолданылып жүрген электр станциялары 40-60 жыл бұрын салынған, ол кезде экология мен қауіпсіздік талаптары қандай болуы керек екендігіне қатысты көзқарас мүлде басқа болған», - деп атап өтті маман.

«Ескірген» жабдықтарды пайдаланудың салдары қандай

Қазақмыс Энерджи компаниясының мәліметтері бойынша, 2015 жылдан 2018 жылға дейін Жезқазған және Балқаш ЖЭО электр станциялары үшін электр энергиясының тарифі 6 теңге/кВтсағ деңгейінде сақталды, ал электр энергиясының нақты құны орта есеппен 8,4 теңге/кВтсағ құрады.

2019 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифін 4,8 теңге /кВтсағ дейін төмендеткен, сол арада электр энергиясының құны алдыңғы жылдардағы деңгейінде қалды. ҚР ЭМ тарифтерді бекіту кезінде қолданыстағы ережелердің талаптары ескерілмегені, бұл өз алдына экономикалық тұрғыдан тиімсіз тарифтердің бекітілуіне әкеліп соқтырғаны атап өтілді.

Елена Яковенконың айтуынша, жылу электр станцияларында қолданылатын жабдықтың жарамдылығы тарифтердің қалыптасуымен тікелей байланысты. Мәселен, құрал-жабдықтардың физикалық тозуымен бірге техникалық, экономикалық және әлеуметтік сипаттамалардың нашарлауы, ПӘК-тің төмендеуі, баламалы отынның сыбағалы шығысының және электр энергиясын өз қажеттіліктеріне тұтыну шығысының артуы байқалады, бұл өнімнің - жылу және электр энергиясы құнының өсуіне әкеліп соқтырады. Ал бұл өз кезегінде тарифтердің өсуіне алып келеді.

«Жұмыс барысында ескі жабдық амалсыз тоқтаулар жасайды, бұл жұмсалған уақыттың ұлғаюына әкеледі. Тиісінше, жабдықтың тозуы неғұрлым көп болса, соғұрлым ол тоқтау жиілігі де көп болады. Бұл өз кезегінде ақаусыз жұмыс сағатын азайтады және жөндеу уақытын қоса алғандағы жалпы жұмыс уақытын көбейтеді. Соңғы жылдары электр энергиясының тарифтері жасанды түрде тежеліп келді. Сонымен бірге, олар ескірген жабдықты жоспарлы ауыстыру немесе жаңарту шығындарын жаппады. Энергетикалық компаниялардың шығыны миллиардтарды құрайды», - деп атап өтті Елена Яковенко.

Сонымен қатар, «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС өндірістік бөлімінің басшысы техниканың тозуы онымен тікелей жұмыс істейтін мамандарға қауіп төндіретіндігіне назар аударады. Атап айтқанда, қазандықтардың тозған жағдайы жұмыс істейтін персоналға қауіп төндіреді және апатты жағдайды тудыруы мүмкін. Сондықтан электр энергиясын өндіруге қатысатын барлық құрылғыларды ауыстыру немесе қайта құру бойынша уақытылы шаралар қабылдау өте маңызды

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить